Дизайн және машина жасау технологиялары

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
dizayn-i-tekhnologii-v-mashinostroenii
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Машиналарды құрастыру, машина жасау өнімдерінің өмірлік циклін автоматтандыру және машина жасау өндірісіне ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы мамандарды даярлаудың инновациялық бағдарламасы.

Студенттер өнеркәсіптік дизайн, 3D модельдеу, 3D сканерлеу және металл бұйымдарды 3D басып шығару құралдары мен әдістемесін меңгерген заманауи цифрлық машина жасау инженерлері біліктілігіне ие болады.

Студенттер конструкцияларды инженерлік, графикалық және техникалық жобалау негіздерін, машина жасауда қолданылатын субтрактивті технологиялық процестерді, аддитивті өндірісті жобалауды, кері инженерия технологияларын, 3D басып шығару және 3D сканерлеу технологияларын, сондай-ақ жобаларды басқару негіздерін меңгереді.

Сонымен қатар түлектер машина жасаудағы технологиялық процестерді жобалау, модельдеу, технологияларды автоматтандырылған есептеу және талдау әдістерін және 3D принтерлер мен 3D сканерлер негізінде аддитивті технологиялық процестерді жобалау дағдыларын меңгеріп шығады.

Түлектер өндірістің барлық салаларында сұранысқа ие және цифрлық жобалау инженері, өндірістік процестерді есептеу және жобалау жөніндегі инженер-технолог, автоматтандырылған жабдықтың операторы, 3D принтерлерді пайдалану жөніндегі механик және технологиялық жабдықтарды, әртүрлі машиналарды шығару, олардың құрамдас бөліктері мен бөлшектері жөніндегі механик болып жұмыс істей алады.