KAZ | RUS | ENG

Digitalization for smarter education

Teaching English

in the Era of Digitalization

 

SU және ҚНУ-дің бірінші халықаралық конференциясы

Өткізілу күні: 2019 жылдың 24-25 қазаны

Ақпараттық және сандық технологиялардың пайда болуы мен қарқынды дамуы арқасында, олардың қолданысына үлкен қажеттілік тууда, әсіресе білім саласында.

Бұл конференцияның мақсаты шет тілдерін оқытуда инновациялық сандық технологияларды қолданып, заманауи ғылыми және қолданбалы үрдістерді талқылау үшін Қазақстан Республикасы мен басқа елдердің эксперттерін, ғалымдары мен тәжірибешілерін біріктіру болып табылады.

Конференцияның тапсырмалары: жиналған тәжірибелермен алмасу, дигитализация дәуіріндегі шет тілдерін оқыту кезінде шақыруларды талқылау мен конструктивтік шешімдерді іздестіру, ынтымақтастықты бекіту және бірлескен зерттеулердің потенциалдық бағыттарын анықтау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Digitalizing FL teaching in Kazakhstan: challenges and goals
  2. Theories and practice of language acquisition in digital environment
  3. Exploring a new role for teachers: teaching digital natives
  4. The digital divide in classrooms: students vs. teachers
  5. Pitfalls of digital transformation in FL acquisition
  6. Contribution of digital technologies to autonomous language learning
  7. Technologies in a flipped classroom
  8. Digital opportunities for foreign language teacher development

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Тезистерді ресімдеу бойынша:

Конференцияға қатысу үшін өтінімнің онлайн формасын толтырып, 300 сөз көлемінен асырмай өз тезистеріңізді 2019 жылдың 16 қыркүйегіне дейін бекіту қажет. Тезистер баяндаманың қысқаша мазмұны мен маңызды сөздер тізімінен (7-ден аспауы тиіс) құрылуы керек. Баяндаманы конференцияның бағдарламасына қосу туралы әкімшілік комитет 2019 жылдың 1 қазанына дейін хабарлайды. Конференцияның аяқталуынан кейін, нәтижелер бойынша оның материалдарын жариялау жоспарлануда.

Конференцияның өткізілу орыны:

Satbayev University, Алматы қ., Сәтпаев көш., 22a және Қазақстан-Неміс университеті, Алматы қ., Назарбаев д-лы,173

Маңызды күндер:

Тезистер мен өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың 16 қыркүйегі

Іріктелген қатысушыларды хабарландыру  – 2019 жылдың 1 қазаны

Мақалаларды тапсырудың соңғы мерзімі – 2019 жылдың 25 қарашасы

Конференцияның өткізілу күні: 2019 жылдың  24-25 қазаны

Конференцияның әкімшілік комитеті:

Насырова Раушан (СУ) +7 707 636 8893

Акмурзина Динара (СУ) +7 747 653 9426

Токбергенова Бахыткуль (ҚНУ) +7 701 627 0074

email: conference2019su@gmail.com

Мақалаларды ресімдеуге қойылатын талаптар

  • Мақала түпнұсқалық материалболуы керек және өзге конференциялар немесе жарияланымдарға ұсынылмауы қажет.
  • Мақалаңызды жібермес бұрын оның емлелік және грамматикалық қателіктерінің мұқият тексерілгеніне көз жеткізіңіз, ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болмаса, онда оған көбірек көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Ағылшын тілі деңгейі жарияланымға жеткіліксіз болған жағдайда құжаттар қайтарылады.
  • Мақала conference2019su@gmail.com.электрондық поштасына ұсынылуы тиіс.  Мақала жіберудің соңғы мерзімі -2019 жылдың 25-інші қарашасы.
  • Құжатты PDF форматында немесе мұрағат файлымен жібермеу керек. Аңдатпа, суреттер, әдебиет тізімі мен қосымша енген А4 пішіміндегі мақала 5-7 беттен аспауы тиіс. Microsoft Word форматындағы құжат, Times New Roman қарпі, интервалы дара және барлық жағынан өрісі 2 см-ден, негізгі мәтінде кеглі 12, ені бойынша тураланады. Колонтитулдар, бағаналар немесе беттердің нөмірлерін қоймаңыз.
  • Мақала тақырыбы қалың қаріппен БАС әріптермен тура ортада жазылады. Автордың аты — жөні, мекемесі, қаласы, елі — төменгі жақтың оң жағында. Төменірек –300 сөзден тұратын түйіндеме және 7 кілт сөз немесе сөз тіркестері.
  • Суреттер мен кестелердің атаулары болуы қажет және мәтіндегі сілтемелерге мүмкіндігінше жақын орналасуы тиіс. Суреттер негізгі мәтінге енгізіледі, сондай-ақ кез келген графикалық форматтағы жеке файлдармен қоса берілуі тиіс (.gif, .jpg, .bmp, .pct, .png, psd).
  • Сілтемелер Harvard стилін ұстануға тиіс, мәтіндегі бастапқы сілтемелер (Brooks 1997) пішімінде болады, содан кейін төмендегі мысалдарда көрсетілгендей мақаланың соңында аталып өтілуі тиіс:

Brooks, I. and Weatherston, J. (1997) The Business Environment: Challenges and Changes, Prentice Hall, London.

Brown, S.L. and Eisenhardt, K.M. (1998) Competing on the Edge: Strategy as Structured Chaos, Harvard Business School Press, Boston.

Clutterbuck, D. and Crainer, S. (1990) Makers of Management: Men and Women who Changed the Business World, MacMillan, London.

Мақала conference2019su@gmail.com электрондық поштасына ұсынылуы тиіс.  

Мақала жіберудің соңғы мерзімі -2019 жылдың 25-інші қарашасы. 

Негізгі баяндамашылар

Мартин Кертис

 

Oxford University Press Орта Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Оксфорд Академиясының мұғалім жаттықтырушысы 

  • Ливанда (Бейрут) өткен ATEL конференциясының пленарлық баяндамашысы;
  • Сауд Арабиясының ірі университеттерінде 8000 студентке арналған «Foundation Year» бағдарламасының оқу жоспарын жасауға қатысты;
  • IELTS «Train the Trainer» бағдарламасын басқарды;
  • «Amazing Minds North Africa 2011» (Марокко), «Amazing Minds Middle East» (Иордания), «Amazing Minds Gulf 2012» (Дубай) конференцияларында негізгі баяндамашы болды;
  • Катарда SEC бағдарламасын ұлттық деңгейде іске асыру мақсатында оқыту жұмысын басқарды;
  • Абу-Даби Университетінде іскери ағылшын тілін оқыту бөлімінің басқарушысы болды;
  • Ресей бойынша мұғалімдер тобын бақылап, қолдады;
  • Ресей, БАӘ, Греция, Парсы шығанағы елдерінде, Қырғызстанда және Қазақстанда мұғалімдерге арналған тренингтер өткізді.

Ричард Харрисон

 

Ричард Харрисон — Маскат, Оман және Лондонда жұмыс істейтін автор, баспагер және мұғалім.

30 жылдан астам уақыт ішінде ол Парсы шығанағы аймағындағы Сауд Арабиясы, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оман университеттерінде жұмыс істеді.

1994 жылдан 1997 жылға дейін Ресейдегі Британ Кеңесінің ESP кеңесшісі болды.

Ричард Харрисон Headway Academic Skills (OUP), Keep Writing and English Please (Pearson) оқулықтарының авторы.

Сербин Василий Валерьевич

 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті  «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор,  техника ғылымдарының кандидаты,  еңбек сіңірген ғылым мен техника  қайраткері,  Ресей жаратылыстану академиясының профессоры.

Ғалымның  қызығатын ғылыми салалары: білім беруді ақпараттандыру, ақпараттық-білім беру жүйелері, биснес-процестерді автоматтандыру, оқытуда жасанды интеллектіні қолдану, үлкен дерекқорлар, шешім қабылдаудың көп өлшемшартты әдістері, машиналық оқыту, M-Learning, күмәндану теориясы және т.б.

Баяндама тақырыбы: «М-Learning негізінде оқытудың инновациялық әдістері»

Татьяна Летяйкина

 

2015 жылдан бері Қазақстандағы ағылшын тілі мұғалімдері Қоғамдастығының (КазТЭА)  Президенті.

Аталмыш лауазымда жүріп Татьяна Адыгамқызы бүкіл Қазақстан бойынша EFL мұғалімдеріне арналған жобаларға бастамашылық етіп қана қоймай, сондай-ақ оларды  жүзеге асыруға үлес қосты. Жыл сайынғы KazTEA конференцияларынан басқа, ол Қазақстанның бес аймағында “Village Projects” жобаларын, Шымкент қаласында EFL мұғалімдер конференциясын (2018 ж.) ұйымдастыруға және өткізуге ат салысты. Ол Нұрсұлтандағы АҚШ RELO Елшілігі, Британ Кеңесі, АҚШ-тың Бейбітшілік корпусы ұйымдастырған TFFL аспектілері және көшбасшылық машықтары бойынша семинарларға  қатысты, мұғалімдерді даярлықтан өткізу тәжірибесіне ие болды. Оның академиялық қызығушылықтары аралас оқыту мен EFL оқыту стиліне байланысты.

Досжан Мұқанов

 

SoftwareONE Kazakhstan

Маңызды клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджері

 

«Білім берудегі сандық түрлендіру трендтері» тақырыбындағы шеберлік сыныбы

Конференцияның фотосуреттері

Серіктестер:

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен ауысша баяндамамды қай тілде ұсына аламын?

Үш тілдің біреуінде: қазақ, орыс немесе ағылшын.

Конференцияға қатысу ақылы ма?

Конференцияға қатысу тегін, бірақ қалаға келу, орналастыру және тұру өз есебіңізден жүзеге асырылады.