Индустриалды инженерия

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В064 Механика және металл өңдеу Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Аккредитациялар
kazsee
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Бағдарлама ғылыми және инженерлік қағидаларды кешенді қолдану арқылы инжинирингтік мәселелерді шешуге қабілетті индустриалды инженерия саласында мамандарды даярлауға бағытталған.

Бағдарлама АҚШ-тың Стэнфорд университеті, Джорджия технологиялық институты, Пенсильвания штатының университеті сияқты АҚШ-тың үздік ғылыми және инженерлік университеттері мен Назарбаев университеті оқу жоспарларына сәйкес жасалған. Заманауи инженерлік дизайн негізіндегі физикалық принциптерге ерекше назар аударылады. Инженерлік дизайн, коммуникация, командалық жұмыс және зертханалық жұмыс тәжірибесі бүкіл оқу жоспарында көрініс тапқан.

Студенттер математика, физика, механика, химия, ақпараттық және цифрлық технологиялар (бағдарламалау, MATLAB, сандық әдістер және инженерлік есептерді шешу) бойынша іргелі базалық білім алады.

Жоғары курстарда студенттер индустриалды инженерия бойынша арнайы курстарды (CAD/CAM/CAE/PLM/PDM технологияларды) игереді және әртүрлі механикалық үдерістер мен құбылыстарды модельдеу мен зерттеу дағдыларын меңгереді, өндірісті және өнеркәсіптік жүйелерді жобалау, машина жасау, компьютерлер арқылы басқарылатын заманауи техникаларды, сондай-ақ аддитивті технологияларды пайдалануды игереді. Негізгі назар әртүрлі процестердің және заманауи ақпараттық технологиялардың компьютерлік 3D модельдерін әзірлеу дағдыларына аударылады.

Оқытудың барлық деңгейінде біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар сабақ жүргізеді, олардың арасында АҚШ, Еуропа, Қытай және басқа да елдер университеттерінің түлектері көп.

Сондай-ақ студенттер индустриялық машина жасаудың қосалқы салаларының бірінде, мысалы, аддитивтік технологиялар мен материалдарды өңдеу, машина жасау сияқты, енгізілген мамандықтарды пайдалана алады. Баламалы түрде, студенттер бағдарламаға енгізілген элективті пәндер көмегімен өздерінің мамандану саласын қалыптастыра алады.

Бірінші курстан бастап студенттердің  озық зерттеулермен және жобалаулармен айналысуға мүмкіндігі бар. Оқытылатын пәндер студенттердің алғашқы күннен бастап  өздерін инженерлер секілді сезініп, ойлана бастауына орайластыра құрылған. Негізгі теориялық курстар студенттерді сыни және шығармашылық ойлауға мәжбүрлейтін сабақтар мен жобалармен теңдестірілген.

Сіз бөлшектерді дайындаудың технологиялық бағыттарын құру мен технологиялық операцияларды жобалауды, басқару бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуді, бөлшектерді өндіру процестерін жобалауға арналған жобалық құжаттарды әзірлеу және пайдалануды үйренесіз.

Түлектер «Инженерия және технология бакалавры» академиялық дәрежесін алады және әртүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындарда, ғарышта, мұнай-газ саласында, тау-кен өнеркәсібінде, сондай-ақ медициналық және полиграфиялық мекемелерде, «ALPROF», «Белкамит», «Steelmaster», «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ, «Имсталькон», «Казцинк», «Кентау трансформатор зауыты», «С.М.Киров атындағы Машина жасау зауыты», «Алматы желдеткіш зауыты», «Мастер қоймасы», «ТенгизстройсервисГрупп», «БЕЛКАМИТ» және басқа да өнеркәсіп орындарында еңбек ете алады.