Digital modeling

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
digital-modeling
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М094 Ақпараттық технологиялар 

Алгоритмдер және деректер құрылымы

Деректер базасы 

Ғылым, техника, экономика және менеджмент мәселелерін шешу үшін заманауи математикалық әдістер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін және қолданатын күрделі техникалық жүйелерді және компьютерлік математиканы цифрлық модельдеу саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Білім алушылар кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерлік графиканы және визуализация әдістерін, машиналық оқытудың Python жүйелерін бағдарламалауды, электронды деректер массивтерін интеллектуалды талдаудың негізгі алгоритмдерін және есептерді шешудің сандық әдістерін меңгереді. Сонымен қатар олар көп ядролы жүйелердің интерфейстерін, кеуекті ортада модельдеуді, жасанды интеллект пен терең оқыту әдістерін, анық емес және нейрондық желіні модельдеуді үйренеді.

Қолданбалы математика мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, есепті құрастыруды, математикалық модельді құруды және оның сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ оның негізінде өндірістің немесе процестердің цифрлық модельдерін құруды, көмірсутектер өндірісінің цифрлық егіздерін және гидродинамикалық модельдерін құруды үйреніп шығады.

Оқу бағдарламасы «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі ақпараттық технологиялар» пәнін қамтиды, бұл пәнді оқу мұнай-газ саласында мұнай мен газды барлау және өндіру кезеңдерінде оларды қолдану жағдайында ақпараттық технологияларды пайдалануды үйренуге көмектеседі, сондай-ақ өнеркәсіптік шындықтың 3D үлгілерін жасауға мүмкіндік береді.

Түлектер өндірістік, ғылыми-зерттеу және телекоммуникациялық ұйымдарда өнеркәсіптік нысандардың цифрлық егіздерін жасаушы ретінде инженер-дизайнер болып жұмыс істейді.