«Сәулет және дизайн» атты біріккен бағдарлама

Мамандықтар:

  • 5В042000 – Сәулет
  • 5В042100 – Дизайн

Өндірістік дизайн мен сәулет өнері – қазіргі заманғы жоғары сұранысқа ие мамандықтар, өйткені өндірілген өнімнің эстетикалық және эргономикалық сапасы бизнестік бәсекеге қабілеттіліктің ең маңызды факторы болып саналады.

«Сәулет және құрылыс» бағдарламасы өндірістік дизайн мен сәулет саласына қажетті мамандарды даярлайды және оның бағыты жұмыс берушілердің мамандар алдына қоятын қазіргі заманғы кәсіби талаптарына толық сай келеді.

Алғашқы екі курста бағдарлама барлық мамандықтарға бірдей жүреді. Соның арқасында студенттер өздерінің таңдаған мамандықтарының негізі ретінде тамаша теориялық-практикалық дайындықтан өтеді.

Үшінші курсқа келгенде студент өз мүмкіншілігіне, талантына және талабына сай болатын мамандықты таңдап алады.

Бағдарлама құзіреті әртүрлі дәрежедегі 4 модульден тұрады:

  1. Тілдік, коммуникативтік, гуманитарлы және жаратылыстану-ғылыми білім мен икемділік жиынтығы бар жалпы білім беру модулі.
  2. Инженерлік-техникалық және жаратылыстану-ғылыми білім мен икемділікке оқытатын ерекшеліктерді бағдарламаға енгізетін жалпы инженерлік модуль.
  3. Өнер саласында тереңдетілген білім алып, кәсіби иекмділікті үйретуге арналған жалпы көркемдік модуль.
  4. Бір немесе екі салалық бағыттағы мамандықты таңдауға көмектесетін салалық мамандандырылған кәсіби модуль. Мамандандырылған дайындық бес бағытта жүреді.

Түлектер құрылыс және жарнамалық компанияларда, өндірістік дизайнмен айналысатын кәсіпорындарында виртуальды және қосымша нақтылықты өңдеуші ретінде, сондай-ақ жасанды интеллект жүйесі саласында қызметкер ретінде жоғары сұранысқа ие болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.