Ақпарат:

Құрметті
талапкерлер!

Бұл парақшада сіз Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы барлық ақпаратты таба аласыз. Алайда университеттер ҰБТ тапсырудың нақты мерзімі мен Білім беру гранттары конкурсының өтетін уақытын қабылдау комиссиясы барысында ғана анықталатынын ескеріңіз. Өзгерістерді өткізіп алмау үшін, testcenter.kz сайтындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз.

Сонымен, оқуға түсу үшін не істеу керек:

  • Құжаттарды жинау керек;
  • Оқу бағыты мен ҰБТ-ның бейінді пәндерін таңдау керек;
  • ҰБТ тапсыру керек, егер де сіз шығармашылық мамандықтың біріне оқуға түсетін болсаңыз, шығармашылық емтихан тапсыру керек;
  • Мемлекеттік білім беру грантын аласыз;
  • Satbayev University-не тіркелу үшін құжаттарыңызды тапсырасыз.

2024 жылғы қабылдау
комиссиясының бөлімдері

Мектепті немесе колледжді бітірген және мемлекеттік грантқа үміткер талапкерлер ҰБТ тапсырып, жоғары оқу орнына конкурстық негізде түседі.
Мамандығы бойынша ақылы білім алуға құжат тапсырған колледж түлектері ҰБТ-ға қатыспайды және құжаттарды тікелей қабылдау комиссиясына тапсырады.

Сәтбаев Университеті үшін ҰБТ-ның шектік баллы – 65 балл, оның ішінде әр пәннен кем дегенде 5 балл болу керек.

Мемлекеттік грант алуға құқық беретін ҰБТ тапсыру мерзімі:
16 мамыр – 5 шілде 2024 жыл

Сәтбаев Университетінде өтетін шығармашылық емтихандар мерзімі:
20 маусым – 7 шілде 2024 жыл – шығармашылық емтиханға тіркелу
8 шілде – 13 шілде 2024 жыл – шығармашылық емтихан тапсыру

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау мерзімі:
13 шілде – 20 шілде 2024 жыл

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсының нәтижелері
2024 жылғы 10 тамызға дейін белгілі болады.

ҚҰЖАТТАР МЕН
ЖАБДЫҚТАР

Университетке оқуға түсу процесі үш айдан астам уақытты алады және әртүрлі кезеңдерде сізге әртүрлі құжаттар мен жабдықтар қажет болады. Сондықтан да сізге алдын ала дайындалуды және барлық кезеңдерде құжаттарды өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз.

  • Тіркелу және ақпарат алу үшін ұсынылатын негізгі сайт
  • Оқуға түсетін әр кезеңдерде сізге қажет болатын негізгі құжаттар
    • Жеке куәлік пен оның қағаз көшірмесі — ол ҚР-ның азаматтарына 16 жастан бастап ХҚКО бөлімдерінде беріледі (жеке куәліктің бірінші бетіндегі ЖИН номеріңізді қараңыз);
    • Орта мектепті бітіргені туралы аттестат немесе колледжді бітіргені туралы диплом қосымшасымен бірге;
    • 075-У үлгісіндегі медициналық анықтама, 063 үлгісіндегі екпе туралы карта, флюроография көшірмесі. Анықтама маусым, шілде немесе тамыз айында толтырылуы керек;
    • 3x4 см көлеміндегі 8 фотосурет;
    • Мемлекеттік грантқа квота алуға құқық беретін әлеуметтік санатты растайтын анықтама (мысалы, көп балалы отбасында туғаны туралы);
    • Әскери тіркелу куәлігі (ұлдар үшін).
    • Осы құжаттардың барлығы сканерленген болуы керек және сізде олардың фотосуреті мен электронды көшірмелері қоса болуы керек.

      Сонымен қатар сіз өзіңіздің ерекше жетістіктеріңізді дәлелдейтін сертификаттар мен басқа да құжаттарды сканерлеп, пайдалана аласыз (мысалы, Олимпиада жеңісі туралы куәлік).

  • Оқуға түсу кезеңінде сіздер мынадай құжат аласыздар
    • ҰБТ сертификаты — тест нәтижесі белгілі болғаннан кейін электронды түрде мына сайтта беріледі: testcenter.kz
    • Мемлекеттік грантқа ие болғандығы туралы куәлік — грант конкурсының нәтижесі жарияланғаннан кейін электронды түрде мына сайтта беріледі: grant.testcenter.kz
  • Сондай-ақ сізге қажет
    • Мәліметтерді сақтау үшін қажетті флешка (сканерден өткізілген құжаттар үшін);
    • Компьютер немесе бейнекамерасы бар лаптоп, немесе смартфон – ата-аналарыңыздан сұраңыздар немесе тегін қолжетімді түрін тауып алыңыздар (мысалы, ХҚКО-ның өз-өзіне қызмет көрсету бөлімінде немесе ЖОО-ның қабылдау комиссиясында);
    • Электронды пошта (мысалы, gmail) – поштада күнібұрын аккаунт ашып, логин мен парольді жазып алыңыз;
    • Тапсырған тесттің ақысын төлеу үшін kaspi.kz қосымшасы немесе ата-анасының бірінің банк картасы керек;
    • СМС қабылдау үшін телефон мен симкарта керек.

ОҚУ БАҒЫТЫН
ТАҢДАУ

Қазақстанда Білім беру гранттары Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша беріледі. Тестілеу бес пән бойынша өтеді: оның үшеуі міндетті, екеуі бейінді. Талапкер қандай мамандықты оқуды жоспарлап отырғанына байланысты бейінді пәндер таңдалады: әртүрлі білім беру бағдарламаларының бейінді пәндері де әртүрлі.

ҰБТ-ның бейінді пәндерін таңдағанда, сіздер мамыр мен маусым айларындағы ҰБТ-ны дәл осы пәндер бойынша тапсырасыздар. Өйткені бейінді пәндер комбинациясын өзгертуге тыйым салынған.

Әрбір бағдарлама өз Білім беру бағдарламалары тобына кіреді, ал грант конкурсы сол топ ішінде өткізіледі. Сондықтан да ҰБТ тапсыру үшін құжат өткізер алдында сіз Білім беру бағдарламасын таңдап, Білім беру бағдарламаларының тобын және осы топқа жататын ҰБТ пәндерін анықтап алуыңыз керек.

  • Өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасын ҰБТ-ның бейінді пәндеріне сәйкес таңдап алыңыз.
  • ҰБТ тапсырғыңыз келетін бейінді пәндерге сәйкес келетін Білім беру бағдарламалары тобының кодын өзіңізге жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының топтары» бағанасын қараңыз).

Сіз ҰБТ тапсыратын негізгі пәндерге сәйкес келетін білім беру бағдарламаларының 4 тобын таңдап, жаза аласыз.

Сәтбаев Университеті бакалавриатының
білім беру бағдарламасын таңдап алу

ҰБТ ЖӘНЕ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Сіз жылына 4 рет ҰБТ тапсыра аласыз, бірақ тек мамыр және маусым айларында тапсырған ҰБТ мемлекеттік грант конкурсына қатысуға құқық береді. Ал қаңтар, наурыз және тамыз айларында тапсырған тест нәтижелері тек ақылы негізде оқу үшін ғана қабылданады.

  • Керек құжаттар мен деректер
    • Жеке куәлігі және ЖИН
    • ҰБТ-ның бейінді пәндері
    • Тапсырған тесттің ақысын төлеу үшін kaspi.kz қосымшасы немесе ата-анасының бірінің банк картасы. Тест тапсыру құны – 4230 теңге
  • Құжат тапсыруды қашан бастау керек
    • Сәуірдің аяғы – мамырдың басы
  • ҰБТ-ға өтініш қабылдау күндерін қалай білуге болады
    • testcenter.kz сайтына кіріп, «Жаңалықтар» деген бөлімнен ҰБТ-ға өтініш тапсыру күнін біліңіз. Өтініш қабылдау мерзімі 3-7 күнге ғана созылады, сондықтан оның қабылдау күнін өткізіп алмай, үнемі қарап, тексеріп отыру керек.
  • Техникалық мамандықтарға оқуға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ
    • Оқушылар ҰБТ-ны бес пәннен тапсырады: үш міндетті және екі бейінді пән.
    • Колледжде бітірген мамандықтары бойынша оқуды жалғастырғысы келетін түлектер тек екі бейінді пәннен ғана ҰБТ тапсырады.
    • Колледжде алып шыққан мамандығын ауыстырғысы келетін түлектер бес пән бойынша стандартты ҰБТ тапсырады: үш міндетті және екі бейінді пәннен.
  • Шығармашылық емтиханы бар (Сәулет және Дизайн) мамандықтарға оқуға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ
    • Оқушылар ҰБТ-ны Қазақстан тарихы және Оқу сауаттылығы пәндері бойынша, сондай-ақ таңдаған жоғары оқу орнында шығармашылық емтихан тапсырады.
    • Колледж түлектері ҰБТ-ны Сызудан (Сәулет) немесе Сурет пен композициядан (Дизайн) тапсырады; сондай-ақ таңдап алған ЖОО-да шығармашылық емтихан тапсырады.
  • Мемлекеттік грант алу конкурсына қатысу үшін қандай ҰБТ-ның нәтижелері қажет
    • Мамыр немесе маусым айларында тапсырған ҰБТ-ның нәтижелері мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін қабылданады.
    • Қаңтар, наурыз, мамыр, маусым және тамыз айларында тапсырған ҰБТ нәтижелері ақылы негізде оқуға түскен кезде қабылданады.
  • ҰБТ-ға құжатты қалай тапсыру керек
    • Құжат қабылдайтын күні app.testcenter.kz сайтына кіресіз.
    • Сайтқа тіркеліп, өзіңіздің электрондық мекенжайды растайсыз. Жеке кабинеттің логин мен паролін жазасыз.
    • Жеке кабинетке кіріп, «ҰБТ-ға өтініш беру» деген түймені басасыз. Өзіңіз туралы мәліметтерді анкетаға толтырып, ҰБТ тапсыратын орын мен уақытты таңдайсыз да, «Өтініш беру» деген түймені басасыз.
    • Сол кезде ақы төлеу парақшасы ашылады. kaspi.kz қосымшасы немесе банк картасы арқылы тест тапсыру құнын төлеу керек. Төлеу уақыты – 30 минут.
    • Төлем жасағаннан кейін өтінішіңіз тіркеледі де, «Әрі қарай» деген түйме пайда болады. Сол түймені басып, өтінішіңіз туралы ақпарат алуға көшіңіз. Тестілеу уақытын өткізіп алмау үшін және ештеңе ұмытпау үшін, сол ақпаратты жүктеп, басып шығарып алыңыз.
      ҰБТ-ға өтініш беріп, оны тіркеу жөніндегі нұсқаулық
  • ҰБТ тапсыру
    • Анкета толтырған кезде өзіңіз таңдап алған ҰБТ тапсыру орталығына барыңыз, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алыңыз.
    • Тестілеу нәтижесі тест тапсырып болғаннан кейін ғана беріледі. Апелляцияға өтініш беру керек болса, сол аудиториядан шықпай тұрып, дереу тапсырасыз.
    • ҰБТ-ға алып кіруге болатын заттар тізімімен мұқият танысып шығыңыз. Егер де сіз өзіңізбен бірге телефон, шпаргалка, оқулық және т.б. тыйым салынған заттарды алып кіретін болсаңыз, мамыр мен маусым айында тапсырған ҰБТ нәтижеңіз жойылады да, сіз мемлекеттік грант алу құқығынан айырыласыз. Сөйтсе де сіз тамыз айында қайтадан ҰБТ тапсырып, ақылы түрде оқуға түсе аласыз.
  • Сәулет және Дизайн мамандығына шығармашылық емтихан тапсыру
    • Шығармашылық емтихан сіз таңдаған жоғары оқу орнында дәстүрлі форматта өтеді.
    • «В031 Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсетін талапкерлер «Сурет» және «Композиция» пәндерінен емтихан тапсырады.
    • «В073 Сәулет» мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсетін талапкерлер «Сурет» және «Сызу» пәндерінен емтихан тапсырады.
    • Шығармашылық емтиханның нәтижелері мен ҰБТ-да жинаған балл сандары бірігіп, білім беру гранттары конкурсына қатысуға немесе ақылы негізде ЖОО-ға түсуге құқық береді.
    • Бұл емтихандарды тапсыру үшін, сіздер Сәтбаев Университетінің қабылдау комиссиясына барып, шығармашылық емтихан тапсыруға өтінім берулеріңіз керек.

  • ҰБТ нәтижелері
    • ҰБТ нәтижелері сол күні-ақ testcenter.kz сайтында болады.
    • ҰБТ сертификатын app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе certificate.testcenter.kz/search сілтемесі арқылы жүктеп, басып шығарып алуға болады.
    • Егер де сіз ҰБТ-ны екі рет тапсырған болсаңыз, мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін нәтижесі көбірек шыққан ҰБТ-ны қолдануға болады.
  • Шығармашылық емтихандар нәтижесі
    • Шығармашылық емтихандар нәтижесін жоғары оқу орны өзі талапкердің қатысуынсыз Ұлттық тестілеу орталығына жібереді. Нәтижелер университет сайтында жарияланады немесе қабылдау комиссиясында болады.
    • Талапкерге емтихан нәтижесі бойынша хабарлама қағаздың көшірмесі беріледі, талапкер кейіннен басқа оқу орнына ақылы негізде шығармашылық мамандыққа оқуға түскен кезде оны пайдалана алады.

ГРАНТТАР
КОНКУРСЫ

ҰБТ тапсырып болғаннан кейін, мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін дереу құжаттарды тапсыру керек.

  • Ол үшін керек құжаттар мен деректер
    • Жеке куәлік және оның қағаз көшірмесі
    • Аттестат немесе диплом
    • 2 фотосурет
    • 075-у үлгісіндегі медициналық анықтама флюорографияның суретімен бірге
    • Артық жеңілдіктерге құқығы бар екенін дәлелдейтін құжат (егер бар болса)
    • ҰБТ сертификаты (қағазға басып шығарылған)
    • Барлық құжаттардың электрондық көшірмесі
    • Сіз таңдаған Білім беру бағдарламалары тобының коды мен атауы
    • Сіз оқуға түскелі жүрген университеттің ресми атауы
    • Мемлекеттік білім беру гранттары конкурсында Сәтбаев Университетінің ресми атауы – 029 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ).

  • Құжат тапсыруды қашан бастау керек
    • Маусым айындағы ҰБТ-ны тапсырып болғаннан кейін. Конкурсқа құжат қабылдау мерзімі әдетте 10 – 25 шілде аралығында өтеді, алайда оның мерзімі өзгеруі мүмкін.
  • Конкурсқа құжатты қалай тапсыру керек
    • Өзіңіз оқығыңыз келетін ЖОО мен Білім беру бағдарламаларының тобын таңдаңыз. Орта мектеп бітірген түлектер – 4, колледж түлектері – 3, шығармашылық мамандықты таңдаған түлектер – 1 Білім беру бағдарламасы тобын таңдайды. Әрбір топ бойынша оқығыңыз келетін ЖОО таңдайсыз. Ұлттық тестілеу жүйесінде Сәтбаев Университетінің ресми атауы – 029 Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (ҚазҰТЗУ).
    • Сіз грант конкурсына құжат тапсыратын ЖОО таңдайсыз. Құжаттардың түпнұсқасын нақты ЖОО-ның (Қазақстанның кез келген ЖОО-ның) қабылдау комиссиясына тапсыру керек.
  • Мемлекеттік грант конкурсына өтініш қабылдау күнін қалай білуге болады
    • https://testcenter.kz/ сайтына кіріп, «Жаңалықтар» деген бөлімде құжат қабылдау күнін білу керек. Құжат қабылдау күні өзгеруі мүмкін, сондықтан да оны үнемі қадағалап отыру керек.
  • Қанша Білім беру бағдарламаларының тобын және неше ЖОО таңдауға болады?
    • Техникалық мамандықтарға түсетін талапкерлер 4 Білім беру бағдарламалары тобын және 4 ЖОО таңдай алады.
    • Шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер бір ғана Білім беру бағдарламалары тобын және өздері шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО ғана таңдай алады.
  • Қазақстанда қандай жеңілдіктер және мемлекеттік гранттың қандай арнайы түрлері бар?
    • Ауылдық квота — бұл квота ауылдық жерлердегі мектепті бітірген түлектерге беріледі.
    • Әлеуметтік квота — бұл квота тұрмыс жағдайы осал, әлеуметтік жағынан қорғалмаған арнайы санаттағы талапкерлерге беріледі.
    • «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасының гранттары – Серпін
    • «Халық тығыз қоныстанған өңірлердің және батыс өңірлерінің жастарына жоғары оқу орындарында білім алуға арналған мақсатты білім беру гранты» (Мақсатты грант «Атырау – Маңғыстау») – бұл квотаға осы облыстардың талапкерлері ғана қатыса алады (гранттың бұл түрін пайдаланған үміткерлер басқа квота түрлерін пайдалануға құқығы болмайды).
  • Білім беру бағдарламаларының тобы бойынша ақпаратты қалай толтыруға болады?
    • Сіз өзіңіз ҰБТ тапсырған кезде таңдаған бейінді пәндерге сәйкес келетін Білім беру бағдарламаларының тобын таңдай аласыз.
    • Таңдау жасаған кезде комбинацияны үзбей таңдау керек, мысалы, «Білім беру бағдарламаларының тобы – оқығыңыз келетін ЖОО». Яғни егер сіз білім беру грантын ұтып алсаңыз, тек осы топ бойынша таңдаған университетте оқи аласыз деген сөз.
    • Білім беру бағдарламаларының тобында бірнеше бағдарлама болуы мүмкін. ЖОО-на түскен кезде сіз өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдай аласыз.
    • Егер де сіз «Халық тығыз орналасқан өңірлер мен батыс өңірлерінің жастарына жоғары оқу орындарында оқуға арналған мақсатты білім беру гранты» («Атырау–Маңғыстау») мақсатты грантына үміткер болсаңыз, ЖОО таңдамас бұрын, сіз оқу үшін 4 аймақты таңдауыңыз керек. Таңдалған аймақтарға байланысты жүйе осы грантқа мемлекеттік тапсырыс берген университеттерді көрсетеді.
  • Құжаттарды жүктеудің күрделілігі
    • Берілген пункттердің біріне жүктейтін құжаттарыңыз көп болса, мысалы, көп балалы отбасына тиесілі екендігіңізді растау үшін көп құжаттар қажет болса, барлық құжаттарды сканерден өткізіп, алынған суреттерді word файлына саласыз, құжатты pdf форматында сақтап, алынған pdf файлын жүйеге жүктейсіз.
  • Жеке кабинеттегі «қайтарып беру» («отклонено») өтініші нені білдіреді ? Ондай кезде не істеу керек?
    • Сайтта өтінішті тіркегеннен кейін міндетті түрде университетке барып, құжаттардың түпнұсқасын қабылдау комиссиясына тапсырыңыз. Университет құжаттарды тексеріп, өтінішті тіркейді. Дұрыс болмаған жағдайда өтінішті қабылдамайды. Өтініш қабылданбаған жағдайда оны жаңарту немесе ауыстыру үшін университетке қайта хабарласу қажет.
    • Өзіңізге сенімдірек болу үшін құжаттарды сайтқа университеттің қабылдау комиссиясынан жіберіңіз – ондағы кеңесшілер сізге бәрін дұрыс жасауға көмектеседі. Әрі сіз қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын бірден тапсырып, бәрін біржолата аяқтай аласыз.

  • Конкурс нәтижелері
    • Мемлекеттік грант конкурсының нәтижелері әдетте тамыз айының басында, яғни 16 тамызға дейін белгілі болады.
    • Оның нәтижелерін app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинеттен, сондай-ақ testcenter.kz, egemen.kz, kazpravda.kz, tengrinews.kz сайттарынан білуге болады.
    • Мемлекеттік грантқа ие болғаны туралы куәлікті grant.testcenter.kz сайтынан жүктеп алып, басып шығаруға болады.

СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕ
ТІРКЕЛУ

Мемлекеттік грант нәтижелері белгілі болғаннан кейін, сіз университетке тіркелесіз.

  • Ол үшін керек құжаттар мен деректер
    • Жеке куәлік және оның 3 көшірмесі
    • Аттестат немесе диплом
    • 6 фотосурет
    • 075-у үлгісіндегі медициналық анықтама флюорографияның суретімен және оның 2 көшірмесімен бірге
    • 063 үлгісіндегі екпе картасы және оның 2 көшірмесі
    • ҰБТ сертификаты
    • Грантқа ие болғандығын дәлелдейін куәлік
    • Квотаға құқығы бар екенін дәлелдейтін анықтама
    • Әскери бөлімшеге тіркеу үшін қажетті куәлік және оның 2 көшірмесі (ұл балалар үшін)

Мұның бәрін жүзеге асыру үшін, kb.satbayev.university Satbayev University сайтында өтініш толтырып, университеттің қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын тапсыру керек.

Электронды тіркеуден өткеннен кейін болашақ студенттер құжаттардың түпнұсқасын университеттің қабылдау комиссиясына тапсырады және еңбек шартына қол қояды, өйткені Қазақстан Республикасының мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен әрбір азаматы кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеп, оқуын өтеуі тиіс.

Өтініштерді қабылдау 25 тамызға дейін аяқталуы керек, өйткені одан кейін бағдарлау аптасы мен оқу процесі басталады.

БАЙЛАНЫС ҮШІН

distance

Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22,
Бас оқу корпусы (ГУК).
Кіру Байтұрсынов көшесі жағынан.

acute

Жұмыс кестесі:
дс-жм: 9.00 – 18.00
сб: 9.00 – 14.00
Жексенбі – демалыс күн.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту