Сәтбаев Университеті холдингі
Қазақстандағы ең көне және алдыңғы қатарлы техникалық университет, ол тау-кен және мұнай өндіру саласында көптеген зерттеулерімен танымал. Тоқсан жылдан астам тарихы бар әйгілі жоғары оқу орны Қазақстандағы техникалық білім беру ісінің көшбасшысы болып табылады. Ал техникалық мамандықтар – университеттің бетке ұстар айнасы болып саналады. Университет көпсалалы болғандықтан, мұнда сәулет және менеджмент мамандықтарын да оқуға болады.
0
институт0
жоғары мектеп0
әскери институт0
кафедра0
оқытушылар0
оқу-тәжірибелік зертхана0
ғылыми зертхана0
ғылыми-білім беру орталығы0
тілде білім беру0
оқу полигоны0
грант жыл сайын0
орындық жатақхана0
орынды әскери кафедра0
серіктес-компания0
спорт секциясы0
студенттік ұйымдар
Сәтбаев университеті – инженерлік ойдың инновациялық орталығы. Университеттің «Ғылым мен білім адам игілігі үшін» атты миссиясы оны Орталық Азиядағы ірі техникалық хабқа айналдыру жолында белсенді жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді, сөйтіп студенттерге үздік техникалық білім алуға жағдай жасайды. Университет қызметінің негізінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының қағидалары жатыр, ол осы қағидаларды ұстанады. Бұл ғылыми жобаларды дамытуда, экологиялық жауапты және инклюзивті инфрақұрылымды қалыптастыруда, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жетілдіруде көрініс табады.
Университет өндірісті цифрландыру және автоматтандыру, «жасыл технологиялар», баламалы кен көздерінен шикізат өндіру сияқты инновациялық әрі өзекті инженерлік салаларда кең ауқымды ғылыми және академиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар Қазақстан экономикасының басым секторларын ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған және елдің ірі өнеркәсіптік ұйымдарымен бірлесіп іске асырылады. Университет құрамына халықаралық білім беру және өндіріс орталықтары, қазақстандық және шетелдік кәсіпорындармен бірлесіп құрылған еншілес ұйымдар, 6 ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ Астана қаласындағы кафедра филиалдары кіреді.
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін жаңғырту аясында 2014 жылы университетке «Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті» мәртебесі берілді. Бұл әлемнің жетекші ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік ашты. Университет 25 елдің 174 жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқан (олардың ішінде АҚШ, Англия, Германия, Италия, Франция, Қытай, Корея, Польша секілді елдер бар). Сонымен қатар университетте City University of Hong Kong, The Pennsylvania State University, Sungkyunkwan University, University of Exeter және әлемнің басқа да жоғары оқу орындарымен бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламалары жүзеге асырылды.
Халықаралық және ұлттық рейтингтерде алдыңғы қатарда
1 Қазақстанда
331 дүние жүзінде
1501+ дүние жүзінде
4 Қазақстанда
Сәтбаев университеті – зерттеу университеті
«К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның ғылыми және инновациялық қызметі энергетика және энергия үнемдеу, машина жасау инженериясы, геология және жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ тау-кен ісі мен металлургия салаларындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған. Университет жаңа материалдар мен нанотехнологияларды, баламалы энергия көздерін әзірлеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, өндіріс процестерін және жасанды интеллектті цифрландыру бағыттарында белсенді түрде жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар университет инновацияларды басқару саласындағы ғылыми бағыттарды да дамытып, жоғары білікті мамандар даярлау мен өңірдегі инженерлік ғылымды дамытуды кешенді тәсілдермен қамтамасыз етіп отыр.
Сәтбаев университеті жер қойнауын пайдалану және басқа да салалардағы ірі-ірі мемлекеттік жобаларды ғылыми-техникалық сүйемелдеуге арналған барлық халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Университет портфолиосында «Қазцинк», KAZ Minerals Group, Hyundai Trans Kazakhstan, «Қазатомөнеркәсіп», «Қазхром», «Павлодар мұнай-химия зауыты» сияқты белгілі жеке меншікті және мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесіп жүзеге асырылған ірі жобалар бар.
Өндірістік мәселелер бойынша келісімшарттық зерттеулер жүргізумен қатар және ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізе отырып, университет жаңа идеяларды іздестіру мен іріктеуді жүзеге асырады, инновациялық жобаларды қалыптастыру мен іске асыруға, стартап-компанияларды құру мен дамытуға, гранттар мен инвестициялар тартуға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ университет зияткерлік қызмет нәтижелерін құқықтық қорғауды ұйымдастырып, қамтамасыз етеді.
Сәтбаев университетінің жаңа кезеңдегі басты мақсаты – әлемнің әртүрлі елдерінен келген мамандар мен студенттерді біріктіре отырып, инновациялар арқылы тұрақты дамуға ұмтылу, халықаралық деңгейде мойындалған беделді зерттеу университетіне айналу. Университеттің жаңа даму бағыты студенттерге жоғары сапалы білім алуға және Қазақстанда да, шетелде де жұмысқа орналасу мен мансаптық жолда өсу үшін кең мүмкіндіктерге кепілдік береді.
Еншілес ұйымдар
Сандық техника және технология институты
Өндірісті автоматтандыру, машиналы интеллект және big data саласында Қазақстандағы ең жетекші ұйымдардың бірі. IT және 3D-технологиялары жөнінде зерттеулер жүргізеді, өндірісті автоматтандыру, сандық технология енгізу және аспап жасау жөніндегі инновациялық технологияларды өңдеумен, оны өндіріске енгізу жұмыстарымен шұғылданады. Институт құрылымында Автоматтандыру орталығы, Тәжірибелік- конструкторлық бюро, Суперкомпьютермен модельдеу зертханасы бар. Олар үлкен көлемді мәліметтерді өңдеуге, бағдарламамен қамтамасыз ету жобаларын жасауға мүмкіндік береді. Институт ұжымы ірі өндіріс орындарына арналған бизнес-үрдістерді интеграциялық жобалау жөнінде ТМД елдері арасындағы әзірге жалғыз жүйенің авторы болып табылады.
Science & Technology Solutions акционерлік қоғамы
Алғашқы бастамашылық бағыттағы қызметте жоғары сұранысқа ие және бәсекеге төтеп бере алатын инновациялық ғылыми өңдеулерді үнемдеу мақсатында құрылған Ғылыми-технологиялық және білім беру орталығы. Бұл ірі холдинг тау-кен-металлургия және көмірсутек өндіру секторына арналған технологияларды өңдеп, оларды өндіріске енгізумен айналысады, солармен байланысты қызмет түрлерін көрсетеді. Сонымен қатар кенді және техногенді шикізатты металлургиялық қайта өңдеуден өткізу мен оны байыту, металл және қорытпалар өндіру саласында жобалар жасайды, күн және су энергетикасы саласында зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ білім берудің мультимедиалық өнімдерін жасайды. Орталық 2008 жылы 3 шілдеде құрылған, оның құрамында ғылым мен өндіріс саласында жан-жақты қызмет ететін 12 ұйым бар. Сәтбаев Университеті 2014 жылы 19 желтоқсанда оның құрамына енді.
Физико-техникалық институт
Физико-техникалық институт – Қазақстанда материал тану, жоғары энергия және космостық сәулелер физикасы саласындағы жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі. Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу мен инновациялық жобаларды іске қосу үшін институтта қазіргі заманғы ғылыми-технологиялық және аналитикалық инфрақұрылым толық жеткілікті. Ол зерттеулердің нәтижесін іске қосу Қазақстанда ғылымды қажет ететін инновациялық өндірістерді дамытуда маңызды болып саналады. Әрі ол зерттеулер халықаралық дәрежеде қолдау тауып, АҚШ, Евроодақ елдері мен Жапонияның белгілі ғылыми басылымдарында жарық көрген.
У. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты
Бұл институт Қазақстан Республикасында гидрогеология, геоэкология және су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі іргелі және қолданбалы мәселелерді шешу саласы бойынша қызмет ететін жалғыз ғылыми ұйым болып табылады. Институт жер асты суларының әр түрлерін анықтау, жер асты су ресурстарын іздеп табу мен олардың сапасын бағалау әдістері туралы заңдылықтар орнату саласында ірі-ірі іргелі және аймақтық зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ ауыз суға химиялық анализ жасаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып, техногенді гидрогеологиялық үрдістерді жобалайды және гидрогеологиялық стратификация жасап, оларды картаға түсіреді. Институт зерттеулерінің нәтижелері дүние жүзіне кеңінен танымал. Институт Қ. И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының гидрогеология және инженерлік геология бөлімі негізінде 1965 жылы құрылған.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
Институт – Қазақстандағы жетекші ірі геологиялық ғылыми-зерттеу орталық болып табылады, оның қарамағында жоғары білікті кәсіби мамандар қызмет етеді. Орталық қазіргі заманғы зерттеу-аналитикалық кешенімен жабдықталған және ол аймақтық геология, стратиграфия, минералогия, қатты, сұйық және газ тәрізді жүйелердің геохимиясы, пайдалы қазбалар кен орындары мен мұнай геологиясын зерттеу салалары бойынша жан-жақты тереңдетілген зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Институт базасында ЮНЕСКО-ның Халықаралық геологиялық корреляция комитеті белсенді түрде қызмет етеді. Сонымен қатар институт алыс және жақын шетелдердің (Ресей, ҚХР, Сербия, Германия, АҚШ, Англия, Жапония, Түркия, Бельгия және т. б.) белгілі компаниялары және мен бірлесе отырып, әртүрлі бағдарламалар мен жобалар бойынша ғылыми және қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Институт 1940 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қолдауымен құрылған.
Металлургия және кен байыту институты
Дүниежүзілік дәрежедегі ірі ғылыми-зерттеу институты минералды шикізат көздерін байыту, металлургия мен материалтану саласы бойынша жаңа технологияларды өңдеп, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ минералды шикізат көздерін байыту, металлургия мен материалтану саласының теориялық негіздерін дамытумен, соның нәтижесінде республиканың тау-кен-металлургия саласына арналған бәсекеге қабілетті технологияларды өңдеумен айналысады. Институттың металлургиялық ғылым мен практика саласындағы жетістіктері отандық және шетелдік (АҚШ, Канада, Швейцария, Германия, Англия, ҚХР, Испания, Корея, Бельгия, Чехословакия, Жапония, Венгрия, Югославия, Түркия, Ресей және т. б.) ірі конференциялар мен симпозиумдарда жоғары бағаланып келеді. 1978 жылдан бастап институт «Минералды шикізатты кешенді пайдалану» атты халықаралық ғылыми-техникалық журнал шығарады, онда тау-кен металлургия кешенінің қазіргі заманғы мәселелері мен ғалымдардың жетістіктері туралы мақалалар жарияланады.



