Ақпарат:

Көлік инфрақұрылымының инновациялық дамуы

Деңгейі
Бағасы
Заңды тұлғаларға арналған
баға
2 223 600 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D210
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

PhD философия докторларын даярлауға арналған инновациялық білім беру бағдарламасы. Түлектер инновациялық технологияларды пайдалана отырып, көлік инфрақұрылымының объектілерін пайдалану және жөндеу бойынша өндірістік процестерді басқару саласында шешімдер қабылдауға қабілетті болып шығады, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының тұрақтылығы саласындағы ноу-хау мен ғылыми жетістіктерді талдау, жоспарлау және бағалау негізінде жаңа білім мен технологияларды синтездеу қабілетіне ие болады.

Базалық және бейіндік оқыту келесі пәндерден тұрады: «Ғылыми зерттеу әдістері», «Академиялық жазу», «Көліктегі инновацияларды басқару», «Тұрақты көлік туралы ғылым», «Көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуы» және т.б.

Бейіндік оқыту құрлықтағы көлік инфрақұрылымы объектілеріндегі инновацияларды басқару саласы бойынша қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға негізделген. Білім беру бағдарламасының ерекшелігі көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде ғылыми зерттеулер жүргізу мен инновациялық технологияларды қолдану сияқты құзыреттерді қалыптастыру болып табылады.

Түлектер мемлекеттік органдарда, ғылыми ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, ғылыми зертханаларда, тәжірибелік-конструкторлық бюроларда, көлік-коммуникация кешеніне қарасты кәсіпорындарда жұмыс істей алады. Олар ғылыми қызметкер, оқытушы, конструктор, білім беру саласында менеджер, көлік немесе көлік инфрақұрылымына қызмет көрсететін кәсіпорындардың басшылары, инновацияларды дамыту жөніндегі менеджер немесе жетекші болып қызмет атқарады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту