Сапаны қамтамасыз ету кепілдіктері
Сәтбаев Университеті өзінің 90 жылға жуық тарихындағы үздік дәстүрлеріне және инновациялар құрудағы белсенді жұмысына сүйене отырып, қоғамды да, Қазақстанды да, тұтас әлемді де пайдалы сапалы білім және зерттеулермен қамтамасыз етеді.
Сәтбаев Университеті – Қазақстандағы техникалық білім берудің флагманы ретінде «Ұлттық техникалық зерттеу университеті» мәртебесін алған алғашқы университет, ғылыми-білім беру холдингі болып табылады, оның құрамында ғылыми-академиялық институттар мен мамандандырылған зертханалар бар.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесін салыстыру кезінде біз Еуропалық жоғары білім беру жүйесінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен ұсынымдарды басшылыққа аламыз және жоғары білім берудегі озық тәжірибелер мен ағымдағы үрдістерді ұстанамыз.
Университет түбегейлі өзгерістердің алдында тұр және ел экономикасы үшін жүйелі секторлардың жетекші ғылыми-білім беру орталығына сенімді түрде айналуда.
Сәтбаев Университетінің беделін арттыру және жаңа форматтағы инженер кадрларын даярлау – университетті дамытудың стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда:
- Жаңа ұрпақтың арасында көшбасшылар даярлау – студенттердің жалпы санының 10%-н PhD докторанттары етіп шығару;
- q1 және q2 дәрежелі үздік журналдардағы жарияланымдардың есебінен университеттің атағы мен танылуын халықаралық деңгейге көтеру – 300 ғылыми жарияланымдар;
- Зерттеу арқылы сапалы білім беру – түлектердің кемінде 10%-ы 1 000 000 теңге жалақы алатындай ету;
- Инновациялар, трансферттеу және жаңа технологияларды коммерцияландыру (ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу) – келісімшарттық зерттеулер көлемін жылына кемінде 2,0 млрд. теңгеге жеткізу;
- Тиімді менеджмент – сапамен, инфрақұрылыммен, зерттеулермен және цифрландырумен қанағаттандыру деңгейін кемінде 90%-ға арттыру.
Бұл бастамалар Сәтбаев Университетіне ғалымдардың жаңа буынын тәрбиелеп қалыптастыруға және өнеркәсіп, бизнес пен мемлекет үшін жоғары білікті кадрларды даярлау үшін қажетті жағдайларды жасауға, сол арқылы еліміздің экономикалық нығаюына университет беріп отырған жаңа серпінді тарату мен оны арттыруға мүмкіндік береді.
Сертификаттар мен аккредитациялар
Аккредитация – білім беру саласы мен ғылыми зерттеулердің маңызды көрсеткіші болып табылып, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтер сапасының белгілі бір талаптарға сәйкестігін ресми түрде растауды қамтамасыз етеді.
Сәтбаев Университеті аккредитация бойынша мына төмендегі лицензиялар мен сертификаттарға ие:
- Мемлекеттік мерзімсіз лицензия № KZ56LAA00005304
- Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты ISO 9001:2015
- IQAA (Қазақстан) – университеттің институционалдық аккредитациясын 7 жылға, 2027 жылға дейін өткен алғашқы жоғары оқу орындарының бірі
- ASIIN (Германия) – 15 білім беру бағдарламалары
- IQAA (Қазақстан) – 30 білім беру бағдарламалары
- IAAR – 59 білім беру бағдарламалары
- САААЕ (KAZSEE) – 15 білім беру бағдарламалары
Сонымен қатар 2023 жылдың қараша айында Сәтбаев Университеті 4 оқыту бағыты бойынша университеттер арасында бірінші болып онлайн оқытуға лицензия алды:
- 6B061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- 6B063 – Ақпараттық қауіпсіздік;
- 7M061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- 7M063 – Ақпараттық қауіпсіздік.
Университет – техника мен технологиялар саласындағы ең беделді аккредитациялық бағдарламаларға қатысушы
Университет тәуелсіз сыртқы бағалауды алу және университетте стратегиялық менеджмент пен ішкі сапа мәдениетін дамытуға қолдау көрсету үшін Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA) Институционалдық бағалау бағдарламасына (IEP) қатысты. Сәтбаев Университеті бастапқы және кейінгі бағалаулардан өтті және өз қызметін одан әрі жетілдіруге ұмтылуда. Есептер IEP EUA сайтында қол жетімді.
Халықаралық аккредиттация – жоғары оқу орнының, оның бағдарламалар кешенінің немесе жеке білім беру бағдарламасының білім беру сапасын беделді халықаралық ұйымның мойындауы, халықаралық стандарттарға сәйкестігін тануы.
Инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары мен математика саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу агенттігі (ASIIN eV) – 1999 жылы шілде айында құрылған коммерциялық емес бірлестік болып табылады. ASIIN өзінің құрылған күнінен бастап неміс және шетелдік университеттерге бағдарламалық және институционалдық аккредиттеу рәсімдерін жүзеге асыруда сараптамалық қолдау көрсетіп келеді. Ұлттық және халықаралық деңгейде ASIIN инженерия, жаратылыстану, математика, информатика, сондай-ақ медицина және экономика салаларындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуде көшбасшы ретінде танылды.
НАОКО (IQAA) – «Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (БСҚТА)» мемлекеттік емес мекемесі 2008 жылы құрылған және ол білім беру орындары мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау саласындағы алғашқы қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады.
НАОКО қызметі барлық мүдделі тараптардың – студенттердің, олардың ата-аналарының, академиялық қызметкерлердің, білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамның және тұтастай алғанда жұмыс берушілердің де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Аккредиттеу және рейтинг жүргізу жөніндегі тәуелсіз агенттік (IAAR) – білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі (2011 жылы құрылған).
IAAR Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі еуропалық EQAR тізіміне енгізілген және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі ENQA Еуропалық қауымдастығының толық мүшесі болып табылады.
Сәтбаев Университетінің Сапа менеджменті стандарты: сертификат ISO 9001: 2015
Университет жұмысты ұйымдастыруға деген көзқарасын және жоғары стандартты сапа менеджментін әрқашан мақтан тұтады, бұл беделді ұйымдар жүргізген аудит нәтижесімен расталған.
Сәтбаев Университеті өз қызметінің әрбір аспектісі сапа менеджментінің жалпы жүйесіне бағынуын қамтамасыз етуге тырысады. Бұл жүйе өз кезегінде ISO 9001 сапа менеджментінің барлық аспектілеріне қойылатын жоғары міндеттемеге, стандарт талаптарына, тұтынушылардың талғамдарына, маңызды процестерді құжаттауға және үздіксіз жетілдіруге негізделген. Бұл корпоративтік менеджменттің жұмыс нәтижесін үздіксіз жақсартуға көмектеседі және университеттің тұрақты дамуына негіз болады.