Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D125
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндірудің, сондай-ақ ағаш өңдеудің соңғы технологияларын меңгерген жас ғалымдарды даярлау. Түлектер PhD докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.

Докторанттар құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің инновациялық жобаларын зерттеу және әзірлеу әдістерін, оларды өндіру әдістерін, оларды өндірудің технологиялық желілерін жобалауды, сондай-ақ құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификаттау және сапасын бақылау мәселелерін оқиды.

Экономиканың нақты секторы үшін қолданбалы инновациялық және ғылыми жобаларды әзірлеуге көп көңіл бөлінеді.

Докторанттар шетелдік консультанттардың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады. Докторантурада оқу жоспары шетелдік жетекші университеттерде міндетті тағылымдамадан өтуді қамтиды. Ал диссертацияны дайындау мен қорғауға отандық және шетелдік 2 ғылыми жетекші жетекшілік етеді.

Түлектер ғылыми орталықтарда, университеттерде оқытушы, ғылыми қызметкер болып, құрылыс материалдарын өндіру және материалтану саласымен айналысатын ұлттық және жеке компанияларда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істей алады.