Жақсылықова Күләй Баймендіқызы

Жақсылықова Күләй Баймендіқызы

Білім беру ғылымдарының докторы

Профессор

Жобаларды басқару институты

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Email: k.zhaxylikova@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

Жақсылықова Күләй Баймендиновна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының және «ҚР жетекші ғалымы» Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

Жақсылықова К.Б. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.  1986-1989 жылдары сол жерде оқытушы болып жұмыс істеді. 1989-1991 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Қазіргі қазақ тілі кафедрасының күндізгі аспирантурасында оқыды.  1992 жылы «Қазақ тілінің тілдік материалдарын ғылыми тұрғыда сұрыптау және ұйымдастыру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

1993-1996 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1994 жылы  ҚР ЖАК доцент атағы берілді.

2001 жылы күндізгі докторантураны бітіріп, «Қазақ тілін модульдік оқытудың ғылыми-теориялық негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.  2008 жылы ҚР ЖАК профессоры атағы берілді.

1998-2004 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті. 2004 жылдың сәуір айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдан осы күнге дейін «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының профессоры.

К. Жақсылықованың ғылыми-педагогикалық қызметінің жалпы өтілі 30 жыл. Осы жылдар ішінде ол республика үшін жоғары білікті инженерлік кадрларды дайындауда өз үлесін қосты. Профессор К. Жақсылықова қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша ғылым кандидаттары мен магистрлерді дайындады,инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілін кәсіби бағдарлы оқыту саласында ғылыми мектеп құрылды.

Ғылыми, педагогикалық және ұйымдастыру қызметі саласындағы еңбегі үшін Күләй Жақсылықова бірнеше рет ҚР БжҒМ, Сәтбаев университетінің Құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Білімі

Жоғары. Филология. КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институты, 1983

Аспирантура. (Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі) Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 1991

Докторантура. (Қазақ тілін оқыту теориясы мен әдістемесі) Казахский национальный педагогический университет имени Абая, 1998

Ғылыми жобалар

Жақсылықова Күләй – қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі саласындағы көрнекті ғалым, лексикография, терминография, когнитивті лингвистика және педагогикалық психологияға ғылыми қызығушылық танытады. Оның жеке басшылығымен әр жылдары жүргізілген жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының инновациялық дамуы үшін аса өзектілігімен мен маңыздылығымен сипатталады. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті сұранысымен «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтары тілдерін дамытуға арналған ақпараттық жүйелерді дайындау» 024 республикалық бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында орындалған «Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан үйрету мультимедиалық кешенін дайындау(мұнай-газ, құрылыс және сәулет, ақпараттық жүйелер)» жобасының  ғылыми жетекшісі(2006-2008жж.). «Мемлекеттік тілді техникалық сала мамандарына қашықтан үйрету мультимедиалық кешенін дайындау және жетілдіру (геология, таукен ісі, машинажасау, металлургия)» жобасының  ғылыми жетекшісі(2009-2011жж.).

Соңғы бес жыл ішінде оның басшылығымен әртүрлі жобалар орындалды, солардың бірі – 2015-2017 жылдарға арналған 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» республикалық бюджеттік бағдарлама аясында «Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы бойынша орындалған 2191/ГҚ4 «Терминологиялық қазақ-ағылшын-орыс-түрік-қытай гидрогеология және геоэкология сөздігін дайындау» жобасы.

Қазіргі уақытта 2018-2020 жж. арналған «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы аясындағы «Мәңгілік Ел» (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) басым бағытының «Геология, геодезия, география бойынша арнаулы лексикадағы инновациялар: біріздендіру және лексикографиялау» тақырыбындағы жобада жетекші ғылыми қызметкер ретінде орындаушы (ғыл.жетекші, ассист. проф. Удербаев А.Ж.).

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясы жанындағы Әдістемелік және терминологиялық топтың мүшесі ретінде «Қазақ әліпбиін латын жазуына кезеңмен көшірудің мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарға тікелей қатысады.

Жарияланымдар

Қ. Жақсылықованың ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелері үнемі республикалық басылымдарда, сондай-ақ жақын және алыс шетел басылымдарында жарияланады, монографияларда, ғылыми есептерде көрсетілген, авторлық куәліктері бар. Оның ішінде: 4 монография, 7 оқулық, электрондық оқулықтар, терминологиялық сөздіктер және мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесінің өзекті мәселелері бойынша 70-тен астам оқу құралы, республиканың жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде белсенді қолданылатын типтік және оқу бағдарламалары бар.

1.Theory and practice of professional-oriented communication enhancement. –  «East West» Association for Advances Studies and Higher.  Education GmbH. Vienna,   2016. – 128 p. Collective monograph.  

2. Integration of the cognitive and communicative approach in the practice of language education of students. – AD ALTA: Journal of Interdisciplinary Research. Special. ISSUE NO.: 08/01/IV. (2018, VOL. 8, ISSUE 1, SPECIAL ISSUE IV.) ISSN 1804-7890, ISSN 2464-6733 (ONLINE). Article in co-authorship. 

3. Linguistic Problems as Means of Development of Intellectual and Communicative Skills of Law Students. –Journal of Current  Science, Vol. 114, No. 3, ХХ March 2017. Article in co-authorship.  Research articles. In the Scopus database.

4. Methodological Bases of Professional Competence Formation of the Future Specialists. – Journal of Engineering and Applied Sciences, 2017, 12: Page No.: 766-768.  Article in co-authorship.  ISSN: 1816-949X. In the Scopus database. DOI: 10.3923/jeasci.2017.766.768

5. Жаңа ұлттық әліпбиді оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері. – «Қазақ жазуының тарихы және латын әліпбиіне көшудің ғылыми-тәжірибелік  негіздері». Ғылыми-әдістемелік жинақ. – Астана, 2018.- 126-131 бб. ISBN 978-601-275-870-2

6. Лексикографирование диалектной лексики в толковом словаре казахского языка. – Актуальные проблемы диалектологии языков народов России: Материалы XVIII Всероссийской научной конференции (с международным участием). Уфа: ИИЯЛ УФИЦ РАН, 2018. ISBN 978-5-91608-169-5/ Стр.110-116. в соавторстве

7. О лексико-семантическом способе образования новых терминов в области геологии. – «Сохранение и развитие родных языков в условиях многонационального государства: проблемы и перспективы» // Материалы IX Международной научно-практической конференция – Казанский Федеральный университет. Казань, Россия. 11-13.10.18. стр.  в соавторстве.

- Қазақ тілін үйретуде фразеологизмдерді ұтымды қолдану . - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның тәуелсіздігі және рухани-мәдени құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Том 2. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2021 ж. - 267-270б. ISBN 978-601- 298-950-2

- Іскери тілді студенттерге фразеологизмдер арқылы үйрету.- «Сәтбаев оқулары-2022» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми еңбектер жинағы. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2022.

 - Студенттердің іскери қатынас құзыреттілігін іскери ойындар арқылы қалыптастыру. - «Пандемия жағдайында техникалық ЖОО студенттеріне тіл үйретудің жаңа форматы: қиындықтар мен мүмкіндіктер» «Сәтбаев Оқулары - 2021» халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция.- Алматы, 2021. 1074-1080бб.

- Студенттердің іскерлік қатынас мәдениетін қалыптастыруда фразеологизмдерді қолдану. - «Сәтбаев оқулары-2020» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми еңбектер жинағы. ІІ-том. - Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, 2020. – ISBN 978-601-323-209-6. - 685-689 бб.