Түсу туралы толық ақпарат
Қайырлы күн, құрметті талапкер!
Бәріне белгілі, Сәтбаев университеті (СУ) – Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алдыңғы қатардан орын алатын техникалық университет. Жыл сайын мемлекет бөлетін 54 000 грантқа қосымша 2018–2019 оқу жылына тағы да 20 000 грант бөлінді. Оның ішінде 11 000 грант техникалық мамандықтарға, яғни Сәтбаев университетінде оқытылатын болашақ инженер мамандарға арналған. Биылғы 2018 жылы олардың көпшілігін Сәтбаев университетінің талапкерлері таңдап алғаны – қуанышты жағдай. Соның арқасында университет өз кезегінде талапкерлерге, магистранттар мен докторанттарға гранттық негізде тегін оқуға мүмкіндік беріп отыр. ҚР Білім және ғылым министрлігі атап өткендей, алдағы уақытта да техникалық мамандықтарға деген сұраныс өсе түседі.
Сәтбаев университеті негізінен үш бағдарлама бойынша білім береді: бакалавриат, магистратура және докторантура. Сонымен қатар колледжді бітіргендер үшін арнайы оқу бағдарламасы және онлайн-форматта екінші жоғары білім алу бағдарламасы бар.
Бағдарламалар бойынша оқу мерзімі:
Бакалавриат – 4 жыл.
Колледжден кейінгі бакалавриат – 3 жыл.
Екінші жоғары білім (дистанциондық технология бойынша оқу) – 2 жыл.
Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл.
Бейінді магистратура – 1 жыл және 1,5 жыл.
Докторантура – 3 жыл.
Оқу түрі: күндізгі
Оқу шарты: мемлекеттік грант негізінде немесе келісім-шарт негізінде.
Университетке құжаттарды тапсыру үшін kb.satbayev.university сайтында тіркеуден өту керек, тіркелу рұқсатын алғаннан кейін қабылдау комиссиясына барлық құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариальды түрде бекітілген көшірмелерін тапсыру керек. Гранттық негізде оқуға түсу үшін, ҚР БжҒ министрлігі белгілеген мерзімде мемлекеттік білім беру гранттарына арналған байқауға қатысу үшін өтініш толтыру керек.
Қабылдау комиссиясына тапсырылатын құжаттарды жеке-жеке файлдарға, бір папкаға толтырады. Сыртқы бетіне: талапкердің аты-жөні (толықтай); білім беру бағдарламасының шифры мен атауы; мекенжайы; қала коды; телефоны; ұялы телефоны, электрондық мекенжайы және оқуға түскен жылы жазылады.
Сәтбаев университетіне қош келдіңіздер!
Бакалавриат
Бакалавриат бағдарламасына жалпы орта білімі, бастапқы кәсіби және техникалық (немесе орта кәсіби техникалық), орта мектептен кейінгі, жоғары (кәсіби жоғары) білімі бар азаматтар қабылданады. Мектеп түлектері қорытынды емтихандармен қатар жоғары оқу орнына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Жоғары оқу орнын бітірген түлектер бакалавр дәрежесін алып шығады. Екінші жоғары білім Қазақстанда ақылы түрде беріледі және жылдамдатылған бағдарлама бойынша 2–3 жыл оқытылады.
Оқуға құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 25 тамызға дейін жүргізіледі. Алайда кейбір түсу емтихандарына шектеу қойылып, осы аралықта белгілі бір кезеңдерде жүреді. Сондықтан та қажетті кезеңді қабылдау комиссиясынан нақтылап білу керек. Ал грантқа ие болғаны туралы толық шешім тамыз айының басында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты:
Түсу кезеңі: |
Даталар |
Қажет құжаттар және емтихандар |
Былтырғы жылғы түлектер, колледж немесе техникум бітіріп келген талапкерлерден ҰБТ-ға өтініш қабылдау. Биыл 11-сынып бітірген түлектер ҰБТ-ға өтінішті мектеп әкімшілігі арқылы тапсырады. |
1 сәуірден – 10 мамырға дейін |
1) белгіленген үлгі бойынша өтініш; 2) 3x4 көлеміндегі екі фотосурет; 3) алған білімі туралы аттестат (түпнұсқа); 4) жеке куәлігінің көшірмесі; 5) 086-У үлгідегі медициналық анықтама; 6) тест тапсыру үшін төленген ақшаның түбіртегі. |
ҰБТ өткізу |
20 маусымнан – 5 шілдеге дейін |
Толық білім беру жүйесіне оқуға түсетіндер үшін: Қазақстан тарихы Оқу сауаттылығы Математикалық сауаттылық 2 бейінді пән
Қысқартылған білім беру жүйесіне оқуға түсетіндер үшін: Жалпы кәсіби пән Оқу сауаттылығы Қазақстан тарихы 2 бейінді пән Арнайы пән
Шығармашылық білім беру бағдарламасына оқуға түсетіндер үшін: Оқу сауаттылығы Қазақстан тарихы Арнайы пән |
Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініш қабылдау |
20 маусымнан – 7 шілдеге дейін |
|
Шығармашылық емтихан өткізу |
8 – 13 шілде |
|
Грант конкурсына өтініш қабылдау мерзімі |
13 – 20 шілде |
1) белгіленген үлгі бойынша өтініш; 2) білімі туралы құжат (түпнұсқа); 3) ҰБТ сертификаты; 4) 086-У үлгідегі медициналық анықтама; 5) жеке куәлігінің көшірмесі; 6) IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT сертификаттарының көшірмесі (бар болса). |
Конкурс өткізу мерзімі |
21 шілдеден 1 тамызға дейін |
|
Оқуға түскен студенттерді жоғары оқу орнына тіркеу |
10 – 25 тамыз |
1) білімі туралы құжат (түпнұсқа); 2) 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет; 3) 086-У үлгідегі медициналық анықтама; 4) ҰБТ сертификаты; 5) тізімдеме мәліметі (арнайы және (немесе) шығармашалық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетіндер үшін); 6) білім беру грантына ие болғандығы туралы куәлік (бар болса); 7) IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT халықаралық сертификаты (бар болса). |
ҰБТ-ны қайтадан тапсыруға өтініш қабылдау |
25 шілде – 3 тамыз |
|
ҰБТ-ны қайтадан тапсыру |
17 – 20 тамыз |
|
ҰБТ-ға өтініш қабылдау |
1 – 15 желтоқсан |
|
ҰБТ өткізу |
15 – 20 қаңтар |
|
Шет тілдерде ұсынылған құжаттардың қазақша немесе орысша аудармасы нотариат тарапынан куәландырылған болуы керек.
ҰБТ мтапсыру
ҰБТ-да жалпы білім беру мектептерінің оқу бағдарламасын ағымдағы жылы толық меңгерген түлектер арасында меншік нысанына немесе ведомстволық бағыныштылық түріне қарамастан жүргізіледі.
ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 1 сәуірден – 10 мамырға дейін қабылданады. ҰБТ 20 маусымнан бастап, 5 шілдеге дейін өтеді. Тест тапсыру ақылы түрде жүреді – 2242 теңге. Сонымен қатар «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның терминалы арқылы да төлеуге болады.
Биылғы жылы ҰБТ форматы өзгерген жоқ, алайда ЖОО-на түсу үшін берілетін мемлекеттік гранттар бұрын тек мамандықтар бойынша ғана бөлінетін еді, ал қазір – білім беру бағдарламаларының топтарына қарай бөлінеді. Әрбір топқа ЖОО-ның бір немесе бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Енді оқу түскен кезде талапкер оқу бағытын ғана таңдап, барлық топ бірге оқиды, тек 3-курсқа келгенде ғана мамандық бойынша бөлінеді.
Осылайша, егер талапкер маусым айындағы ҰБТ-да Математика + Физика пәндерін таңдаған болса, онда берілген бірнеше білім беру бағдарламаларының ішінен біреуін таңдау мүмкіндігі бар. Осыған орай талапкер таңдаған жоғары оқу орнына оңай түсу үшін қосымша мүмкіндіктер пайда болды.
ҰБТ жаңа форматының негізгі ережелері:
- ЖОО түсу үшін енді ҰБТ-ны жылына төрт рет тапсыруға болады;
- Әрбір тапсырған сайын әртүрлі бейінді пәндерді де таңдауға болады;
- Білім беру гранттарының байқауына ҰБТ-ны тек жазғы кезеңде (20 маусымнан 5 шілдеге дейін) тапсырып, шектік балл жинаған талапкерлер ғана қатыса алады;
- Техникалық және кәсіби орта білім беру орындарының түлектері ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО-на тек ақылы оқу түріне ғана түсіп, өз мамандығына қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады. ЖОО тіркелу үшін сол оқыған оқу орнында тапсырған емтихандардың нәтижесі жеткілікті болады;
- Кешенді тест тапсыру қазір ҰБТ-мен біріктірілді.
Жиындық қорытынды аттестация мектептерде тест күйінде мына пәндер бойынша тапсырылады:
- Ана тілі мен әдебиеті (жазбаша эссе түрінде);
- Орыс, ұйғыр, тәжік тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен (тестілеу);
- Қазақстан тарихы (ауызша емтихан);
- Алгебра және анализ бастамалары (жазбаша);
- Таңдау бойынша бір пән (физика, химия, биология, география, геометрия, дүние жүзі тарихы, әдебиет, информатика, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс).
ҰБТ тапсыруға жалпы білім беретін мектептердің барлық түлектері қатыстырылады.
ҰБТ форматы екі бөлім тұрады. Құрамында 20 тапсырмасы бар 3 міндетті пән бойынша:
- математикалық сауаттылық;
- оқу сауаттылығы (жалпылау, салыстыру және салғастыру жөніндегі білімін тексеру);
- Қазақстан тарихы.
Құрамында 30 тапсырмасы бар 2 бейінді пән бойынша:
- математика және физика;
- математика және география;
- тарих және география;
- биология және химия;
- биология және география;
- шет тілі және тарих;
- оқу тілі, әдебиет және тарих;
- география және шет тілі;
- химия және физика;
- тарих және Адам. Қоғам. Құқық.
Сәтбаев университетінде физика, математика, география және химия бейінді пәндер болып саналады.
Колледж түлектері сол алған мамандықтары бойынша әрі қарай жоғары оқу орнына түсетін болса, онда 2 бейінді пәннен ғана түсу емтихандарын тапсырады. Ал егер де басқа мамандықты таңдайтын болса, онда ҰБТ бойынша толық емтихандарды тапсырады.
Барлығы 120 сұрақ. Тапсырма дұрыс орындалған кезде қойылатын баға: берілген 5 жауаптан 1 дұрыс жауап таңдалса – 1 балл, берілген бірнеше жауаптардан 1 немесе бірнеше дұрыс жауап таңдалса – 2 балл.
Тест тапсыруға келген кезде өзімен бірге болу керек: жеке куәлік, тест тапсыруға рұқсат берілген қағазы, қара немесе көк сиялы қалам.
Тест тапсыруға берілетін уақыт – 3 сағат 50 минут. Ең жоғары балл – 140 балл (бейінді пәндер бойынша берілген дұрыс жауаптардың есебінен). Шығармашылық емтихан тапсыруды қажет ететін мамандықтарға түсу үшін ең жоғары балл – 120 балл.
Грант алу байқауына қатысу үшін қажет ең төменгі балл – 65 балл. Бейінді мамандықтарға түсу үшін шектік балл – 5 балл.
Осы шектік баллды ала алмаған талапкер 2019 жылы тамыз айында немесе 2020 жылы қаңтар айында ҰБТ-ны қайтадан ақылы түрде тапсыруға құқылы. ҰБТ-ны қайтадан тапсыру құны – 2242 теңге.
Егер де белгілі бір себептермен талапкер өзіне тиесілі пунктте ҰБТ-ға қатыса алмай қалса, онда комиссияның шешімі бойынша ол келесі күні басқа пунктте тапсыруға құқылы. Ұқсас бағыттар бойынша қысқартылған оқу мерзім ішінде мамандар даярлайтын жоғары білім беру бағдарламаларына түсетіндер ҰБТ нәтижесінде кем дегенде 25 балл жинаулары керек, оның ішінде жалпы кәсіби пән бойынша кем дегенде 5 балл және арнайы пәннен де кем дегенде 5 балл болуы керек. Бұған шығармашылық емтиханды талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары есепке алынбайды.
Тест тапсырушылардың сұрақтары тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептерге қатысты болса ғана апелляционная комиссия олардың өтініштерін қабылдап, талапкерге қосымша балл қосу туралы шешім қабылдайды және апелляцияның қорытындысын жариялайды.
Апелляция қатысты өтінішті тест тапсырушы апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке өз атынан жазып тапсырады. Тест тапсырмаларының мазмұны мен техникалық себептерге қатысты өтініш тест тапсырмаларының нәтижесі шыққаннан кейінгі ертеңгі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданып, сол күні апелляциялық комиссия оны қарастырады. Өтініш берушіде өзімен бірге жеке куәлік пен ҰБТ-ға қатысуға рұқсат берілген қағазы болуы керек.
Бакалавриаттың 2019–2020 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының тізімі
№ |
Қ.И.Сәтбаев атындағы Satbayev University-дың білім беру бағдарламаларының атауы |
Білім беру |
Білім беру бағдарламалары тобының атауы |
Бейінді пәндер |
Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру мамандықтарының классификаторы бойынша мамандықтардың коды мен атауы (2009 ж.) |
|
1 |
Сәулет және дизайн |
В031 |
Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн |
Арт-жоба туралы реферат немесе презентация; Коллоквиум |
5В042100 |
Дизайн |
2 |
Сәулет және дизайн |
В073 |
Сәулет |
Сурет; Сызу |
5В042000 |
Сәулет |
3 |
Математикалық экономика және мәліметтер анализі |
В044 |
Менеджмент және басқару |
Математика; География |
5В050600 |
Экономика |
4 |
Математикалық экономика және мәліметтер анализі |
В046 |
Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі |
Математика; География |
5В050900 |
Қаржы |
5 |
Математикалық экономика және мәліметтер анализі |
В057 |
Ақпараттық технологиялар |
Математика; Физика |
5В070500 |
Математикалық және компьютерлік модельдеу |
6 |
Математикалық және компьютерлік модельдеу |
В057 |
Ақпараттық технологиялар |
Математика; Физика |
5В070500 |
Математикалық және компьютерлік модельдеу |
7 |
Химиялық және биохимиялық инженерия |
В050 |
Биологиялық және аралас ғылымдар |
Биология; Химия |
5В070100 |
Биотехнология |
8 |
Химиялық және биохимиялық инженерия |
В051 |
Қоршаған орта |
Биология; География |
5В060800 |
Экология |
9 |
Химиялық және биохимиялық инженерия |
В060 |
Химиялық инженерия және үдерістер |
Химия; Физика |
5В072000 |
Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы |
5В072100 |
Органикалық заттардың химиялық технологиясы |
|||||
10 |
Компьютерлік ғылымдар |
В057 |
Ақпараттық технологиялар |
Математика;
Физика |
5В060200 |
Информатика |
5В070300 |
Ақпараттық жүйелер |
|||||
5В070400 |
Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету |
|||||
11 |
Ақпараттық қауіпсіздік |
В058 |
Ақпараттық қауіпсіздік |
Математика; Физика |
5В100200 |
Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері |
12 |
Телекоммуникация |
В059 |
Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар |
Математика; Физика |
5В071900 |
Радиотехника, электроника және телекоммуникация |
13 |
Автоматтандыру және роботтау |
В063 |
Электротехника және автоматизация |
Математика; Физика |
5В070200 |
Автоматтандыру және басқару |
5В071600 |
Аспап жасау |
|||||
14 |
Робототехника және мехатроника |
В064 |
Механика және металл өңдеу |
Математика; Физика |
5В071600 |
Аспап жасау |
15 |
Электроника және электротехника |
В063 |
Электротехника және автоматтандыру |
Математика; Физика |
5В071900 |
Радиотехника, электроника және телекоммуникация |
16 |
Инженерлік физика және материалтану |
В061 |
Материалтану және технологиялар |
Математика; Физика |
5В071000 |
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы |
5В072300 |
Техникалық физика |
|||||
17 |
Энергетика |
В062 |
Электротехника және энергетика |
Математика; Физика |
5В071700 |
Жылу энергетикасы |
5В071800 |
Электроэнергетика |
|||||
19 |
Инженерлік механика |
В064 |
Механика және металл өңдеу |
Математика; Физика |
5В071200 |
Машина жасау |
20 |
Индустриялық инженерия |
В064 |
Механика және металл өңдеу |
Математика; Физика |
5В073800 |
Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы |
5В071200 |
Машина жасау |
|||||
21 |
Индустриялық инженерия |
В069 |
Материалдар өндіру (әйнек, қағаз, пластик, ағаш) |
Математика; Физика |
5В073800 |
Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы |
5В072500 |
Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы (қолдану салалары бойынша) |
|||||
22 |
Индустриялық инженерия |
В076 |
Стандарттау, сертификация және метрология (сала бойынша) |
Математика; Физика |
5В073200 |
Стандарттау және сертификация (сала бойынша) |
23 |
Эксплуатациялық-сервистік инженерия |
В064 |
Механика және металл өңдеу |
Математика; Физика |
5В072400 |
Технологиялық машиналар және жабдықтар |
24 |
Көлік инженериясы |
В065 |
Автокөлік құралдары |
Математика; Физика |
5В071300 |
Көлік, көліктік техника және технологиялар |
25 |
Көлік инженериясы |
В095 |
Көлік салықтары |
Математика; География |
5В090900 |
Логистика (сала бойынша) |
5В090100 |
Жүк тасымалын, көлік қозғалысын ұйымдастыру және оны қолдану |
|||||
26 |
Мұнай инженериясы |
В071 |
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
Математика; Физика |
5В070800 |
Мұнай-газ ісі |
27 |
Тау-кен инженериясы |
В071 |
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
Математика; Физика |
5В070700 |
Тау-кен ісі |
28 |
Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту |
В071 |
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
Математика; Физика |
5В070900 |
Металлургия |
5В073700 |
Пайдалы қазбаларды байыту |
|||||
29 |
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу |
В071 |
Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
Математика; Физика |
5В070600 |
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу |
30 |
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу |
В052 |
Жер туралы ғылым |
Математика; География |
5В070600 |
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу |
31 |
Мұнай-газ және кен геофизикасы |
В071 |
Тау-кен ісі және пайдалы қазбалар өндіру |
Математика; Физика |
5В070600 |
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу |
32 |
Құрылыс инженериясы |
В074 |
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
Математика; Физика |
5В072900 |
Құрылыс |
5В073000 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру |
|||||
5В075200 |
Инженерлік жүйелер мен желілер |
|||||
5В072500 |
Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы (қолдану салалары бойынша) |
|||||
33 |
Геокеңістіктік сандық инженерия |
В074 |
Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
Математика; Физика |
5В071100 |
Геодезия и картография |
34 |
Геокеңістіктік сандық инженерия |
В075 |
Кадастр және жерге орналастыру |
Математика; География |
5В090700 |
Кадастр |
5В090300 |
Жерге орналастыру |
2019 жылы Сәтбаев университетіне грантқа түсу үшін болған шектік балл?
Бұл сұраққа дәл қазір жауап беру өте қиын, өйткені гранттар байқау негізінде бөлінеді, соған байланысты шектік балл да жыл сайын өзгеріп тұрады. Әрине, 2018 жылғы гранттың шектік балл көлеміне қарап шамалауға болады. Мысалы, тіпті ең жоғары сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі» мамандығына өту үшін небары 68 балл жеткілікті болды. Ал биылғы жылы Сәтбаев университеті білім беру бағдарламаларының жаңа жүйесін енгізіп отыр.
Енді университетке оқуға түскен кезде Сіз белгілі бір бағытты таңдап, сол жылы түскен барлық студенттермен бірге оқитын боласыз. Тек 3-курсқа келген кезде ғана өз бағытыңыз бойынша мамандық таңдап, сол бойынша оқитын боласыз. Бұл әдіс мамандық таңдауды әрі оқуға түсуді жеңілдетеді. Былтырғы жылы техникалық мамандықтарға қосымша 11 мың грант бөлінгенін есепке алатын болсақ, биылғы жылы оқуға түсу тіпті де оңай болмақ. Мысалы, еңбек нарығында бағдарламашыларға деген сұраныстың жоғары болуына байланысты «Компьютерлік ғылымдар» бағдарламасына енетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығына түсу үшін небары 66 балл жеткілікті болды.
2019 жылы Сәтбаев университетіне грантқа оқуға түсуге белгіленген шектік балл мөлшері
Білім беру бағдарламаларының атауы |
Білім беру бағдарламаларының топтары |
ҚР бойынша гранттар саны |
СУ гранттарының саны |
Шектік балл |
|
max |
min |
||||
В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі |
195 |
2 |
129 |
114 |
|
В073 Сәулет |
100 |
28 |
117 |
88 |
|
В076 Стандартизация, сертификация және метрология |
300 |
12 |
131 |
83 |
|
В050 Биологиялық және аралас ғылымдар |
640 |
41 |
124 |
78 |
|
В095 Көлік қызметтері * |
527 |
13 |
125 |
73 |
|
В063 Электротехника және автоматтандыру |
650 |
149 |
128 |
72 |
|
В058 Ақпараттық қауіпсіздік |
676 |
113 |
131 |
71 |
|
В051 Қоршаған орта |
300 |
20 |
123 |
68 |
|
В057 Ақпараттық технологиялар* |
2876 |
255 |
134 |
66 |
|
В059 Коммуникациялар және коммуналды технологиялар * |
500 |
41 |
132 |
66 |
|
В060 Химиялық инженерия және үрдістер |
669
|
22 |
130 |
66 |
|
В052 Жер туралы ғылым |
400 |
44 |
120 |
66 |
|
В074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс |
2500 |
424 |
133 |
65 |
|
В071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру |
1820 |
552 |
129 |
65 |
|
В075 Кадастр және жерге орналастыру * |
200 |
55 |
128 |
65 |
|
В065 Автокөлік құралдары * |
550 |
55 |
123 |
65 |
|
В061 Материалтану және технологиялар |
300 |
44 |
122 |
65 |
|
В062 Электротехника және энергетика * |
1675 |
204 |
122 |
65 |
|
В064 Механика және металл өңдеу |
1953 |
216 |
120 |
65 |
|
В069 Материалдар өндірісі * |
200 |
13 |
90 |
65 |
|
Жалпы: |
17031 |
2303 |
2019 жылғы жаңа білім беру бағдарламалары бойынша гранттар саны
Білім беру бағдарламалары топтарының номері | Білім беру бағдарламалары топтарының атауы | Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Білім беру бағдарламаларының атауы | ҚР-ның 2019 жылғы гранттары | ||||
Барлығы | Толық оқу | Қысқартылған оқу | |||||
Қаз. | Орыс. | Қаз. | Орыс. | ||||
В031 | В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны | Сәулет және дизайн | 80 | 37 | 13 | 22 | 8 |
В044 | Менеджмент және басқару | Математикалық экономика және мәліметтер анализі | 375 | 281 | 94 | ||
В046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Математикалық экономика және мәліметтер анализі | 195 | 146 | 49 | ||
В050 | Биологиялық және аралас ғылымдар | Химиялық және биохимиялық инженерия | 640 | 465 | 155 | 15 | 5 |
В051 | Қоршаған орта | Химиялық және биохимиялық инженерия | 300 | 217 | 73 | 7 | 3 |
В052 | Жер туралы ғылым | Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау | 400 | 292 | 98 | 7 | 3 |
В057 | В057 Ақпараттық технологиялар | Компьютерлік ғылымдар; Математикалық экономика және мәліметтер анализі; Математикалық және компьютерлік модельдеу | 2876 | 2045 | 681 | 112 | 38 |
В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | Ақпараттық қауіпсіздік | 676 | 431 | 145 | 75 | 25 |
В059 | Коммуникация және коммуникациялық технологиялар | Телекоммуникация | 500 | 375 | 125 | ||
В060 | Химиялық инженерия және үдерістер | Химиялық және биохимиялық инженерия | 669 | 465 | 154 | 37 | 13 |
В061 | Материалтану және технологиялар | Инженерлік физика және материалтану | 300 | 225 | 75 | ||
В062 | Электротехника және энергетика | Энергетика; Электроника және электротехника | 1675 | 1237 | 413 | 19 | 6 |
В063 | Электротехника және автоматтандыру | Автоматтандыру және роботтау; Электроника және электротехника; Робототехника және мехатроника | 650 | 473 | 157 | 15 | 5 |
В064 | Механика және металл өңдеу | Эксплуатациялық-сервистік инженерия; Робототехника және мехатроника; Инженерлік механика; Индустриялық инженерия | 1953 | 1405 | 468 | 60 | 20 |
В065 | Автокөліктік құралдар | Көліктік инженерия | 550 | 375 | 125 | 37 | 13 |
В069 | Материал өндірісі (әйнек, қағаз, пластик, ағаш) | Индустриялық инженерия | 200 | 135 | 45 | 15 | 5 |
В071 | Горное дело и добыча полезных ископаемых | Мұнай инженериясы; Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау; Мұнай-газ және кен геофизикасы; Тау-кен инженериясы; Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту | 1820 | 1327 | 443 | 37 | 13 |
В073 | Сәулет | Сәулет және дизайн | 100 | 75 | 25 | ||
В074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Құрылыс инженериясы; Геокеңістіктік сандық инженерия | 2500 | 1837 | 613 | 37 | 13 |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру | Геокеңістіктік сандық инженерия | 200 | 150 | 50 | ||
В076 | Стандарттау, сертификация және метрология (сала бойынша) | Индустриялық инженерия | 300 | 187 | 63 | 37 | 13 |
В095 | Көлік қызметі | Көлік инженериясы | 527 | 358 | 119 | 37 | 13 |
ИТОГО | 17 486 | 12 538 | 4 183 | 569 | 196 |
ҰБТ нәтижелері
Грантқа ие болу үшін негізінен ҰБТ емтихандары кезінде жиналған балл жиыны әсер етеді. Орташа алғанда 65-тен бастап 90-нан жоғары балл жинаған талапкерлер ғана грантқа қол жеткізе алады. Бұл балл жиындарын төмендегі пәндерді тапсыру арқылы жинақтайды:
- Қазақстан тарихы;
- Математикалық сауаттылық;
- Оқу сауаттылығы;
- Бейінді пән;
- Бейінді пән.
Егер де ҰБТ кезінде талапкер әрбір жеке пәннен 5-тен төмен балл алған болса, онда ол грант байқауына жіберілмейді.
Ерекше көңіл бөлетін жағдай: талапкер әрбір жеке пән мен бейінді пәндерден де 5 және одан жоғары балл алуы тиіс.
Колледж түлектері жоғары оқу орнына түсу үшін тек екі пәннен ғана емтихан тапсырады. Сондықтан да, егер мектеп бітірушілер үшін ең жоғары балл – 140, ал шектік балл – 65 болса, колледж түлектері үшін ең жоғары балл – 70, ал шектік балл – 25 болады деп белгіленген.
ҰБТ нәтижесі бойынша бұл шектік баллды жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орнының күндізгі оқу бөліміне тек ақылы негізде ғана оқуға түсе алады да, қаңтар айында ҰБТ қайтадан тапсыратын болып шарттасады.
Жалпылама негізде байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар жиыны
ҰБТ нәтижесі бойынша сертификат алған талапкерлер грант алу байқауына қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсырады:
- Жалпы білім беретін орта мектепті немесе бастапқы кәсіби оқу орнын бітіргені туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- ҰБТ нәтижесі бойынша берілген сертификат;
- Талапкердің жеке куәлігі (түпнұсқа мен көшірмесі);
- № 086/у үлгісіндегі медициналық анықтама флюорография суретімен;
- 3х4 көлемді екі фотосурет;
- Байқауға қатысу үшін өтініш (үлгісін қабылдау комиссиясы береді).
Жеңілділігі бар талапкерлерге арналған құжаттар жиыны
Жеңілділігі бар талапкерлер (жетім балалар) мына құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін тапсырулары тиіс:
- Туу туралы куәлік;
- Әкесінің немесе шешесінің қайтыс болғаны жөніндегі куәлік.
Бала кезінен мүгедек, І және ІІ топтағы мүгедектер мына құжаттың түпнұсқасын тапсырады:
- МСЭК анықтамасы.
Сәтбаев университетінің Әскери іс институтында оқығысы келетін және медициналық байқаудан толық өткен студенттер белгіленген нормативтерге сәйкес физикалық дайындығы жөнінде тест тапсырады да, байқау арқылы іріктеп алу негізінде орынға ие болады.
Физикалық дайындық нормативтерінің кестесі
№ |
Тест мазмұны |
Тест бағасы |
|||
5 |
4 |
3 |
2 |
||
1 |
100 м-ге жүгіру (секунд) |
13,2 |
13,5 |
14,2 |
14,5 |
2 |
3000 м-ге жүгіру (минут) |
12,32 |
13,00 |
13,40 |
14,04 |
3 |
12 минут бойы жүгіру (км) |
3-2,75 |
2,75-2,5 |
2,5-2,2 |
2,2-2,1 4 |
4 |
Орнында тұрып, ұзынынан секіру (м) |
2,5 |
2,35 |
2,2 |
2,05 |