Ақпарат:

М.Тынышбаев атындағы көлік инженериясы және логистика мектебі

Мектеп автомобиль және теміржол көлігі, логистика және көлік инфрақұрылымы салаларына инженерлер дайындайды. Мектеп түлектері көлік пен логистикадан бастап теміржолға дейінгі әртүрлі салаларда сұранысқа ие.

Мамандарды оқытуды білікті профессорлар, сондай-ақ үлкен практикалық тәжірибесі бар ірі автокөлік кәсіпорындары мен логистикалық компаниялардың мамандары жүргізеді.

Мектептің халықаралық қызметті АҚШ, Қытай, Еуропа, Ресей, Польша институттарымен, сондай-ақ отандық және шетелдік кәсіпорындармен тығыз байланыста. Мектептің тұрақты серіктестерінің қатарында "KazLogistics" Қазақстан көлікшілер одағы, Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институты, "Қорғас-Шығыс қақпасы" халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы, сондай-ақ "Zhebe Logistics" және Deutsche Bahn Engineering&Consulting DB Cargo компаниялары бар.

Мектеп инженерлерді екі бағытта дайындайды: көлік инженериясы және логистика. "Көліктік инженерия" бағытының түлектері автомобиль және темір жол көлігін жобалау және сервис қызметі, жол қозғалысын ұйымдастыру саласында дағдыларға ие және көлік техникасы мен жабдықтарын өндіретін автокөлік және машина жасау зауыттарында, көлік техникасын пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындарда инженер болып жұмыс істейді.

"Логистика" бағытының түлектері көлік жүйелерін әзірлеу, мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру, өндірістік, қойма және көлік логистикасы, логистика саласындағы заманауи ақпараттық жүйелермен және технологиялармен жұмыс істеу, материалдық ағындарды талдау және модельдеу, деректер базасын әзірлеу саласында дағдыларға ие және көлік-экспедициялық қызметтер мен көлік-логистикалық компанияларда жұмыс істей алады.

Барлық бағыттағы мектеп студенттері автоматтандырылған жобалау жүйесі бағдарламаларында жұмыс істеу дағдыларын алады, бағдарламалау мен модельдеуді меңгереді, автокөлік және логистикалық кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті дағдыларды алады.

Мектеп түлектері "СарыарқаАвтоПром", "Astana Motors", "Қазақстан темір жолы", "Холдинг-Транс-Павлодар", "Ойл Транспорт Корпорейшэн", "Eurotransit Logistic", "Ақсайавтотранс", "Қазавтотранс" сияқты кәсіпорындарда, сондай-ақ әртүрлі өндірістік және ғылыми кәсіпорындарда инженер және логист болып жұмыс істейді.

Мектептің барлық бағдарламалары еуропалық талаптарға сәйкес құрастырылған және ASIIN агенттігінде (Германия), білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (БАҰО) және аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (НААР) халықаралық аккредиттелген.

"Көлік қызметтері" бакалавриат бағдарламасы-Satbayev University-де еуропалық логистикалық қауымдастықта (Брюссель қ., Бельгия) халықаралық кәсіби аккредиттеуден өткен, Мектеп түлектеріне CeLog халықаралық кәсіби сертификатын беру құқығын беретін жалғыз бағдарлама.

su_shtil@satbayev.university

Толығырақ

Байланыстар

Жанатлеу Камиля Мұратқызы

Менеджері

ИМС 308

+7-772-725-7718

7247 (вн.)

k.zhanatleu@satbayev.111

Мұханова Гүлмира Самудинқызы

Логистика бағыты бойынша білі беру бағдарламаның жетекшісі

ГУК 401

+7-772-725-7718

7438 (вн.)

g.mukhanova@satbayev.111

Камзанов Нурбол Садыканұлы

«Көліктік инженерия» бағыты бойынша білі беру бағдарламаның жетекшісі

ИМС 308

+7-772-725-7718

7367 (вн.)

n.kamzanov@satbayev.111

Абдуллаев Сейдулла Сейдеметұлы

Көліктік инженерия және логистика мектебінің басшысы

ИМС 309

+7-772-725-7708

7083 (вн.)

s.abdullayev@satbayev.111

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту