Материалдарды өңдеудің прогрессивтік технологиялары

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D113
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Аддитивті өндіріс саласын толық меңгеріп жүрген жас ғалымдарды инновациялық қызмет саласы үшін тереңдетіп даярлайды.

Сіздер ғылыми зерттеу әдістерін, ақылды өндірісті, процесті оңтайландырудың озық әдістерін, материалдарды өңдеу технологияларын жобалаудағы озық цифрлық және аддитивті өндіріс әдістерін, сондай-ақ «цифрлық фабрика» әдісін қолдана отырып, өндірістік процестерді модельдеудің озық технологияларын үйреніп шығасыздар.

Сіз жаңа зерттеу әдістерін және эксперименттік нәтижелерді цифрлық өңдеуді қалай қолдануды үйренесіз, материалдарды өңдеудің озық технологиялары саласындағы мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің заманауи мәселелерін зерттей бастайсыз, сондай-ақ машина жасау өндірісін цифрландыру саласыда инновациялық бизнес-модельдер мен компьютерлік модельдеу әдістерін қолдануды үйренесіз.

Түлектер жаңа материалдарды өңдеудің озық технологияларын әзірлеу, енгізу және бейімдеудің ғылыми-өндірістік мәселелерімен байланысты өнеркәсіптің барлық салаларында жұмыс істейді. Олар жобалау-конструкторлық іс-шараларды жүргізеді, жобаларды басқарады, ірі өңдеуші кәсіпорындар үшін машина жасау өндірісін цифрландыру саласындағы зерттеулермен айналысады.