Жұмағалиев Біржан Изимович

Жұмағалиев Біржан Изимович

Техникалық ғылымдар кандидаты

Доцент

Қауымдастырылған профессор

Автоматика және ақпараттық технологиялар институты

«Киберқауіпсіздік, ақпараттарды өңдеу және сақтау» кафедрасы

Email: b.zhumagaliyev@satbayev.111

Кәсіби өмірбаяны

        1978 жылы Қазақ политехникалық институтын бітіргеннен кейін кәсіби қызметін Қазақ КСР Жоғары оқу орындарының бас ақпараттық-есептеу орталығында аға инженер-программист ретінде бастады. 1980 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ политехникалық институтының ғылыми-зерттеу бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап ғылыми-педагогикалық жұмыста: аға оқытушы, доцент, қауымдастырылған профессор. 2000-2001 ж. ҚазҰТУ "Техникалық кибернетика" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап экономика және білім берудің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлеумен байланысты тақырыптар бойынша бірқатар жобаларды орындауға қатысты.

Білімі

       Автоматтандырылған жүйелер мамандығы бойынша Инженер-электрик (1978 )

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты, автоматтандырылған басқару жүйелері мамандығы бойынша (салалар бойынша),1992

Ғылыми атағы: информатика, есептеу техникасы және автоматтандыру мамандығы бойынша доцент (2002)

Ғылыми жобалар

«Жеткізу-сақтау-бөлу» базалық экономикалық буынды модельдеу мен талдаудың имитациялық-аналитикалық әдістерін әзірлеу (2013-2015ж.)," Мемлекеттік даму банкінің инвестициялық бағдарламаларын компьютерлік модельдеу, талдау және оңтайландыру әдістерін әзірлеу "(2016-2018ж.ж.) жобаларына орындаушы ретінде қатысты.

                   Оқу-әдістемелік жұмыс

      "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша бірқатар әдістемелік әзірлемелердің (оқу құралдары, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, "Ақпараттық жүйелер"мамандығы бойынша пәндердің силлабустардың авторы.

Жарияланымдар

D.N. Shukayev, B.I.Zhumagaliyev,N.O. Yergaliyeva, Zh.B. Lamasheva. The extension method in flow allocation problems. Proceedings of International Conference on Electronics Technology, Computer Science and Information processing (ETCSIP 2014) April 19-20, 2014, Beijing, China. Applied Mechanics and Materials, Volumes 556 - 562. – P. 3692-3702 (https://www.scientific.net/AMM.556-562.3692)

B.I.Zhumagaliyev, Balgabayeva L.Sh.,Nabiyeva ,G.S.,Tulegenova B.A.,Oralkhan P. Experience of the Formation of Professional Competence of Students of IT – Specialties. International Science Conference. May 19-20,2014 Paris, France P.P.625-628 (https://publications.waset.org/9998305/experience-of-the-formation-of-professional-competence-of-students-of-it-specialties)

Шукаев Д.Н.,Бимурат Ж.,Жумагалиев Б.И. Оценка социальной ставки доходности на основе финансовой отчетности для формирования инвестиционного портфеля банка развития. Фундаментальные  исследования, № 4, с.146-154. 2018. РАЕ.Москва.РФ. (https://www.fundamental-research.ru/ru/article/view?id=42133)

Жумагалиев Б.И., Тулегенова Б.А. Геймификация в обучении студентов. Материалы международной научно-методической  конференции «Современное образование: повышение профессиональной компетентности преподавателей вуза – гарантия обеспечения качества образования» с.247-249. 2018.ТУСУР.Томск.РФ. (https://elibrary.ru/item.asp?id=35189381)

Жумагалиев Б.И. Применение on-line сервисов в обучении студентов. Материалы международной научно-методической конференции «Современное образование: качество образования и актуальные проблемы современной высшей школы». с.60-61. 2019. ТУСУР.Томск.РФ. (https://elibrary.ru/item.asp?id=37791033)