Аддитивті өндіріс

Аддитивті технологиялар саласына қажетті мамандарды даярлау. Түлектерге PhD докторы дәрежесі беріледі.

Аддитивті технология салыстырмалы түрде жас, бірақ өте танымал сала. Осы технологияларды дамыту әлеуеті шын мәнінде жоғары және ғылыми-техникалық прогрестің дамуын тездетуге қабілетті – ғылыми зертханалар 3D-принтерлер көмегімен инновациялық материалдар мен маталар құрады. Өнеркәсіпте аддитивті технологияларды қолдану өндірушілерге жаңа үлгілердің прототипін тездетуге және идеядан іске асыруға дейінгі жолды қысқартуға мүмкіндік береді.

Сіз компьютерлік (сандық) модельдерді жасауды және түзетуді, аддитивті өндіріске арналған қондырғыларда компьютерлік (сандық) модельдер бойынша бұйымдарды жасаудың технологиялық процесін ұйымдастыруды және жүргізуді, аддитивті өндіріске арналған қондырғыларды пайдалануды және жөндеуді үйренесіз.

Докторанттар заманауи жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 30 мамандандырылған зертханаларда практикалық тәжірибе жинақтайды. Оқу барысында ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Компас 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты халықаралық деңгейдегі автоматтандырылған жобалаудың жаңа жүйелері қолданылады. Осы ББ білім алушыларды оқыту үшін материалдық-техникалық базаны жаңғырту жүргізілді – жаңа қымбат тұратын жабдықтар сатып алынды, аддитивті технологиялар учаскесі, байланыссыз цифрлау зертханасы, мехатроника және автоматтандыру кабинеті пайда болды.

Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен бірлесе отырып, TFH Georg Agricola (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) және т.б. университеттермен байланыс жасайды. Докторанттар әлемнің бүкіл техникалық университеттерінде тағылымдамадан өте алады.

Түлектер машина жасау және көлік өнеркәсібінде, функционалдық, металл және наноөлшемді материалдарды өндіру кәсіпорындарында, жобалау-конструкторлық бюроларында, ғылыми-зерттеу институттарында жоғары сұранысқа ие, мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарады.