Корпоративные курсы
Корпоративтік
клиенттерді оқыту Келешегі зор қызметкерлер үшін инвестиция салып, өзіңіз армандаған команданы құрыңыз!
q

«Ірі компанияларды құрған адамдар дамудың негізгі үдеткіші нарық емес, технология емес, бәсекелестік емес, өнім де емес екенін түсінеді. Басқасына қарағанда, ең маңызды фактор – компанияға қажетті адамдарды табу және оларды сақтау мүмкіндігі».

Дж. Коллинз q

Сәтбаев университеті ең жақсы техникалық білім мен Сізге шабыт сыйлайтын қолайлы ортаны ұсынады, бұл сіздің командаңыздың алдында тұрған кез келген мәселелерді шешуге көмектеседі.

Сіздердің қызметкерлеріңіз міндетті түрде Сәтбаев университетінде білім алуы тиіс, егер де:

icon1

Сіз алдағы уақытқа межелі жоспар құрып, команданың алдына талап қоюға дайын болсаңыз;

icon2

Сіз бизнесті қайта құруды жоспарлаған болсаңыз;

icon3

Сіздің командаңызға стандарттар мен дағдыларыңызды жаңарту қажет болып, жаңа технологияларды қолдануды бастау керек болса;

icon4

Сіз жаңа нарықтарға шығуды жоспарлаған болсаңыз;

icon5

Команда құрамында келешегі зор жастар бар болса;

icon6

Олардың әрі қарай өсуі үшін сіз оларды ынталандыруыңыз керек.

Біздің ерекшелігіміз:

icon1
Материалдық-техникалық база

Ғылыми зерттеулер жүргізіп, алдыңғы қатарлы саналы білім алу үшін инновациялық кең инфрақұрылым бар.

icon2
Жеке тіл табу

• Әрбір компанияның жеке-жеке сұранымының кәсіби өзгешелігі есепке алынады.
• Оқу бағдарламалары тапсырыс берушінің қажеттілігіне қарай ерекше құрылады.

icon3
Инвестицияны қайтару кепілдігі

Университет, студент және компания арасында құрылған үшжақты келісім компанияның студент үшін салған шығынының орнын толтыруға кепілдік береді.

icon4
Жоғары деңгейде қызмет көрсету

Сіздің жобаңызды басынан аяғына дейін сізге бекітілген жеке менеджер жүргізетін болады, ол әрқашан 24/7 сізбен байланыста болады.

Байланыс

Хабарласыңыз:

 Жанэль Кабдрашева

 Токжан Дауренова

 Меруерт Усен

Хат жазып, коммерциялық ұсыныс алу үшін
Хат жазу

Бағдарламаның артықшылықтары:

icon1 Инновациялық тұрғыда қолайлылығы;
icon2 Өндіріс орындарында жұмыс істеуге қажетті терең әрі өзекті білім;
icon3 Оқытушылық тәжірибелері мол профессорлар мен тәлімгерлер;
icon4 Практика мен тағылымдамадан өту үшін қосымша орындар ұйымдастыру мүмкіндігі;
icon5 Сіз бір немесе екі қызметкер үшін, тіпті тұтас бір бөлімді оқытуға арналған бағдарламаға тапсырыс бере аласыз.

Біздің бағдарламалар:

  Солға қарай айналдырыңыз

Қашықтықтан білім беру Магистратура Докторантура
Білім беру бағдарламалары 16 55 39
Оқу ұзақтығы
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде – 3 жыл
  • жоғары білім негізінде – 2 жыл
  • бейінді магистратура – 1 жылдан 1,5 жылға дейін
  • ғылыми-педагогикалық – 2 жыл
  • 3 жыл:
  • 1 теориялық семестр
  • 5 семестр бойы белсенді түрде зерттеу жұмыстарымен шұғылдану
Ерекше жағдайлар
  • Колледж білімі негізінде және жоғары білім негізінде сұхбаттан өту арқылы жеңілдетілген оқуға түсу.
  • Тапсырыс беруші компания үшін халықаралық тәжірибе алмасу және тағылымдамадан өту бағдарламалары.
  • Шетелдік ЖОО-мен ынтымақтастық қарым-қатынас аясында екі ғылыми жетекші.
Толығырақ Толығырақ Толығырақ

Мына компаниялар өз қызметкерлерін Сәтбаев университетінде оқытады:

1_logo_kap 2_logo_bi 3_logo_kzhmys 3_logo_kzm
4_logo_tmk 5_logo_altalm 6_logo_kamkor 7_logo_kaztcink
Біздің білім беру бағдарламаларына қатысу Сіздің қызметкерлеріңізге кәсіби тұрғыда дамуға жаңа серпін беріп, мықты көшбасшы, тиімді менеджер және жоғары білікті инженер болуға көмектеседі.

FAQ:

1. Корпоративтік клиенттер неліктен Сәтбаев университетін таңдайды?

Сәтбаев университеті – НАОКО Ұлттық рейтингісіне сәйкес Қазақстандағы №1 техникалық ЖОО. Біздің жетістіктеріміз елдегі ең жақсы техникалық білім беруге мүмкіндік береді. Сәтбаев университеті әрбір клиентпен жеке тіл табысып, соның ыңғайына қарай амал қолданады. Білімді және жоғары білікті профессорлы-оқытушылар құрамы мен теориялық білімді іс жүзінде қолдана білу шеберлігі сіздің компанияның қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

2. Әлемде орын алып отырған жағдайларға байланысты оқу үрдісі қалай жүргізіледі?

Сәтбаев университетінде заманауи әлемдік сын-қатерлерге жауап беруге және кез келген форматта білім беруге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту бағдарламасы бар. Студенттер Blended Learning жүйесін қолдана отырып, PolyTech Online білім беру порталында оқиды, аттестациялау мен емтихандар кезіндегі байланыс сағаттары ескеріле отырып, бұл ресурс аясында білім мен курстарға қол жетімділік онлайн форматында ұсынылады. Бұл жүйе өзара жеке байланысты азайтады және COVID-19 таралуына жол бермейді.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту