Ақпарат:

Международный центр анализа и разработки месторождений
КЕН ОРЫНДАРЫН ИГЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
mcarm logo

Озық технологияларды қолдана отырып, сұйытылған табиғи газ қондырғылары, ұңғымаларды өлшеу жүйелері, поршеньді және центрифугалық компрессорлар, аспаптар, газ және жел турбиналары, генераторлар, газ қозғалтқыштары зауыттарына арналған инновациялық жобаларды әзірлеу. Кен орындарын барлау және игеру, сондай-ақ көмір қабаттарынан метан іздеу жұмыстары бойынша кешенді жобаларды (Baker Hughes, GE компаниясы) бірлесіп бағалау және жүзеге асыру.

Қызмет бағыты

logo Алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, сұйылтылған табиғи газ өндіретін, ұңғымаларды өлшеуге қажетті жүйелер мен поршеньді компрессорларды, бақылау-өлшегіш құралдарын, газды және желдік турбиналар мен генераторларды, газды қозғалтқыштарды шығаратын зауыттарға арналған инновациялық жобаларды әзірлеу.
Мұнай және газ кен орындарын, сондай-ақ көмір қабаттарындағы метанды іздеу, барлау және игеру жөніндегі интеграцияланған жобаларды (Schlumberger) бірлесіп бағалау және іске асыру.
logo Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептерді жасау, мұнай және газ қорларын жедел есептеу, мұнай және газ алу коэффициентін техникалық-экономикалық негіздемесімен мұнай және газ қорларын есептеу.
Геологиялық-геофизикалық зерделеуді жалпылау бойынша есептер.
Келісімшарттық аумақтарды қайтару бойынша есептер.
Келісімшарттық аумақтардың сейсмикалық зерттелуін қорыту бойынша есептер.
2Д және 3Д сейсмикалық барлау деректерін түсіндіру.

Зертхана жобалары

icon1

Геологиялық және гидродинамикалық модельдеу жөніндегі, 8 шахтадағы көміртекті метан қорын есептеу және балансқа қою бойынша жобалау жұмыстарына ғылыми-техникалық қолдау көрсету.

Тапсырыс беруші: SUAMGAS

Дәрежесі: орындалуда

Нәтижесі:
Шахталардың қоры жөнінде есеп дайындалды, жұмыс жүргізілуде.

icon2

«Маңғыстау облысындағы «Арыстановское» кен орнын даму сценарийлерін модельдеуді қолдана отырып игерудің кешенді геологиялық және гидродинамикалық зерттеулері» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.

Тапсырыс беруші: KNOC

Дәрежесі: орындалды

Нәтижесі:
Ғылыми мақала және есеп беру жұмыстары дайындалды. Мақала «Journal of Asian Earth Sciences» журналында қарастырылуда.

icon3

«Арыстановское» кен орны аймағының мұнай-газ жүйесін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.

Тапсырыс беруші: KNOC

Дәрежесі: орындалуда

Нәтижесі:

icon4

«Кен орындарын суландыруды оңтайландыру жүйесін зерттеу және игеру» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.

Тапсырыс беруші: KNOC

Дәрежесі: орындалуда

Нәтижесі:

Негізінен қолданылатын бағдарламалық кешендер

eq logo

Petrel

Жер қыртысының сейсмикалық ақпаратын модельдеуге және түсіндіруге, ұңғымаларды корреляциялауға, резервуарлардың модельдерін құруға және геоүдерістерді диагностикалауға көмектесетін нәтижені визуализациялауға арналған бағдарламалық платформа.

eq logo

Eclipse

Қара мұнай, құрғақ газ, газ конденсатының композициялық құрамы, ауыр мұнайдың термодинамикалық модельдері және ток желілерінің модельдерін қоса алғанда, жер қыртысын модельдеу міндеттерінің толық спектрін қамтитын бағдарлама.

eq logo

TechLog

Петрофизикалық интерпретацияға арналған бағдарламалық кешен.

eq logo

GeoSolver

LogNumbering

Геологиялық-геофизикалық интерпретациялық модельдерді құрастыруға арналған бағдарлама.

Ұсынылатын қызметтер

icon1

Көмірлі метанның қорларын геологиялық және гидродинамикалық модельдеу, есептеу, балансқа тіркеу

icon2

Мұнай және газ кен орындарын игеруді дамытуды модельдеу сценарийлерін қолдана отырып, кешенді геологиялық және гидродинамикалық зерттеу

icon3

Кен орны аймағының мұнай-газ жүйесін зерттеу

icon4

Кен орындарын суландыруды оңтайландыру жүйесін зерттеу және әзірлеу

Қызметкерлердің жарияланымдары

Солға қарай айналдырыңыз

Журналдың/конференцияның атауы Мақаланың, жарияланымның,ғылыми еңбектің атауы Енеді (квартиль/процентиль көрсету керек) Авторлары
Scopus WoS
1 «ҚазҰТЗУ Хабарлары» журналы, «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2019, 1-том, 586–690-б. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, мұнай мен газдың ресурстары мен қорлары туралы жалпы есеп беру кодын әзірлеу қажеттілігінің негізі – халықаралық геологиялық қоғамдастықпен интеграция. - - Д. Мұқанов, А. Ақжігітова, А. Өмірбаева, Г. Артуров, Абетов А.Е.
2 «ҚазҰТЗУ Хабарлары» журналы, «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2019, 1-том, 546–550-б. Геофизикалық әдіс – георадиолокацияны әртүрлі қызмет салаларында қолдану. - - А. Ақжігітова, И. Тұрғазинов, Г. Артуров, Абетов А.Е.
3 «Вестник» журналы, 2019 ж. Іле Алатауы полигоны аумағындағы қауіпті геологиялық процестерге мониторинг жүргізу. - - Урманова Д.Э.
4 «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2019 ж. Characterization of essentials Geochemical parameters of source rocks at the eastern part of the Precaspian basin - - Енсепбаев Т.А, Урманова Д.Э., Аманжол К.
5 «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2020 ж. Каспий маңы ойпатының көмірсутегі кен орындарының мысалында мұнайдың төмен бағасы және коронавирустық пандемия жағдайында мұнай өндіруді ұзақ мерзімді жоспарлау жөніндегі тәуекелді бағалау. - - Урманова Д.Э.
6 «ҚазҰТЗУ Хабарлары» ғылыми журналы, № 5, 2020 ж. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, мұнай мен газдың ресурстары мен қорлары туралы жалпы есеп берудің қазақстандық кодексі – халықаралық геологиялық қоғамдастықпен интеграция. - - Абетов А.Е., Мұқанов Д.Б.
7 «Мұнай-газ және кен геофизикасының өзекті мәселелері» тақырыбында «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2021 ж. Шу-Сарысу ойпатының орта-жоғарғы палеозой шөгінділеріндегі мұнай мен газ құрамының геохимиялық және гидрогеологиялық белгілері. - - А.Е. Абетов, А.С. Жұмағұлов
8 «Мұнай-газ және кен геофизикасының өзекті мәселелері» тақырыбында «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2021 ж. Қаражамбас кен орнының бор және юра кешендеріндегі өнімді горизонттардың кеуектілігін анықтау әдістері. - - Артуров Г. А., Умирова Г.К.
9 «Инженерлік және кен геофизикасы» конференциясы, Геленджик, 2021 ж. EAGE Қабаттардың фильтрациялық-көлемдік қасиеттері мен қанығу сипатын бағалау мақсатында Қаражамбас кен орнының бор және юра кешендеріндегі өнімді горизонттардың сипаттамаларын нақтылау - - Артуров Г. А., Умирова Г.К.
10 «Газ өнеркәсібіндегі ғылым мен техника» журналы («Наука и техника в газовой промышленности»), Ресей. ВАК тізіміндегі журнал. 2021 ж. Қарағанды көмір бассейнінде 1948–1989 жылдардағы геофизикалық мәліметтер бойынша метан-көмір қимасын зерттеуде электр каротажын қолдану. - - Ақжігітова А.Е.
11 «Мұнай-газ геологиясының өзекті мәселелері және жер қойнауының көмірсутегі әлеуетін дамытудың инновациялық әдістері мен технологиялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. 10–11 қазан, 2019 ж., Ташкент, Өзбекстан. Қарағанды бассейніндегі көмір қабаттарының газдылығын бағалау кезінде геофизикалық әдістерді қолдану мәселелері. - - Шарапатов А.Ш., Ақжігітова А. Е.
12 «Мұнай-газ және кен геофизикасының өзекті мәселелері» тақырыбында «Сәтбаев оқулары» конференциясы, 2021 ж. Далалықты сейсмикалық барлау технологиясы МОГТ 3Д және Жартөбе ауданы бойынша алынған мәліметтерді өңдеу әдісі. - - Д.С. Каиров, А.Е. Абетов
13 «Сәтбаев оқулары – 2021» конференциясы 3D сейсмикалық барлау мәліметтерін интерпретациялау кезінде амплитудалық инверсия технологияларының тиімділігі. - - А.А. Исағали
А.Ж. Мұқанов
Г. К. Умирова
14 «Инженерлік және кен геофизикасы – 2021» (Геленджик, 26–30.04.2021) Мұнайға қаныққан перспективалы аймақтарды таңдауда, олардың физикалық-геометриялық сипаттамаларын анықтауда МТЗ электр іздеуішті Солтүстік Қаражанбас кен орны мысалында қолдану. - - А.Р. Өмірбаева Г.К. Умирова
А.Б. Айтасов
15 «Сәтбаев оқулары – 2021» конференциясы Солтүстік Қаражамбас кен орнының мысалында мұнай мен газ кен орындарын іздеуде МТЗ электр іздеуішін қолдану мүмкіндіктері. - - А.Р. Өмірбаева Г.К. Умирова
16 «Инженерлік және кен геофизикасы – 2021» (Геленджик, 26–30.04.2021) Орталық Қазақстанда полиметалл кен орындарын болжау, іздеу және одан әрі зерттеу кезінде олардың геологиялық тиімділігін арттыру үшін геофизикалық әдістерді рационалды интеграциялау негіздері. - - Н.Б. Жоныс, Д.Т. Зинединов, Г.К. Умирова
17 «Сәтбаев оқулары – 2021» конференциясы Орталық Қазақстандағы полиметалл кен орындарында полиметалл және темір-марганец кендері үшін перспективалы аймақтарды таңдау кезіндегі геофизикалық әдістер кешенінің ақпараттық мәні. - - Н.Б. Жоныс, Д.Т. Зинединов, Г.К. Умирова
18 International multidisciplinary scientific geoconference – SGEM 2020, Science and technologies in geology, exploration and mining, 2020. Albena, Bulgaria. p. 341-348 The thermodynamic model of the Syrymbet rare-metal deposit (North Kazakhstan) 17 - А. Хадис, Л. Исаева, К. Тогизов, М. Кембаев
19 Journal of Environmental Management and Tourism Development of Methods for Calculating the Environmental and Economic Efficiency of Waste Treatment Technologies., [S.l.], v. 9, n. 7, p. 1624-1630, mar. 2019. ISSN 2068-7729. 38 - Кезембаева Г.Б.

Байланыс телефондары:

cont_nameМадиева Дана Сырымқызы
Кен орындарын сараптамалау және әзірлеу жөніндегі халықаралық орталықтың директоры
cont_phone+7 701 728 84 48
cont_maild.madiyeva@satbayev.university
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту