Аддитивті өндіріс

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
kazsee
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M113 Қысыммен материалдарды өңдеу технологиясы

Физика

Материалдардың механикалық қасиеттері

M103 Механика және металл өңдеу

Өзара алмастыру негіздері Құрылымдық материалдар және термиялық өңдеу

Аддитивті технологиялар саласына қажетті мамандарды даярлау. Түлектерге 1,5 жылдық оқу кезінде техника және технология магистрі, ал 2 жылдық оқу кезінде техника ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

Аддитивті технология – салыстырмалы түрде жас, бірақ өте танымал сала. Осы технологияларды дамыту әлеуеті шын мәнінде жоғары және ғылыми-техникалық прогрестің дамуын тездетуге қабілетті. Атап айтқанда, ғылыми зертханалар 3D-принтерлер көмегімен инновациялық материалдар мен маталар құрады. Өнеркәсіпте аддитивті технологияларды қолдану өндірушілерге жаңа үлгілердің прототипін тездетуге және идеядан іске асыруға дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді.

Сіз компьютерлік (сандық) модельдерді жасауды және түзетуді, аддитивті өндіріске арналған қондырғыларда компьютерлік (сандық) модельдер бойынша бұйымдарды жасаудың технологиялық процесін ұйымдастыруды және жүргізуді, аддитивті өндіріске арналған қондырғыларды пайдалануды және жөндеуді үйренесіз.

Студенттер заманауи жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда практикалық тәжірибе алады. Оқыту барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі автоматтандырылған жобалаудың жаңа жүйелері қолданылады. Осы ББ білім алушыларды оқыту үшін материалдық-техникалық базаны жаңғырту жүргізілді – жаңа қымбат тұратын жабдықтар сатып алынды, аддитивті технологиялар учаскесі, байланыссыз цифрлау зертханасы, мехатроника және автоматтандыру кабинеті пайда болды.

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен бірлесе отырып, TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) және т.б. университеттерімен байланыс жасайды. Студенттер бүкіл әлемнің техникалық университеттерінде тағылымдамадан өтеді.

Түлектер машина жасау және көлік өнеркәсібінде, функционалдық, металл және наноөлшемді материалдарды өндіру кәсіпорындарында, жобалау-конструкторлық бюроларда, ғылыми-зерттеу институттарында сұранысқа ие, мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарады.