Гидрогеология және инженерлік геология

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M088 Гидрогеология және инженерлік геология

Жер асты суларын зерттеу және барлау

Инженерлік-геологиялық зерттеулер

Жерасты сулары және олардың тау жыныстармен, жер үсті суларымен және атмосферамен өзара әрекеттесуі ғылымы саласында кадрларды даярлайды. Бағдарлама жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми сала жүйесі үшін ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Түлектерге 1,5 жылдық оқу бағдарламасы бойынша техника және технология магистрі дәрежесі немесе 2 жылдық оқу бағдарламасы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары: гидрогеологияны, жер асты суларының қозғалыс заңдылықтарын және олардың химиялық құрамың қалыптастыруды, далалық және зертханалық гидрогеологиялық зерттеулер әдістерін, болжамдарды жасау принциптерін тереңдете меңгеру. Ғылыми зерттеулер жобасына, қазіргі заманғы ғылыми-практикалық мәселелерді қалыптастыруға және шешуге, ғылыми-зерттеу және басқарушылық қызметті сәтті жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.

Бағдарлама ғылыми жобаларға қатысуға, сондай-ақ алмасу бағдарламалары бойынша шетел университеттерінде оқуға, оқу бітіргеннен кейін ғылыми мансапты дамытуға мүмкіндік береді.

Осы мамандық бойынша оқитын пәндердің тізімі:
 • Аймақтық гидрогеология және инженерлік геология
 • Қазақстандағы минералдық термалдық су қорларының кен орны
 • Жер асты суларын пайдалану үшін барлау
 • Инженерлік-геологиялық барлау

Магистранттар француздық қос дипломдық білім алу бағдарламасы аясында бүкіл Қазақстан аумағы бойынша гидрогеологиялық, барлау және тау-кен өнеркәсіп орындарында тәжірибеден өтеді. Академиялық ұтқырлық бағдар- ламасы бойынша магистранттар жетекші шетелдік университеттерде ғылыми тәжірибеден өтеді.

Магистратураның түлектері гидрогеологиялық, барлау және тау-кен өндірісі компанияларында, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында, орталықтарда жұмыс істейді. Гидрогеологтың негізгі міндеттері – жер асты су қорларын іздеу және барлау, олардың көлемін, өндірістік маңызын бағалау, ауыз су және өнеркәсіптік суларды қамтамасыз етудің технологиялық мәселелерін шешу, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық зерттеулер мен түсірілімдерді жасау, топырақты зерттеу.