Университет тарихы

Горно-металлургический корпус

Сәтбаев университеті – Қазақстан Республикасындағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі. Қ. И. Сәтбаев атындағы университеттің – республикадағы инженерлік білім беретін ең басты оқу ордасының тарихы мемлекеттің тарихымен, оның ғылымымен, мәдениетімен, жоғары білім беру жүйесімен сабақтасып, ұштасып жатыр.

ХХ ғасырдың 30-жылдары халық шаруашылығының технико-экономикалық дамуын арттыру мақсатында елде шұғыл түрде жоғары техникалық білім беру жүйесін дамыту қажеттігі туды. Осы қажеттіліктің арқасында құрамында екі: тау-кен және түсті металдар факультеті бар Қазақ тау-кен-металлургиялық институтының (ҚазТКМИ) кірпіші Қазақстанның астанасы Алматы қаласында қаланды. Сөйтіп, ҚазТКМИ қабырғасында 1934 жылы 19 қыркүйекте алғашқы қоңырау шырылдап, бірінші оқу жылы басталды. Міне, дәл осы күн – Қазақстанда техникалық ғылымның негізі қаланған күн болып табылады.

Қазақстанда геология, тау-кен ісі, металлургия саласында ғылыми және практикалық қызметтің қалыптасып, дамуы барысында институт өте маңызды роль атқарды. Институт базасында қалыптасқан ғылыми мектеп республикада шикізат кені базасын дамытуға, тау-кен және металлургиялық өндірісте жаңа технологияларды ұйымдастыруға сүбелі үлес қосты.

Қазақ тау-кен-металлургиялық институтының қалыптасуы мен дамуына әйгілі академиктің де сіңірген еңбегі өте мол. Белгілі ғалым Қаныш Имантаевич Сәтбаев 1937–1938 жылдардан бастап инженер-геологтардың алғашқы түлектерінің Мемлекеттік емтихан комиссиясына төрағалық етті. Ал Ұлы Отан соғысы жылдарында институттың Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. 1941–1964 жылдары Қ. И. Сәтбаев басқарған Геология ғылымдары институты республикада геологиялық ғылымды дамытудың орталығына айналды. Ұлы Отан соғысының аяғына таман, яғни 4 жылдан кейін институт елдегі геология саласының ең ірі ғылыми ұжымына айналды.

1960 жылы институт Қазақ политехникалық институты (ҚазПТИ) болып өзгерді. 1967 жылы институттың автоматика және есептеу техникасы факультетінде тұңғыш рет «Дос-Мұқасан»» вокалды-аспаптар оркестрі құрылды. 1980 жылы институт базасында Сәулет-құрылыс институты ашылып, ҚазПТИ-дің сәулет және инженерлік-құрылыс факультеті мен сырттай оқытатын Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтының Алматыдағы филиалы жаңадан ашылған институттың негізіне айналды.

ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЗАМАН

1934-1937

1937-1941

1941-1945

1946-1958

1959-1961

1962-1967

1968-1984

1985-1990

1990-1998

1999-2004

2006-2013

2014-2018

2019

ҚЫРКҮЙЕК 1934

Қазақ тау-кен металлургия институты мына мамандықтар негізінде құрылды: «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», «Гидрогеология және инженерлік геология». ҚазТКМИ-дің алғашқы директоры – Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев (1906–1938).

Ә.Ж. Бүркітбаев
Ә.Ә. Ермеков
1935-1936

«Кен орындарын пайдалану» және «Түсті және асыл металдар металлургиясы» мамандықтары бар екі жаңа тау-кен және металлургия факультеттері, сондай-ақ жаңа «Электротехника», «Теориялық механика», «Жалпы геология», «Кен орындары», «Гидрогеология», «Тау-кен ісі», «Петрография», «Минералогия және кристаллография» кафедралары ашылды. Алғашқы оқытушылардың бірі – Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891–1970), қоғам және мемлекет қайраткері, Томск политехникалық институтының түлегі, «Алаш» партиясының мүшесі, Қазақ автономиясын құрудың және қазақ жерлерін біріктірудің белсенді қатысушысы, ғалым, математикадан алғашқы қазақ профессоры, 1930-жылдары математика пәнінен оқу құралдарын қазақ тілінде әзірлеумен белсенді айналысқан.

ҚазТКМИ-дің 1936 жылы салынған қорпусы
1936-1937

Алматы қаласы аймағындағы сызаттардың пайда болуы мен орманды-сазды қатқабаттағы жауын-шашынның себептерін зерттеу бойынша және «Мойылды көлінің тартылуы мен суландыру әдісін» зерттеудің алғашқы келісімшарттық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.

1937-1939
 

Алғашқы түлектер –
26 инженер бітіріп шықты, олардың 11-і геолог, 15-і гидрогеолог. Жаңа «Ауыр түсті металдар металлургиясы», «Кен көлігі», «Тау-кен механикасы», «Тарихи геология және палеонтология», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Жылу техникасы», «Кен орындарын әзірлеу», «Пайдалы қазбалар» кафедралары құрылды.

1939

«Физикалық және коллоидтық химия», «Барлау ісі», «Қазбаларды жүргізу және нығайту», «Кенді желдеткіш және техника қауіпсіздігі», «Тау-кен электротехникасы», «Металлургиялық пештер», «Жеңіл және асыл металдар металлургиясы», «Маркшейдерлік іс», «Әскери ісі» КАФЕДРАЛАРЫ ЖАҢАДАН АШЫЛДЫ.
56 инженер бітіріп шықты, оның ішінде 32 кенші-инженер. Олардың арасында тұңғыш қазақтың кенші-инженер қызы Р.М.Мұхамеджанова болды. Күндізгі және сырттай оқитын аспирантура құрылды, аспирантураға Қазақстан мәдениеті мен ғылымы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен бастау алатындығын кейін әлемге танытқан Ақжан Машанов қабылданып, сол арқылы ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі Қазақстан тарихына «алтын әріптермен» мәңгілікке енді.

 
Ө.А. Байқоңыров
А.Ж. Машанов
Ілияс Есенберлин
1940-1941

Институтты 88 инженеров,
бітіріп шықты, олардың ішінде алғашқы 25 инженер-металлург болды. Жаңа «Физикалық электротехника және коллоидты химия», «Құрылысы және қолданбалы механика мен графика», «Асыл металдар металлургиясы және металтану» кафедралары құрылды. Бұл жылдардың айтулы түлегі – Ілияс Есенберлин кейіннен әлемге танымал қазақ жазушысы атанды.

ҚазТКМИ-дің 1941 жылғы түлектері. Ортаңғы қатарда оң жақта Ілияс Есенберлин; төменгі қатарда оң жақта Ө.А. Байқоңыров
1941-1945

ҚазТКМИ-дің алты студенті мен түлегі ерекше ерлік пен батылдық танытқандары үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олар: Владимир Алексеевич Засядко, Николай Данилович Маркелов, Николай Иванович Ященко, Мұса Баймұханов, Максим Герасимович Губанов, Алексей Георгиевич Торопкин.

В.А. Засядко
Н.Д. Маркелов
Н.И. Ященко
М. Баймұқанов
М.Г. Губанов
А.Г. Торопкин
1941

Эвакуацияланған МТМжАИ-бен біріктірілген ҚазТКМИ базасында жаңа «Металдарды қысыммен өңдеу», «Электрохимия және коррозия», «Құю мен балқытуды өндіру», «Металтану» кафедралары ашылды.

1941-1943

«Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығына қосымша «Түсті металдар мен балқымалар дайындау», «Түсті металдар өндіру экономикасы» мамандықтары ашылып, осы екі мамандық негізінде Технология факультеті құрылды.
«Металтану және термиялық өңдеу, құю және балқыту» мамандықтарының жаңа зертханалары ашылып, «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығына арнайы кабинет берілді.

1942

Алғашқы инженер-маркшейдер түлектері бітіріп шықты.
Соғыстың бес жылында институт 65 ірі ғылыми-зерттеу, 6 іздеу топографиялық және маркшейдерлік жұмыстарды атқарды.

1942-1943

Дайындық курстары дайындық бөліміне қайта ұйымдастырылды, 208 адам қабылданды, оның ішінде 21 қазақ ұлтынан болды. Бесінші болып құрамында «Мұнай кәсіпорны ісі» және «Мұнай кен орындарының геологиясы» атты екі мамандығы бар мұнай факультеті ашылды.

1944

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы табанды еңбек еткені үшін 1944 жылы профессор Х.К.Аветисян Еңбек Қызыл Ту орденімен, профессор Е.Д. Шлыгин және доцент В. В. Фаворский – Қызыл Жұлдыз орденімен, профессор А. В. Бричкин, доценттер И.И.Бок, И.З.Лысенко, А.Н.Карташов – «Құрмет белгісі» ордендерімен, доцент Г.Ц.Медоев – «Үздік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Институттың 81 ғылыми қызметкері және лаборанты «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

Х.К. Аветисян
Е.Д. Шлыгин
И.И. Бок
Г.Ц. Медоев
«1941–1945 жж.
Ұлы Отан соғысындағы ерен
еңбегі үшін» медалі
1945

ҚазТКМИ-дің 33 қызметкері КСРО ТМХК «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен, КСРО ТМХК-ның Мақтау қағазымен марапатталды, 32 адам Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталды. Профессорлар Х.К. Аветисян, Е.Д. Шлыгин және А.В.Бричкиндер «Қазақ КСР Ғылым мен техникасына еңбегі сіңген қайраткер» құрметті атағын алды. Соғыс аяқталғаннан кейін барлық бес факультет бойынша 748 студент оқуға кірісті.

1946

Институт соғыстан кейінгі бірінші жылы 65 инженер даярлап шығарды, олардың ішінде Жамал Мұсағалиқызы Қаңлыбаева – алдымен кандидат атағын, кейіннен тау-кен ісі саласында техника ғылымының докторы атағын иеленген, Қазақ КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі болған алғашқы қазақ қызы. Оның ұсынған радиоактивті изотоптарды қолдануға негізделген көмір қыртыстарын өңдеу кезіндегі тау жыныстарының кернеулі күйін қадағалау әдісі бүкіл әлемнің тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында кеңінен қолданылады.

Ж.М. Қаңлыбаева
1947

Институтта төмендегідей факультеттер мен мамандықтар жұмыс істеді: Тау-кен факультеті мына мамандықтар бойынша: «Кенді және шашыранды қазбаларды өңдеу», «Маркшейдерлік іс», «Қыртыст, (көмірлі) кен орындарын өңдеу», Металлургия факультеті: «Түсті, асыл және сирек металдар геологиясы және барлау»;
Геологиялық барлау факультеті мамандықтары: «Пайдалы қазбалар кенорындарының геологиясы және барлау», «Инженерлік геология және гидрогеология». МЕК құрамында Тау-кен факультеті бойынша мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болып ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Д.А.Қонаев тағайындалды.

 
Д.А. Қонаев
1949

Жылдың көрнекті түлегі – Шахмардан Есенұлы Есенов. Жезқазған кешенді геологиялық барлау экспедициясының аға геологы, бас геологы, бас инженері болды. 1961–1967 және 1974–1978 жылдары ҚазКСР геология министрі, 1967–1974 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті және ҚазКСР ҒА Геология ғылымы институтының директоры, 1978–1994 жж. Қазақ Политехникалық институтының кафедра меңгерушісі, профессоры болды.

1950

ҚазТКМИ-де 3 факультет және 25 кафедра бар. Жыл түлегi – Букетов Евней Арыстанұлы. Ассистент болып, кейін Жеңіл және сирек металдар металлургиясы кафедрасында доцент қызметін атқарған. 1960 жылы Қарағанды қаласында ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының директоры болып тағайындалды. 1969 жылы Е.А. Букетов КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1972 жылдың наурыз айынан 1980 жылдың қаңтар айына дейін Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды.

Ө.А. Байқоңыров
Е.А. Букетов
Ш.Е. Есенов
1952

ҚазТМИ-дің түлегі Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров институт директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен жаңа мамандықтар ашылды: құрылыс, сәулет, мұнай, компьютерлік техника және информатика мамандықтары, кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша Ғылыми кеңестер ұйымдастырылды. Жаңа студенттік қалашық құрылысы басталды. Қазақстандағы ірі кәсіпорындар базасында бұл институттың филиалдары мен факультеттерін тікелей ұйымдастыру идеясы Ө.А. Байқоңыровқа тиесілі.

1953

ҚазТКМИ-дің ғылыми студенттік қоғамы 34 үйірмені біріктірді, оған шамамен 700 студент қатысты. Студенттер үйірмесінің жұмысына 10 ғылым докторы мен профессорлар, 30 ғылым кандидаты және доценттер (соның ішінде 2 мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары) және 23 аға оқытушы жетекшілік етті.

1957

Тау-кен факультетінде «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы ашылды.

1958

ҚазТКМИ көмегімен Өскемен құрылыс-жол институты ашылды.

 
Өскемен қаласының ең басты алаңы
Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты
1959-1960

«Түсті металлургиядағы өндірістік процестерді автоматтандыру», «Тау-кен өнеркәсібіндегі өндірістік процестерді автоматтандыру» және «Қара және түсті металлургия зауыттарын механикалық жабдықтау» мамандықтары ашылды. Рудный қаласында 1964 жылы ҚазТКМИ филиалы болып қайта құрылған Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинатының базасында кешкі өндірістік факультет өз жұмысын бастады.

8 ШІЛДЕ 1960

ҚазТКМИ Қазақ Политехникалық институты болып қайта құрылды және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кірді.

1960-1961

Мұнайшы-инженерлерді оқыту қайта жаңғыртылды, «Мұнай және газ кен орындарының геологиясы және барлау» кафедрасы мен «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Сәулет» мамандықтары аясында Инженерлік-құрылыс факультеті ашылды.

 
Ғылым мен жоғары мектеп қызиметкерлерінің кеңесі. Мәскеу, Кремль, 1961
1962

Институттың Ғылыми кеңесіне докторлық диссертацияларды қорғау және бекіту құқығы берілді.

 
1963

Өнеркәсіп, тұрғын үй және мәдениет ғимараттарын жылыту, желдету және газдандыру жүйесін орнату мен пайдалану бойынша құрылысшы-инженерлерді даярлайтын «Жылу және газбен жабдықтау және желдету» мамандығы ұйымдастырылды. Политехшы-студенттердің бірінші құрылыс отряды тың игеруге жіберілді, олар еңбектегі ерлігі үшін Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы Орталық Комитетінің Ауыспалы Қызыл туымен марапатталды.



«Бүкілодақтық лениншіл коммунистік
жастар одағының» төсбелгісі. 1945
1964

ҚазПТИ көмегімен Целиноград инженерлік-құрылыс институты ашылды

1966-1967

Студенттер контингенті 8210 адамды құрады, 7 факультет және 40 кафедра жұмыс істейді. 1. Инжиниринг және экономика; 2. Мұнай; 3. Сәулет факультеттері жаңадан ашылды.

1966

Инженер-құрылыс мамандығының түлегі Владимир Бакулин – совет классикалық күрес стиліндегі балуан, 1968 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, КСРО чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Жәнібек Саурамбаев – волейболшы, КСРО құрамасының ойыншысы, 1965 жылғы Әлем кубогының жүлдегері, КСРО чемпионы, Еуропа чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері, көп жылдар бойы «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Ж. Саурамбаев
1967
«Дос-Мұқасан» ансамблінің алғашқы құрамы

Қазақ эстрадасының аңызына айналған «Дос-Мұқасан» вокалдық-аспаптық ансамблі құрылды. Қазақстан музыка өнерінің дамуының түбегейлі жаңа кезеңі дәл осы ұжымнан басталады. «Дос Мұқасан» – АҚШ-та болған алғашқы қазақ музыкалық ұжымы, Бүкілодақтық қоғамдық-саяси және әдеби-музыкалық «Kругозор-1» дыбыс журналы беттеріне шыққан жалғыз қазақ музыкалық тобы.

1968

Бейіндік кафедралардың филиалдары Балқаш, Өскемен қорғасын-мырыш, Лениногорск полиметалл және т.б. ірі тау-кен металлургиялық комбинаттарында, сондай-ақ ҚазКСР ҒА-ның бірқатар ғылыми-зерттеу институттарында ашыла бастады.

1970 ҚазПТИ-ге В.И. Ленин есімі берілді.
1972

КСРО-ның кен-металлургия, мұнай-газ, геология, энергетика және құрылыс салаларының мамандары тәжірибеден өтіп, қайта даярлаудан өтетін өндірісті ұйымдастырушылар факультеті құрылды.

1974

Жыл түлегі – Қазбек Валиев, альпинист, Эверестті бірінші бағындырушы, «Қар барысы», халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР альпинизм бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

 
Қазбек Валиев
Аңызға айналған жұп: Қазбек Валиев пен
Валерий Хрищатый
Қ. Валиев 9 рет бағындырған Коммунизм шыңы.
1982 жылғы сурет
1975

ҚазПТИ-дің Энергетика факультетінің базасында Алматы энергетикалық институты (қазіргі Алматы энергетика және байланыс университеті) құрылды.

 
Алматы энергетика және байланыс институты
1978

ҚазПТИ тарихында алғаш рет Куба, Вьетнам, Камерун, Сириядан келген шетелдік студенттер автоматтандыру және компьютерлік техника, геологиялық барлау, тау-кен өнеркәсібі факультеттерінде оқи бастады. ҚазПТИ-де оқитын шетел студенттеріне арнайы факультет ашылды.

 
Куба студенттері Алматыда, 1978
1979

ҚазПТИ-дің сәулет және инженерлік-құрылыс факультеттерінің, сондай-ақ Бүкілодақтық сырттай оқитын инженерлік-құрылыс институтының Алматы филиалының базасында Алматы қаласында Сәулет-құрылыс институты ашылды.

26 ШІЛДЕ 1984

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудағы және ғылыми зерттеулерді дамытудағы еңбегі үшін В.И. Ленин атындағы ҚазПТИ Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1985

Институтта 1100-ден астам адам жұмыс істейді, оның ішінде 1 академик және ҚазКСР Ғылым академиясының 10 корреспондент-мүшесі, КСРО Ленин және Мемлекеттік сыйлықтардың 5 лауреаты бар. Университеттің тарихындағы ең маңызды қадам қазақ тілінде оқытуды енгізу болды. Бес жыл бойына Институт өнертабысқа 746 өтінім ұсынып, 411 оң шешім, 4 патент алды. Ғылыми жетістіктерге жету үшін институттың 8 ғалымы академик Қ.С. Сәтбаев атындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жүлдесіне ие болды, 4 ғалым ҚазКСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Институттың 19 қызметкері докторлық диссертация, ал 145 қызметкері – кандидаттық диссертация қорғады.

 
 
1986

ҚазПТИ студенттері Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы қадамына айналған Желтоқсан оқиғасына қатысты.

 
1989

Институт ғалымдары Шығыс Арал маңында 1:20000 масштабта мамандандырылған кешенді экологиялық-инженерлік геологиялық және гидрогеологиялық түсірілім жүргізілді. Берілген зерттеулердің нәтижелері Аралды құтқару бойынша жүргізілген іс-шаралар кешенін әзірлеудің негізін құрады.


1986-1990 ӨТКЕН ХII БЕСЖЫЛДЫҚТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

Каспий маңы ойпатының теңіз аумағы магниттік өрісіне талдау жасау нәтижелерін пайдалана отырып, геология және гидрогеология саласында жаңа бағыттар мен әзірлемелер пайда болды. Мұндай жұмыс алғаш рет жүргізілді және дүние жүзінде оған ұқсас аналог болмады.

1990 Қазан айында ҚазПТИ-де «Қазақ тілі» кафедрасы алғаш рет құрылды.
1992
Е.М. Шайхутдинов

Геология саласында шаруашылық шарттар бойынша Қазақстанның гравиметрикалық карталарын басылымға дайындау үшін сейсмикалық және аэроғарыштық мәліметтерді кешенді талдау жұмыстары жүргізілді.
ҚазПТИ ректоры Еренғайып Мәлікұлы Шайхутдинов Қазақстандағы жоғары молекулалық қосылыстар химиясының негізін салушы әрі іргелі және қолданбалы зерттеулері мойындалған ғалым ретінде атанды. Оның жетекшілігімен мамандарды көп деңгейде даярлау әдісі енгізілді, бұл өз кезегінде Институтқа университет мәртебесін беруге ықпал етті.

1993

Түбегейлі экономикалық өзгерістер жағдайында ҚазПТИ ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылыми әлеует пен негізгі ғылыми бағыттарды ескере отырып жүргізеді. Қалыптасып жатқан ғылыми мектептер мен бағыттар жоғары технологияларды әзірлеу бойынша теориялық негіздер мен технологиялық нұсқаулықтар жасауға бағытталды. Тау-кен ісі факультетінің «Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы өндірістік экология бойынша мамандар даярлай бастады.
Тоқсаныншы жылдардың ортасында:
«Южнефтегаз» МАҚ,
«Казахтуркмунай»,
кенді басқару орталығы «КАТЭП» ҰАК
«Жезказганцветмет» АҚ,
Павлодар алюминий зауыты,
Қарметкомбинаты және тағы басқа кәсіпорындармен шаруашылық шарттар жүргізілді.
1992 жылы ҒЗЖ бойынша – 158, 1993 жылы – 90, 1994 жылы – 44, 1995 жылы – 22, 1996 жылы –12 шаруашылық шарттар орындалды.

1994

ҚазПТИ Қазақ Ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан химия, мұнайды қайта өңдеу, металлургия өнеркәсібі мен полиграфия кәсіпорындарына арналған инженер мамандарды даярлау мақсатында «Полиграфиялық машиналар мен автоматтандырылған кешендер», «Органикалық емес заттардың химиялық технологиялары», «Жоғары молекулярлы қосылыстардың химиялық технологиясы», «Полиграфиялық өндірістің технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары бойынша технологиялық факультет құрылды. Осы жылы университеттің «ҚазҰТУ Хабаршысы» ғылыми журналы шыға бастады.

1995

Өнеркәсіп орындарына қажетті жоғары білікті инженер кадрлары мен жоғары оқу орындарына техникалық пәндер бойынша оқытушыларды Қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру жөніндегі республикалық орталық (ҚБАРО) Университет жанынан құрылды. Университет Қазақстанда жұмыс істейтін «Siemens» және «Schlumberger» сияқты ірі шетел фирмаларының негізгі оқу орнына айналды, Англия, Италия, Канада, Жапония, Финляндия, Германия университеттерімен ынтымақтастық орнатыла бастады. Университет Tempus-TACIS еуропалық бағдарламасына белсенді қатысып келеді.

1996

ҚазҰТУ ТМД-да Ресей техникалық университеттерінің ассоциациясына кірген жалғыз жоғары оқу орны болып есептелді. Университетте геология және тау-кен ісі, мұнай және газ, машина жасау, технология және экология, автоматтандыру мен ақпараттандыру, металлургия, энергетика мен байланыс мамандықтары бойынша 6 оқу-ғылыми өндірістік кешен құрылды.

1998

ҚазҰТУ-да ҚР ҒА 10 және әртүрлі халықаралық академиялардың 7 академигі жұмыс істейді. «Қолданбалы экология» мамандығы бойынша инженер-экологтардың алғашқы түлектері бітіріп шықты.

22 қыркүйек 1999
Қ.И. Сәтбаев

Еліміздің инженер-техникалық кадрларын даярлауға қосқан еңбегі үшін ҚазҰТУ-ға көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – әлемге танымал ғалым, кеңестік металлогения ғылымының негізін қалаушылардың бірі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА академигі, КСРО ҒА толық мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті.
Адамгершілік қасиеттері мен ұйымдастырушылық қабілеті зор, Отаны мен халқына адал қызмет еткен адам. Ол – Қазақстан ғылымының дарынды ұйымдастырушысы, сондай-ақ ашылу кезінде әлемдегі ең ірі, қоры бай деп табылған Ұлытау-Жезқазған мыс кенорнын ашқан геолог ретінде танымал болды. Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбек жолы Университетіміздің дамуымен тікелей байланысты.
1926 жылы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Томск технология институтын Геологиялық барлау мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері біліктілігін иеленеді. Атбасар түрлі-түсті металдар тресіне геологиялық бөлімнің бастығы қызметіне жолдама алып, 1927 жылы аталған трестің басқарма мүшесі болып сайланады. 1941 жылы Қазақстан КП ОК 2-ші хатшысы Ж. Шаяхметовтың бастамасымен Қаныш Сәтбаев Алматы қаласына жұмысқа ауыстырылады. Ол Геология ғылымдары институтының директоры және ҚСРО Ғылым академиясы қазақ филиалы (КСРО ҒА ҚФ) Президиумы төрағасының орынбасары болып тағайындалады.
Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы негізінен геология, тарих және мәдениетті қамтиды. Қаныш Имантайұлы ірі ғалым болумен қатар, тәжірибелі инженер болған. Ол геологиялық ғылым мен тәжірибені бір-бірінен ажыратуға болмайтындығын ерекше атай отырып, практикалық геология үшін оның теориялық негізін жасау өте маңызды мәселе деп санады, сондай-ақ кенорындарды болжаудың ғылыми негізін әзірлеумен айналысты.

2000

Университет жанынан 6 институт құрылды: А.Машани атындағы Жаратылыстану-гуманитарлық институты, Инженерлік-экономикалық институт, Ақпараттану және ақпараттық технология институты, Геология және мұнай-газ ісі институты, Машина жасау, технология және экология институты, О.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты.
14 мамандық бойынша докторлық диссертация қорғайтын 9 диссертациялық кеңес, 3 мамандық бойынша кандидаттық диссертация қорғайтын 2 диссертациялық кеңес ашылды.
Студенттердің білім беру бағдарламаларына «Сәтбаевтану» курсы енгізілді, жыл сайын ерен еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлық тағайындалды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да «Schlumberger» халықаралық компаниясының, Tempus-TACIS бағдарламасының, білім беру мен ғылым академияларының Еуропалық қорының тұсаукесері өтті.

5 шілде 2001

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға ерекше мәртебе берілді.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика жоғары оқу орындары басшыларымен бірге
2004

Университет еуропалық жетекші 500 ЖОО-ның гильдиясына кірді. Болонья қаласында (Италия) «MagnaChartaUniversitatum» университеттерінің Ұлы Хартиясына қол қойып, Еуропалық жоғары білім беру аймағына енгенін заңды түрде рәсімдеді.
Университет Еуроодақтың жетекші техникалық оқу орындарының консорциумына, «Solan Energy» ғылыми-техникалық орталығының халықаралық ассоциациясына кірді, сонымен қатар Ресей техникалық университеттер ассоциациясына мүше болып, АҚШ оқу орындары консорциумының құрамына кірді. Сәулет-құрылыс саласына қажетті мамандарды даярлау ісі жандандырылды.

2006

ҚазҰТУ-дың Экологиялық-экономикалық институты базасында Құрылыс және экология институты құрылды, кейін 2007 жылы Құрылыс, сәулет және экология институты болып атауы өзгертілді, ал 2008 жылы Сәулет және құрылыс институтына Т.К. Бәсеновтың есімі берілді.
Энергетика, электротехника мен автоматтандырылған жүйелерге техникалық қызмет көрсету салалары бойынша мамандар даярлау жөніндегі Қазақстан-Француз білім беру орталығы ашылды.




2007

«Шеврон» компаниясы Кембридж университеті, Массачусетс технологиялық университеті, Стэнфорд университеті, Оңтүстік Калифорния университеті, Калгари Университеті сияқты әлемнің 16 жетекші университеттерімен бірге посткеңестік кеңістікте бір ғана ЖОО-мен – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен ынтымақтастық орнататынын хабарлады.


2008

Колорадо тау-кен мектебінің өкілдері Университетке ресми сапармен келді. Кездесу барысында қонақтар тұсаукесерлер өткізіп, профессорлық-оқытушылық құраммен ынтымақтастық туралы жоспарды талқылады.

2009

Бакалавриатта жеке эксперименталды оқу бағдарламаларымен оқыту басталды. Университетте кадрларды даярлау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі жүйесі бойынша жүргізіліп келеді (бакалавриат – магистратура – докторантура PhD).

2011

Университетте студенттердің, магистранттардың және ОПҚ-ның АҚШ, ЕО, ТМД мен Азияның серіктес ЖОО-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүргізілуде.

2012

ҚазҰТУ – Қазақстан ЖОО арасында әлемнің жоғары оқу орындарын институционалды бағалау бойынша Thomson Reuters агенттігінің жобасына кірген жалғыз университет.


2013

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ британдық QS зерттеу агентігінің нұсқасы бойынша әлемнің 800 ең үздік оқу орындарының қатарына кірді.


19 Желтоқсан 2014

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

2015

«Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ құрамына «Парасат» ҰТО АҚ және жетекші ғылыми-зерттеу институттары енді: «У.М.Ахмедсафин атындағы Гидрогеология и геоэкология институты» ЖШС, «География институты» ЖШС, «Физика-техникалық институт» ЖШС, «Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты» ЖШС, «Металлургия және кен байыту институты» ЖШС. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жетекші екі техникалық жоғары оқу орны ҚБТУ мен ҚазҰТЗУ біріктірілді, оның жаңа ректоры болып Е.Қ.Бейсембетов тағайындалды.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры Ескендір Бейсембетов
Қазақстанның Тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде
2016
«ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның өндіріс жөніндегі
Бас директоры Бауыржан Ибраев пен Қ.И. Сәтбаев
атындағы ҚазҰТЗУ Ректоры Ескендір Бейсембетов

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ арасында атом мен баламалы энергетика және кадрлар дайындау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім жасалды. Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы құрылды.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТЗУ әлемдік университеттер рейтингісіне (QS World University Rankings) сәйкес әлемдегі ең үздік 600 университеттің қатарына енді.
Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингілік агентіктің бағалауы бойынша ҚазҰТЗУ Қазақстандағы ЖОО арасында көшбасшыға айналды.
Индустрияның қаржы көздерін тарту арқылы жалпы сомасы 421 195 мың теңгеге ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды.

2017

ҚБТУ акцияларын 100 пайыздық сенімді басқару бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК мен Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ арасында құрылған шарты 1 қыркүйекте аяқталды. Осы кезден бастап екі ЖОО өз алдына жеке ғылыми-зерттеу мекемелері ретінде дамып келеді.

Қазан 2017

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ребрендинг өткізіп, атауын Сәтбаев Университеті (Satbayev University) деп өзгертті. Жасанды интеллект жасау бойынша арнайы Цифрлық техника және технологиялар институты құрылды.
Университет QS World University Rankings халықаралық рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік 800 университеттің арасында 415-орынды иеленіп, қазақстандық үздік ЖОО-ның үштігіне енді.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жалпы сомасы 910 233 мың теңгеге ғылыми зерттеулер жүргізілді (жыл қорытындысы бойынша көрсетілген сома толық көлемде игерілді).

2018

«Парасат» ҰТО АҚ Сәтбаев Университетінің технологияларды коммерцияландыру орталығы болып белгіленді, негізгі мақсаты – инновациялық өнімдерді нарыққа ұсыну, сондай-ақ техникалық және технологиялық мәселелерді, экономиканың шынайы секторының қажеттіліктерін анықтау мен талдау арқылы университет ғалымдарының ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін өнеркәсіптік секторда коммерцияландыру.

 

Baker Hughes және General Electric Company-мен бірге «Кен орындарын талдау және дайындау халықаралық орталығы» құрылды. Сәтбаев Университеті және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды облысындағы көмір метанын барлау және өндіру жобасын жүзеге асыру үшін бірігіп «Satbayev University & ArcelorMittal Temirtau Gas Production» АҚ («SUAMGas» ЖШС) кәсіпорнын ашты. SU коммерцияландыратын жобаларды арттырып келеді және экономикадағы 202 өнеркәсіптік көшбасшымен 1 080 485 мың теңге көлемінде шаруашылық шарт жасасты.

SU Quacquarelli Simonds (QS) университеттер рейтінгісіне сәйкес Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы үздік ЖОО топ-100-ке (50-орын) енді.
2016 жылдан 2018 жылға дейін Сәтбаев университеті QS World University Rating халықаралық рейтингісінде әлемдегі 800 үздік университеттің арасында 411-420 орындарды иеленді. Айрықша 100 позициядан артық жылдық өсімді көрсетіп, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің «Сарапшылардың репутациялық бағасы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағасы бойынша көшбасшы» рейтингі номинацияларынан бірінші орындарға ие болды.

2019

Сәтбаев университеті конкурстық негізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден (3 жылға 7 467 млн. теңге), қаржы көлемінен елдегі ЖОО арасында бірінші орынды ұтып алды, бұл 2015 ж. салыстырғанда 1,74 есеге артық болуы университеттің ғылыми-техникалық және зерттеу әлеуетінің жоғары екендігінің көрсеткіші. Сәтбаев университеті мен оның еншілес бөлімшелеріндегі 3900 қызметкердің 70%-нан астамы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.
Сәтбаев университетінің шикізат экономикасындағы геологиялық барлау, кенорындарын игеру және өндірілген кейбір пайдалы қазбаларды байыту бағыттары бойынша өндірістік сектордың мамандарын дайындау бағдары енді Цифрлық Қазақстан үшін кадрлар мен ҒЗТКЖ даярлауға ауысты. Жұмыста екі аспект күшейтілді: шынайы қолданбалы жобалар және әлемдегі болып жатқан үдерістерді ескеріп, білім беру сапасын арттыру – бұл цифрландыру және жаңа пәндерді меңгеру үшін ағылшын тілінің маңызын арттыру. Бұл туралы Сәтбаев университетінің ректоры Ескендір Бейсембетов 5 ақпандағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуде баяндап берді.

29 наурыз 2019

Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының мұз алаңында «Политехтің» әр жылдағы түлектері мен «Дельта» командалары арасында жолдастық хоккей матчы ұйымдастырылды. Матчтың қатысушылары мен жанкүйерлері Сәтбаев университетінің топ-менеджерлері, өндірістің еңбек сіңірген еңбеккерлері, бизнесмендер, спортшылар және қоғам қайраткерлері болды.

 

Сәтбаев Университеті Ректор аппаратының басшысы
Берік Мықтыбаев мұз айдынында
10-11 сәуір 2019

Сәтбаев университеті қалаларды жоспарлау мен салу тәжірибесіне цифрлық технологияны енгізуге бағытталған BIM-технология бойынша жыл сайын өткізілетін ІІІ Халықаралық инновациялық форум қатысушыларын қабылдады. Іс-шараны ұйымдастырушылар Сәтбаев университетінің құрылымына кіретін Т.Бәсенов атындағы Сәулет, құрылыс және энергетика институты, Халықаралық Сәулет академиясы және «Autodesk» халықаралық компаниясы болды. Жұмыстар «Қала құрылысы жүйесін тұрақты дамыту – заманауи үрдіс», «Ақылды қала және цифрлық технологиялар», «Мәдени мұра тұрақты дамудың факторы іспеттес» секілді өзекті бағыттар бойынша өткізілді. Орта Азия, Ресей, Германия, Италия және Бельгия елдерінен келген сәулет саласының сарапшылары өз жұмыстарымен таныстырды.

11 сәуір 2019

Сәтбаев университетінде жыл сайын өтетін дәстүрлі Сәтбаев оқулары аясында «Инновациялық технологиялар – экономиканың рудалық және мұнай-газ секторындағы іргелі және қолданбалы міндеттерді табысты шешудің негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция елді дамытудың инженерия, құрылыс, жоғары технологиялар, машина жасау және білім беру секілді негізгі салаларындағы өзекті мәселелерге арналды. Конференцияда 600-ден астам баяндама оқылды. Секциялық отырыстарға Сәтбаев университетінің оқытушылары мен студенттері, сонымен қатар Қазақстанның басқа да қалалары мен шетелдерден келген қонақтар қатысты.

12 сәуір 2019

SU-да Қ.И.Сәтбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі салтанатты түрде үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Салтанатқа Қазақстанның көрнекті қайраткерлері, шетелдік қонақтар, университет қызметкерлері мен студенттері қатысып, қазақ даласының Ұлы перзенті, ғалым-геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың рухына тағзым етіп, құрмет көрсетті. SU Қазақстан Ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналып өткізілген салтанатты жиналысқа қатысты. Оған 500-ден астам адам қатысты: Қазақстанның академиктері мен ғалымдары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Ф.Н. Жақыпова, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшелері. Салтанатты сәттен кейін ғалымдарға марапаттар табысталды.
Сәтбаев университетінде демеушілер мен қызметкерлерді марапаттауға арналған салтанатты құттықтау бағдарламасы өтті. ҚазҰТЗУ басшылығы меценаттарды Университетке сіңірген еңбегі үшін марапаттады, олардың көпшілігі – аты аңызға айналған Политехтің өз түлектері. Өз кезегінде «Тау-кен өндірушілері және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТМКҚ), Қазақстанның ядролық қоғамы білікті кадрларды даярлауға белсенді түрде атсалысқаны үшін университет қызметкерлерін Құрмет грамоталары және төсбелгілермен марапаттады.
Бұл атаулы күндегі мерекелік іс-шараны 54-ші «ҚазҰТЗУ көктемі» дәстүрлі фестивалі лауреаттарының дүркіреген Gala-концерті қортындылады. Концерттің құрметті қонақтары республиканың басқа қалаларынан және жақын шетелдерден келген әріптестеріміз, университет ардагерлері, демеушілер мен әр жылдағы түлектер болды


Сәтбаев Университетінің 85 жылдық мерейтойы мен академик Қ.И. Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толу мерекесіне арналған гала-концерт
23 мамыр 2019
Халықаралық IQAA рейтингісі бойынша Сәтбаев Университеті Қазақстандағы №1 техникалық жоғары оқу орны мәртебесіне ие болды.

Сәтбаев Университеті
Ректоры
1934-1937

ҚазТКМИ алғашқы директоры қызметіне Әшір Жанәліұлы Бүркітбаев тағайындалды, Орал-Қазақстан өнеркәсіп академиясын үздік бітірген білікті маман. Әшір Жанәліұлы Қазақстан тарихындағы бірінші инженерлік-техникалық институтты, іс жүзінде жоқтан ұйымдастырылған институтты басқара отырып, республикадан тысқары «шығып», Одақтың ірі өнеркәсіп, жоғары оқу орны мол аймақтарынан танымал ғалым-педагогтарды институтқа тарту ісімен айналысты және тарта білді де. Ол басшылық жасаған жылдары институттағы оқытушылық жұмысқа профессорлар А.Ф.Войцеховский, В.А.Глазковский, Н.К.Скаковский, Е.Д.Шлыгин, И.И.Бок, Ә.Ә.Ермеков, П.М.Кошулько, А.С.Пономорев, Г.Ц.Медоев, Е.А.Заботина т.б. келді. Бірінші оқу жылының басында 145 студент болды. Сол кезде институтта екі мамандық – руда мен мұнай кен орындарын барлау және инженерлік гидрогеология мамандықтары бойынша үш курсы бар бір ғана геологиялық барлау факультеті жұмыс істеп тұрған болатын. 1935-1936 жылдары тағы екі мамандық ашылды: руда кен орындарын пайдалану; түсті және ауыр металдар металлургиясы. Бірінші оқу жылында институтта 10 кафедра жұмыс істеді. Оқу ғимараттарының жағдайы тым жұпыны, ал тұрғын жайлар өте аз болды. Институт ұйымдасқан кезде берілген 17 тірек-қамыс үйлердің біреуі оқу корпусы ретінде, ал қалғандары зертханалық сабақтар өткізуге қолданылды. Сол жылдардағы оқытушылардың ішінде ерекше тұлға Томск политехникалық институтының түлегі Ермеков Әлімхан Әбеуұлы болды. Бірінші математик қазақ, профессор, жоғары математикадан қазақ тіліндегі оқулықтың авторы. Осы жылдары институтта тұңғыш домбырашылар ансамблі құрылды. Ә.Ж.Бүркітбаев 1937 жылы Сталиндік репрессия құрбаны болып, 1958 жылы ақталды.

1937-1938

Институт директоры болып Серікбай Базарбайұлы Базарбаев тағайындалды, М.И.Калинин атындағы түсті металдар мен алтын институтын бітірген. С.Б. Базарбаев та Ә.Ж.Бүркітбаевтің ісін жалғастырып, материалдық-техникалық базаны және профессор-оқытушылар құрамын жақсартты. Тұңғыш жоғары инженерлік-техникалық оқу орнының аяғынан тік тұрып кетуіне Қазақ өлкелік комитеті мен Қазақ КСР Министрлер кеңесі үлкен көмек көрсетті. Өнеркәсіптік мекемелер мен геологиялық барлау мен кен ісі кәсіпорындары институтқа қажетті құрал, жабдықтар, аспаптар, машиналар бөлді. ҚазТКМИ студенттерінің өндірістік практикасы қолайлы жағдайда өтті, ол терең білімге қол жеткізуге әсер етпей қоймады. Институтқа білікті оқытушыларды тарту мақсатымен үкімет басқа жақтан келген оқытушыларға материалдық көмек ретінде қызмет ақыларына 30%-дық үстеме ақша қосты. Ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген оқытушыларға айлық еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде үстеме ақы төленді. Оқытушылардың еңбек қазақ тілін және әлеуметтік-экономикалық (қоғамдық) пәндерді білгені үшін белгілі бір мөлшерде үстеме ақы төленді. Сол жылдары институтта жас қазақ оқытушыларының бір тобы өсіп жетілген еді. Олар: М.Х.Мамыров, Х.Т.Бектасов, М.Н.Әзербаев, Р.М.Маскеев, К.Сүйінғалиев т.б.

1939-1942

Институт директоры болып Андрей Иванович Коктов тағайындалды, Мәскеу кен институтының түлегі. Осы кезде институттан «Труды Казахстанского Горно-металлургического института» басылымының екі томы шықты. Соғыс басталғанда ол 23 оқытушы, 3 қызметкер, 200 студентті бастап, соғысқа аттанды. А.И.Коктов пен партия ұйымының хатшысы Мұса Құрманғалиев соғыста құрбан болды. Институттың студенттері мен түлектері арасында 6 адам соғыста көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды. Олар: Мұса Баймұханұлы Баймұханов, Максим Герасимович Губанов, Николай Данилович Маркелов, Николай Иванович Ященко, Алексей Георгевич Торопкин, Владимир Алексеевич Засядко. Майдан даласында мерт болғандар институт ұжымының есінде мәңгі сақталады.

1942-1946

Институт директоры болып Израиль Яковлевич Брук тағайындалды, Иркутск кен-металлургия институтының бұрынғы директоры, Ленинград кен институтының түлегі. 1941 жылдың тамызы мен қарашасында Алматыға Мәскеу түсті металдар мен алтын институтының профессорлары мен оқытушыларын, сондай-ақ зертханалық құрал-жабдықтарын әкелген екі эшалон келіп жетті. Екі жоғары техникалық оқу орнының бірігуі жүзеге асты. Олардың ҚазТКМИ-ге келуі сабақ беру сапасының жақсаруына ғана емес, Қазақстан кәсіпорындарындағы бірқатар өндірістік мәселелерді шешуге көмектесті. Соғыс жылдарында төрт рет оқу бітірту кезінде институт өнеркәсіпке сегіз мамандық бойынша барлығы 512 инженер берді. 1942 жылы институт тұңғыш инженер-маркшейдерлер дайындап шығарды. Оның басқаруымен институт ұжымы «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Ұжым жалпы көлемі 1 млн сом шаруашылық келісіммен, 26 тақырып бойынша жұмыс атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары институт жауды жеңуге де өз үлесін қосты. Институт кафедраларында 65 ірі ғылыми-зерттеу және 6 ізденушілік топографиялық және маркшейдерлік жұмыс орындалып, олардың басым көпшілігі өндірісте, сондай-ақ жаңа заводтар, цехтар, шахталар жобасын жасауда қолданылды. ҚазТКМИ-дің фашистік Германияны жеңуге қосқан жалпы үлесін Үкімет лайықты бағалады. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1945 жылғы 15 ақпандағы Қаулысымен техника ғылымдарының докторлары, профессорлар Х.К.Аветисян, А.В.Бричкин, гелогия-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Е.Д.Шлыгин «ҚазКСР ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер» деген арнаулы құрметті атақ берілді.

1946-1952

Институтты Мәскеудің М.И.Калинин атындағы түсті металдар және алтын институтының түлегі, кенші Михаил Карпович Гришин басқарды. Ол Шымкент кен ісі техникумының директоры қызметін атқарған. Оның шешендік таланты болды. Өзі кен инженері бола тұра, қоғамдық ғылымдардан дәріс оқыды. Ол кездері институтта кен ісі факультетінің барлық студенттері әскерилендірілген кенші формасын киіп жүрген. М.К.Гришин институттың материалдық-техникалық базасын кеңейту жөнінде бірқатар шаралар қабылдады. Ленин (қазіргі Достық) даңғылының екі қапталын алып жатқан кішігірім аумаққа оқу ғимараттары, профессорлық-оқытушылық құрамға арналған тұрғын үйлер бой көтерді. Студенттер арасында қазақ ауылдарынан келген жастар аз болды, бұл жылдары қазақ мектебін бітіргендер қабылдау емтиханын орысша тапсырды, оқу сабақтары да орыс тілінде жүргізілді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, осы проблеманың оң шешімін табу мақсатында КСРО Жоғары білім беру министрлігі институтқа 1949-1950 оқу жылынан бастап орыс тілін қазақтар үшін 1,2 курстарда шет тілінің орнына оқытуға рұқсат берді. Бұл дұрыс шешім болғанын айта кеткен жөн.

1952-1962

Институт директоры қызметіне ҚазТКМИ түлегі (1940), тау-кен инженері, Жезқазған шахта басқармасының бастығы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, техника ғылымдарының кандидаты Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров тағайындалды. Ғылымға деген талпыныс, өндірістік процестерді жақсы білуі оған жоғары оқу орнын басқаруға көмектесті. Ол институт ректоры қызметін атқару барысында еліміздегі алғаш инженерлік-техникалық жоғары оқу орнының қалыптасуы мен дамуында өте көп істер тындырды. 1953 жылы ҚазТКМИ ғылыми-студенттер қоғамы 34 үйірменің басын қосты, оларға 700-ге тарта студент мүше болды. Геологиялық мұражай құрылды. Ол 10 жыл бойы қабылданған әрбір оқу тобының әлеуметтік және ұлттық құрамын, яғни қала мғен ауыл мектебін бітіргендер (орыс және қазақ мектебі)арақатынасы 50 де 50 % болуын өзі кірісіп, анықтап отырды. Осы айтылғандардан басқа осы жылдар бойы өнеркәсіп салаларынан тәжірибелі және біліктілігі жоғары мамандарды педагогикалық қызметке шақырып жүрді. Ө.А.Байқоңыров студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бар күшін салды, институт аумағында жаңа жатақханалар, профессорлық-оқытушылық құрамға тұрғын үйлер салғызды. 1959-1960 жылдары қазақ жастары институттың барлық студенттерінің 40% -ын құрады. КСРО Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 8 шілдедегі №2006-р Жарлығымен Қазақ кен-металлургия институты Қазақ политехникалық институты болып қайта құрылды. Осы кезден бастап институттың бұдан әрі дамуы материалдық-техникалық тұрғыдан да, мамандықтарды кеңейту тұрғысынан да кең өріс алды.

1962-1968

Қазақ тау-кен металлургия институтының 1953 жылғы түлегі, Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдислам Мұхамадиұлы Есіркегенов институттың ректоры болып тағайындалды. 1961 жылы «Сәулет», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», 1963 жылы «Жылумен және газбен қамтамасыз ету және винтеляция» мамандықтарымен инженерлік-құрылыс факультеті ашылды. «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов оқыды. 1963 жылы 400 орындық жатақхана, 1964 жылы бас оқу ғимараты толықтай пайдалануға берілді.

1968-1976

Институт ректоры болып Мәскеу болат және қорытпа институтының түлегі Әшім Құрамбайұлы Омаров тағайындалды. Ә.Қ.Омаров ірі ұйымдастырушы екенін танытты. Оның жан-жақтылығы, күнделікті қажетті міндеттерді жүзеге асыру мен орындау кезіндегі қарымдылығы, сондай-ақ қиыншылықтарды жеңе білуі институтқа сол кездегі Одақтағы инженерлік-техникалық жоғары оқу орындары арасындағы лайықты орын алуға мүмкіндік берді. Осы жылдары Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауынан ауданы 50 гектар жерде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның демалуына ғана емес, сондай-ақ геологиялық барлау, мұнай және геофизика және тағы басқа факультеттердің оқу практикасын өткізуіне арналған оқу-сауықтыру кешені құрылды. Студенттерге арналған 500 орындық асхана, әскери кафедра ғимараты ашылды. Ә.Қ.Омаровтың жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында студенттер контингенті 18 мыңға, аспиранттар саны 300 адамға өсті. 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына орай Қазақ политехникалық институтына В.И.Ленин есімі берілді. Әйгілі «Досмұқасан» ансамблі Ә.Қ.Омаровтың тікелей қамқорлығымен құрылып, қалыптасып және шығармашылық дамып жетілді.

1976-1985

ҚазПТИ-дің 1960 жылғы түлегі, техника ғылымдарының докторы Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімов институттың ректоры болып тағайындалды. 1975 жылы Қазақ политехникалық институтының энергетика факультеті негізінде Алматы энергетика институты ұйымдастырылды. 1978 жылы институт құрамынан Рудный индустриялды институты жеке бөлініп шықты. 1979 жылы ҚазПТИ-ден Алматы Сәулет-құрылыс институты бөлініп шықты. Қазіргі Қазақ Бас Сәулет-құрылыс академиясы. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында жинақталған іс-тәжірибелерді саралау негізінде республикадағы техникалық оқу орындары арасында бірінші рет мамандар дайындау сапасын басқарудың комплексті жүйесі (МДСБКЖ) жасалып, табысты енгізілді. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы МДСБКЖ-ны құру мен енгізуге байланысты іс-шаралар институттың бүкіл ұйымдастырушылық қызметінің дамуын қамтамасыз етті. ҚазПТИ Куба, Моңғолия, Ауғанстан және басқа да дамушы елдер үшін мамандар дайындаушы базалық институттардың біріне айналды. ҚазПТИ-дің жанынан халық мәдени университеті ашылды. 1984 жылғы 26 шілдеде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1985-1992

ҚазТКМИ-дің 1957 жылғы түлегі, техника ғылымдарының докторы, профессор Баян Рақышұлы Рақышев институттың ректоры болып тағайындалды. Ол 1985 жылы ғылыми жетістіктері үшін Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды. Институт басшысы ретінде ол өзінің күш-қайратын өндіріспен байланыстырып кеңейтуге, болашақ инженерлердің практикалық түрде дайындалуына көп жұмсады. Осы жылдары студенттерді бірінші курсқа қабылдау жедел өсіп кетті: күндізгі оқу бөліміне – 1775 адам, кешкі және сырттай оқу бөліміне – 600 адам қабылданды. Институтта 38 мамандық бойынша барлығы 14 мың студент оқыды. 37 шет елден келген студенттер контингенті 300-ден астам адамды құрады. Ректор Б.Р.Рақышев студенттер мен қызметкерлердің бір бөлігімен бірге қиын-қыстау 1986 жылдың желтоқсан оқиғаларының барлық «құқайларын» басынан толықтай өткізді. Қуанышқа орай, дер кезінде қабылданған іс-шаралардың арқасында ҚазПТИ студенттері арасында зардап шеккен ешкім бола қойған жоқ. Басқарушы органдар тарапынан болған қысымға, ашықтан-ашық айтылған қорқыту, үркітулерге қарамастан институттың бірде-бір қызметкері жұмыстан шығарылған жоқ, ұсталған көп адамдардың ішінде 17 студент қана оқудан шығарылды, оның өзінде сабаққа үлгермегендіктен. 1989 жылы мамандандырылған 20 отряд жұмыс істеді. Біздің ұжым қызметіндегі маңызды кезең қазақ тілінде оқытуды енгізу болды. Осы себепке байланысты институтта бірінші рет қазақ тілі кафедрасы ашылды, қазақ тілінде оқыту жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес ашылды. 1988 жылы институт қызметкерлері үшін «Самал» ықшамауданынан 40 пәтерлік тұрғын үй берілді. 1987-1992 жылдары материалдық-техникалық базаның жай-күйі айтарлықтай жақсарды. Ауданы 30 мың шаршы метрден артық бас оқу корпусы пайдалануға берілді. Оқу-өндірістік шеберханалар корпусы түгелдей қайта құрылды және заман талабына сай құрал-саймандармен жабдықталды. Институттың спорттық базасын жақсарту үшін қажетті барлық іс-шаралар жасалды. Осы уақыт ішінде институт екі қосымша жатақхананың (№ 8, 9) бөлінуіне қол жеткізді, бұл студенттерге арналған тұрғын жай қорын кеңейтуге мүмкіндік берді. 1990 жылы жаңа Бас оқу ғимараты қолданысқа берілді. Жалпы қалыптасу мен даму кезеңінде еліміздің жетекші институты – Политехникалық институт инженер кадрлар дайындауға және ғылымды дамытуға, салалық кәсіпорындармен байланысты нығайтуға үлкен үлес қосты деп сенімді түрде айта аламыз.

1992-1999

КазПТИ ректоры болып ҚазКСР ҒА корреспондент-мүшесі, химия ғылымының докторы, профессор Еренғайып Мәлікұлы Шайхұтдинов тағайындалды. Осы жылы университеттің ғылыми журналы «ҚазҰТУ Хабаршысы» шыға бастады, профессорлар, оқытушылар және аспиранттардың ғылыми жетістіктері, еңбектері басылып тұрды. ҚазПТИ-дің Маңғыстау филиалы Ш.Есенов атындағы Ақтау политехникалық университеті болып қайта құрылды. 1994 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. 1999 жылы ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығы құрметіне университетке Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Е.М.Шайқұтдиновтың басшылығымен және оның бастамасымен университетте мамандарды көп кезеңмен дайындау енгізілді. Е.М.Шайқұтдиновтың қатысуымен ҚазҰТУ Англия, Италия, Канада, Финляндия, Жапония, Германия, Американың көптеген оқу орындарымен өзара тиімді байланыс орнатты. Е.М.Шайқұтдинов үш – Лаквиль (Италия), Лондон (Ұлыбритания) және ҚазҰТУ (Қазақстан).

2000-2001

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры болып В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-дің түлегі, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, профессор Ерғали Нүсіпұлы Нүсіпов тағайындалды. 2000 жылы ҚР ЖАҚ-тың негізінде ҚазҰТУда 14 мамандық бойынша докторлық диссертациялық кеңесі, 3 мамандық бойынша 2 кандидаттық диссертация қорғау кеңесі ашылды. Осы жылдың наурыз айында факультеттер негізінде 6 институт құрылды. Университеттің редакциялық бөлімі мен баспа-көбейту бөлімшесі негізінде баспа орталығы құрылды. 2000 жылдың қазан айында «Рас» газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты. «Бәйшешек» әдеби бірлестігінің жұмысы қайта жалғасын тапты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамыту және кәсіптік өсуіне қосқан зор үлесі үшін ерекше ұлттық мәртебе берілді.

2001-2008

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі бұйрығымен Досым Қасымұлы Сүлеев университет ректоры қызметіне тағайындалды. Ол – институттың 1970 жылғы түлегі, ірі ғалым, басқару және автоматтандыру, білім берудің қазіргі заманғы технологиялары саласының маманы. Досым Қасымұлы – көптеген жылдар бойы ҚР Ғылым және білім беру Министрлігінде және жоғары оқу орындарында басшылық жұмыстар атқарған, жоғары мектеп жүйесіндегі оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардың тәжірибелі, талантты ұйымдастырушысы. Университеттердің Ұлы хартиясына қол қойды және Болон процесіне белсене кірісті. 2004-2005 оқу жылынан бастап ҚазҰТУ АҚШ пен Европалық Одақта қабылданған білім берудің несиелік технологиясына көшеді. 2000 жылмен салыстырғанда ғылымды қаржыландырудың жалпы көлемі 12 еседен аса өсті. 2002 жылдың жазында ҚазҰТУ студенттері Қазақстанның бірден-бір өкілі ретінде Жапонияда өткізілген «РОБОКОН» роботтардың командалық конкурсына қатынасып қайтты. «Самғау» атты үздік түлектер фестивалі алғаш рет өтті. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ғылыми кеңесі Мебиус лентасының көлбеу айқастырылған түрдегі ерекше белгісін төлтаңба ретінде бекітті және университеттің Әнұранын бекітті. Университет «Жылдың үздік жоғары оқу орны» номинациясының жеңімпазы атанды. Университетімізден 16 жас оқытушы, студент Туркияның, Ресейдің, КХР-ның, Нидерланд Корольдігінің, Германия мен Францияның оқу орындарына тәжірибеден өтуге жіберілді. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2003 жылы Париж қаласында Gold категориялы Халықаралық International Star Award сыйлығы мен диплом-сертификатымен марапатталды. Жүлде Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Д.Қ.Сүлеевке XX халықаралық WQC (World Quality Commitment) Конвенциясының салтанатында берілді. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ТМД елдері мен Орта Азиядағы мұндай жоғары марапатқа ие болған бірінші университет.

2008-2015

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкімімен университет ректоры қызметіне экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі, Халықаралық инженерлік академияның және ҚР ҰИА-ның академигі Жексенбек Мәкейұлы Әділов тағайындалды. Ол - әйгілі Политехтің түлегі, талантты және жігерлі ұйымдастырушы, белгілі ғалым және тәжірибелі ұстаз. Оның басшылығының арқасында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ әлемнің әртүрлі елдерінің ғалымдары мен студенттерінің басын қосқан, техника мен технология саласындағы халықаралық деңгейдегі білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық мекеме болып танылды. Оқу орны жаңа, өндірісте талап етілген инновациялық мамандықтар: «Инновациялық менеджмент», «Наноматериалдар және нанотехнологиялар», «Ғарыш техникасы мен технолдогиясы» сияқты барлығы 17 жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беруді енгізуге бастамашы болды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да Қазақ-корей ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі білім беру орталығы ашылды. ҚР ҰҒА Президиумының шешімімен Жер туралы ғылымдар бөлімі өзіндік құрылым ретінде бөлініп, оның базасы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ болып белгіленді. Бөлімнің төрағасы болып академик Ж.М.Әділов сайланды. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ еліміздегі ең үздік жоғары оқу орны болып, халықаралық деңгейде білім беру, техника және технология саласындағы ғылыми-зерттеу және инновациялық мекеме ретінде Қазақстан жоғары оқу орындары арасында жүргізілген «Еврорейтинг-2013» байқауында ең үздік оқу орны ретінде танылды.

2015-2021

Мемлекет басшысы Нұрсұлтана Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жетекші екі техникалық жоғары оқу орны, ҚБТУ және ҚазҰТУ біріктірілді. Ректоры болып көрнекті ғалым, талантты ұйымдастырушы Ескендір Қалыбекұлы Бейсембетов тағайындалды. Мәскеу экономика және статистика институтын (МЭСИ) үздік бітірген, экономист-математик, ғылым докторы. Осы жылдар ішінде Экономикалық зерттеулер институтын, Экономика министрлігін, ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігін басқарды. 2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ арасында атом мен баламалы энергетика және кадрлар дайындау бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім жасалды. Атом өнеркәсібінің халықаралық ғылыми-білім беру орталығы құрылды. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТЗУ әлемдік университеттер рейтингісіне (QS World University Rankings) сәйкес әлемдегі ең үздік 600 университеттің қатарына енді. Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингілік агентіктің бағалауы бойынша ҚазҰТЗУ Қазақстандағы ЖОО арасында көшбасшыға айналды. Индустрияның қаржы көздерін тарту арқылы жалпы сомасы 421 195 мың теңгеге ғылыми зерттеулер жүзеге асырылды. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті – инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. 2017 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ребрендинг өткізіп, атауын Сәтбаев Университеті (Satbayev University) деп өзгертті. Жасанды интеллект жасау бойынша арнайы Цифрлық техника және технологиялар институты құрылды. Университет QS World University Rankings халықаралық рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік 800 университеттің арасында 415-орынды иеленіп, қазақстандық үздік ЖОО-ның үштігіне енді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырысы бойынша жалпы сомасы 910 233 мың теңгеге ғылыми зерттеулер жүргізілді. 2018 жылы SU Quacquarelli Simonds (QS) университеттер рейтінгісіне сәйкес Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы үздік ЖОО топ-100-ке (50-орын) енді. 2016 жылдан 2018 жылға дейін Сәтбаев университеті QS World University Rating халықаралық рейтингісінде әлемдегі 800 үздік университеттің арасында 411-420 орындарды иеленді. Айрықша 100 позициядан артық жылдық өсімді көрсетіп, Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің «Сарапшылардың репутациялық бағасы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағасы бойынша көшбасшы» рейтингі номинацияларынан бірінші орындарға ие болды. 2019 жылы ректор әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.

Қазіргі кезде

Satbayev University

1994 ж. қаңтарында Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты Қазақ ұлттық техникалық университетіне (ҚазҰТУ) айналды, оған әлемдік тәжірибеде қабылданған көп деңгейлі құрылымға негізделген кадрларды даярлау, сондай-ақ техникалық мамандықтар бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу міндеті жүктелген болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен елдің инженерлік-техникалық кадрларын даярлаудағы ерекше еңбегі үшін және академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай Қазақ ұлттық техникалық университетіне осы көрнекті қазақстандық геологтың есімі берілді.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен Университетке ерекше мәртебе беріліп, 2014 жылы - «Ұлттық зерттеу техникалық университеті» дәрежесі берілді. 2017 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Сәтпаев университеті (Satbayev University) болып өзгертілді.

Satbayev University
Satbayev University
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту