Ғарыш техникасы және технологиялары

Космостық аппараттар құрылысы мен космостық жүйелерді жобалау және өндіру, Жерді қашықтықтан зондпен тексеру жөніндегі мәліметтердің экономиканың әртүрлі саласына қажеттісін космостан қабылдап, оларды өңдеу жұмыстарын атқаратын космостық аппараттарды басқару саласы мамандарын даярлайды. Студенттер бағдар жасау және тұрақтылық жүйесін модельдеуге арналған «Спутникс» атты тамаша тәжірибелік стенд арқылы оқып дайындалады. Оқу сыныптарына тәжірибелік зерттеуге арналған аз көлемді микро- және наноспутниктерді, өңдеуге арналған бағдарламалар кешені бар 3D принтерді, наноспутниктердің корпусына арналған детальдарды жобалау  мен өндіруді, Жерді қашықтықтан зондпен тексеруге арналған техникалық кешендерді біріктіре отырып жасалған кешенді жабдықтар орнатылған. 

Біздің түлектер космос саласына қатысты зерттеу институттарында, осы саладағы кәсіпорындардың өндірістік және кнструкторлық бөлімдерінде, нақты экономиканың секторына қарасты ірі компаниялардың бөлімшелерінде қызмет ете алады. Жұмыс беруші компаниялар – «Қазахстан Ғарыш Сапары», Космостық зерттеулер мен технологиялардың ұлттық орталығы, Космостық техника мен технология институты,  «Ғалам» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы, Аэрокосмостық өнеркәсіп және қорғаныс министрлігі, ірі-ірі холдингтер мен мемлекеттік құрылымдардың Жерді қашықтықтан зондпен тексеру бөлімшелері.