Жерге орналастыру

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
zemleustroystvo
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M128 Жерге орналастыру

Геодезиz

Жер ресурстарын басқару

Жерге орналастыру жобалары мен схемаларын, аумақтық жоспарлау схемаларын, жердің жай-күйі мен қорғалуын зерделеу шараларын әзірлеу және жер мониторингін жүргізу технологиялары саласына қажетті мамандарды даярлайды.

Жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауға бағытталған жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету саласында білім алып шығады.

Білім алушылар жер-кадастр саласында жұмыс істеу дағдыларын, жерге орналастыру бойынша жұмыс жобаларын басқару және әзірлеуді, жер-кадастрлық салада өндірістік процестерді автоматты түрде жобалау үшін заманауи компьютерлік технологияларды қолдану дағдыларын меңгеріп шығады; жер қатынастарын реттейтін құқықтық және нормативтік актілермен жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, жерге орналастыруды жобалау және аумақтық жоспарлау бойынша техникалық құжаттамамен жұмыс істеуді үйренеді.

Сондай-ақ түлектер алып шығатын негізгі құзыреттердің бірі – қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды талдау және қолдану, соның ішінде деректер қорын құру және басқару, математикалық өңдеу әдістерін талдау және деректерді интерпретациялау үшін веб-негізделген геоақпараттық жүйелер болып табылады.

Түлектер жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі инженерлер, сондай-ақ жер қатынастары бөлімдерінде мамандар болып жұмыс істейді.