Экстрактивті металлургия

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
ekstraktivnaya-metallurgiya
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

М117 Металлургиялық инженерия 

Металлургиялық үрдістер теориясы 

Жалпы металлургия

Кен байыту металлургиясы және кеннен металдарды бөліп алу, осы саладағы ресурстар мен энергияны үнемдеуді арттыруға қабілетті технологиялық схемалардың заманауи металлургиялық технологиялары саласына қажетті мамандарды даярлау. Мәскеу болат және қорытпалар институтымен (Ресей) бірлесіп ашылған инновациялық қос дипломдық бағдарлама.

Студенттер жұмсақ және экстрактивті металлургияны, металлургиядағы инновациялық технологияларды, металлургиядағы инженерлік есептеулерді, металлургия өнеркәсібінде шикізатты ұтымды пайдалануды, сирек және өте сирек кездесетін жер металдар, асыл және радиоактивті металдарды өндірудің заманауи технологияларын, ұнтақ металлургиясын, технологиялық процестерді микропроцессорлық басқару жүйелерін біліп шығады, сонымен қатар жобаларды басқаруды және кәсіби ағылшын тілін оқиды. Бағдарлама бойынша ғылыми журналдарға мақалалар жазу, сонымен қатар үнемді өндіріс пен жұмсақ металлургия принциптерін оқу қамтылған.

Студенттер ғылыми-зерттеу және оқытушылық қабілет дағдыларын меңгереді, ғылыми-метрикалық мәліметтерді жинауды, кеннің сарқылу жағдайында металдарды алудың принципті жаңа схемаларын қолдануды және оларды өндіріске енгізуді, сондай-ақ экстрактивті металлургия, пиро- және гидрометаллургиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы саласындағы инженерлік есептерді шешуді үйренеді.

Магистранттар Мәскеу болат және қорытпалар институтында (Ресей), Вустер политехникалық институтында (АҚШ), Сулейман Демирель университетінде (Түркия, Испарта), Ахен университетінде (Германия), Силезия технологиялық университетінде (Польша) немесе Томск политехникалық университетінде (Ресей) халықаралық тағылымдамадан өтеді.

Түлектер жұмсақ металлургия саласында кәсіби маман, металлург-технолог, металлург-аналитик, венчурлық қорлар мен консалтингтік компанияларда инженер-аналитиктер, банктерде аналитик болып жұмыс істейді, сонымен қатар металл өндіру кезінде ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғауға негізделген жаңа схемаларды әзірлей алады.