Ақпарат:

Сәтбаев Университетінде
төтенше жағдайлар
кезіндегі қауіпсіздік

Төтенше жағдай кезінде не істеу керек

Төтенше жағдай (ТЖ) — адам өміріне қауіп төндіретін жағдайлар, олар өндірістік апат, террористік акт, әскери операциялар немесе жер сілкінісі, сел жүру секілді табиғи апат салдарынан болуы мүмкін. Халықты осындай қауіптен сақтау үшін, Төтенше жағдайлар министрлігі және Азаматтық қорғаныс штабы сияқты қызметтер ұйымдастырылған. Қандай да бір қауіптілік төнген жағдайда арнайы қызмет орындарына хабар беріп, көмекке шақыру керек.


112-ге хабарласыңыздар!

Бұл Төтенше жағдайлар департаменті диспетчерлік қызметінің телефон номері. Бұған ұялы телефоннан SIM-картасыз да хабарласуға болады.


Басқа да төтенше қызметтердің номерлері:

Өрт сөндірушілер 101;
Полиция 102;
Медициналық жедел жәрдем 103;
Газдың апаттық қызметі 104;
Терроризмге қарсы қызметтің тікелей арнасы 110.

Алматы қаласында қандай төтенше жағдайларға дайын болу керек

Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, мұнда шағын, еміс-еміс сезілетін жер асты сілкінулері үнемі болып тұрады. Алайда соңғы 120 жылда мұнда тек төрт ірі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керектігін білу керек, бірақ одан қорқудың қажеті жоқ. Қала тау бөктерінде орналасқан, сондықтан әрбір тұрғын кез келген уақытта тауға шыға алады. Тауда адамды күтіп тұрған басты қауіп – сел мен қар көшкіні. Төніп тұрған қауіптің жоғарылығы туралы Төтенше жағдайлар министрлігі SMS арқылы ескертеді. Егер де сіз осындай ескерту алсаңыз, тауға барудан бас тартыңыз. Алайда Алматыда су тасқыны жоқ, көшкін де өте сирек болады. Қала билігі мұндай жағдайды үнемі бақылап, не болып жатқанын ескертіп отырады.

Жер сілкінісі

panic

Дүрлікпеңіз, сабыр сақтаңыз

under

Кереуеттің немесе үстелдің астына тығылыңыз

lift

Лифтке кірмеңіз

tree

Ағаштардың немесе ғимараттардың жанында тұрмаңыз

door

Ғимаратқа бірден кірмеңіз

Жер қыртысының тұрақсыздығынан туындайтын жер бетіндегі ауытқулар. Бұл табиғи апаттан болатын адам шығыны алдыңғы орындардың бірін алады. Күшті жер сілкінісі кезіндегі ең басты қауіп – төніп тұрған қауіптен, үрейден қорқып, адамдардың айғай-шу шығаруы: ғимараттар, бағаналар, тіректер, қоршаулар, қабырғалар мен шатырлар, ұшатын кірпіштер, шынылар және т.б. құлап, жарақат алуы мүмкін барлық жағдайлар.

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек

  • Егер де сіз ғимараттың ішінде болсаңыз
    • Егер 1- немесе 2-қабатта болсаңыз — далаға шығыңыз. Ол үшін сізде небары 15–20 секунд ғана болады.
    • Егер 3-қабатта немесе одан да жоғары болсаңыз — далаға шығуға үлгермейсіз. Үйдің ішінде қауіпсіз орын тауып алыңыз.
    • Лифті қолданбаңыз.
  • Қауіпсіз орындар
    • Ішкі қабырға, үйдің бұрышы, есіктің босағасы, тірек бағана;
    • Ванна немесе үстелдің асты;
    • Терезе, айна, ауыр жиһаздардан алыс тұру керек;
  • Егер де далада болсаңыз
    • Ғимараттар мен электр бағандары өтетін жерден қашықтау, ашық алаңға тұрыңыз, электр желілеріне, газ құбырларына жоламаңыз.
    • Егер де көлікте болсаңыз, көлікті ашық алаңға қойып, ішінде отырыңыз.
  • Егер де үйіндінің астында қалсаңыз
    • Сабыр сақтаңыз, құтқарушылармен хабарласуға мүмкіндік бар-жоғын тексеріңіз.
    • Қандай жерде тұрғаныңызды анықтауға тырысыңыз және ішетін су табудың қамын ойлаңыз.
    • От жақпаңыз, өйткені жақын маңдағы газ құбырының бірінен өрт шығу қаупі жоғары.
    • Құтқарушыларға өзіңіз туралы белгі беруге тырысыңыз (қасыңыздағы темір батареяны, трубаны және т.б. қатты заттарды ұрыңыз).
  • Жер сілкінісінен кейін
    • Өзіңіз жарақат алмағаныңызға көзіңізді жеткізіңіз, содан кейін қасыңыздағы зардап шеккен адамдарға көмек беріп, жедел жәрдем шақырыңыз.
    • Оңай тазаланатын үйіндінің астында қалған адамдарды шығаруға көмектесіңіз.
    • Су, газ, электр құбырларын тексеріңіз. Егер де қандай да бір ақауды көзіңіз шалса, оны жылдам өшіріңіз.
    • Егер де газ шығып жатқанын сезсеңіз, есік-терезені ашып, үйден шығыңыз да, арнайы қызмет орындарына хабар беріңіз.
    • Егер де өрт шықса, оны өшіріңіз немесе өрт сөндірушілерге хабар беріңіз.
    • Ғимарат ішіндегі заттар, сатылар қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Егер де қандай да бір қауіпті сезсеңіз – құтқарушыларды шақырыңыз.
    • Тіпті ғимараттар бүлінбесе де, оның ішіне кіруге асықпаңыз – жер сілкінісі тағы да қайталануы мүмкін ғой. Бәрі біткеніне көз жеткізіңіз, содан кейін ғана біртіндеп қалыпты жағдайға көшіңіз.

Өрт

gas

Газды өшіріңіз

build_out

Ғимараттан тезірек шығыңыз

fire

Өртті сумен өшірмеңіз

panic

Сабыр сақтаңыз

sos

Құтқарушылар мен дәрігерлерді шақырыңыз

Материалдық зиян келтіретін және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін бақылаусыз өрт. Орман және дала өрттері үлкен аумақты алады, ал қалада болған өрт көптеген адамдардың өмірінін қияды.

Өрттердің шамамен 80%-ы адам кінәсінен болады, яғни өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу немесе ақауы бар техниканы қолдану салдарынан орын алады. Сондықтан өртпен күресудің ең жақсы жолы – оның пайда болуының алдын алу болып табылады.

  • Өрт қауіпсіздігі
    • Жұмыс істемейтін электр жабдықтарын қолданбаңыз. Үйдегі барлық розеткалар мен электр сымдарын жөнге келтіріңіз.
    • Егер де сіз жатақханада тұрсаңыз және онда қандай да бір розетка немесе электр сымы жұмыс істемесе, дереу арнайы қызмет орындарына хабарласыңыз.
    • Жанатын сұйықтар (еріткіштер, ацетон, аэрозоль) жылы жерден, оттан және күн сәулесінен аулақ тұруы керек.
    • Лак және басқа да химиялық бояуларды газдың үстіне жылытпаңыз, бензинге жумаңыз; плитаның үстіне кептірмеңіз.
    • Отты және газ плитасын қараусыз қалдырмаңыз.
    • Газ плитасының қасында орамалды қолданбаңыз, оның шеті отқа тиіп кетсе, өрт шығуы мүмкін. Арнайы қолғап ұстаңыз.
    • Жылытқыш құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, оның үстіне мата жаппаңыз.
    • Майшам жақпаңыз, перденің қасында немесе төсектің үстінде темекі шекпеңіз.
    • Үйден шығар алдында өртке қауіпті заттардың барлығын түгел өшіріп кетіңіз.
  • Өрт кезінде
    • Жанған затты тезірек өшіруге тырысыңыз, оттың өршуіне жол бермеңіз.
    • Егер де сұйық зат жанса (май, еріткіш) — оған су құймаңыз, жарылыс болуы мүмкін. Отты қалың матамен немесе басқа бір затпен өшіріңіз.
    • Егер де от өршіп кетсе — оны сөндіріп әуре болмаңыз. Дереу өрт сөндірушілерді шақырып, газ бен токты өшіріңіз де, сыртқа шығыңыз.
    • Есік пен терезені ашпаңыз – одан кірген ауа отты одан сайын өршітіп жібереді.
    • Су ағатын труба немесе арқан арқылы төмен қарай түспеңіз, терезеден секірмеңіз (секіру 4-қабаттан бастап өте қауіпті).
    • Аузыңыз бен мұрныңызды сулы шүберекпен немесе орамалмен жауып алыңыз.
    • Лифті қолданбаңыз.
  • Өрт басқа пәтерде орын алса
    • Газ бен электр тогын өшіріңіз.
    • Түтінге толы коридор немесе саты алаңы арқылы далаға шықпаңыз (түтін өте улы болады, әрі ыстық ауа өкпені күйдіріп жіберуі де мүмкін).
    • Егер де 1 немесе 2-қабатта тұрсаңыз, балкон арқылы далаға шығыңыз.
    • Егер де пәтерден шыға алмай қалсаңыз, есіктің барлық саңылауларын сулы шүберекпен мықтап жабыңыз, ваннаға және басқа да үлкен ыдыстарға су толтырыңыз, перделерді шешіп, басқа да өрт шалатын заттарды жинап алыңыз да, есік пен еденге су шашыңыз.
  • Егер де өрт адамдар көп жиналған жерде болса
    • Кез келген ғимаратқа кірер кезде одан шығу жолдарын еске сақтап, эвакуациялық есіктерді тексеріп алыңыз, олардың ашық екеніне көз жеткізіңіз.
    • Түтіннің иісін сезген бойда қауіпсіз жолмен ғимараттан шығуға тырысыңыз. Жиналған адамдардың арасына бармаңыз, өрт сөндірушілерге дереу хабарласыңыз.
    • Егер де жиналған адамдардың арасына тап болсаңыз, қолдарыңызды жұдырықтап, екі жағыңызда мықтап ұстаңыз. Аяғыңызбен жер тіреп, арттағы адамдар тобын ақырындап жіберуге тырысыңыз.
    • Түтін көп жиналған жерге бармаңыз. Жоғары қабаттарға шықпаңыз немесе алыс тұрған ғимараттарға бармаңыз.
    • Егер де ғимараттан шыға алмайтындай жағдай туындаса, өрт шалмаған ашық жер іздеп тауып, сол жерде құтқарушыларды күтіңіз.
  • Егер де адамды өрт шалса
    • Адамды жерге жатқызып, үстінен ауа бармайтындай етіп қалың матамен, мысалы, пальтомен жауып қою керек.
    • Жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсету керек.
  • Зардап шеккендерге көрсетілетін алғашқы көмек

      Өрт кезінде адамды алдымен күйік шалады немесе түтінге қақалып, угар газымен уланады. Көмек көрсету үшін:

    • Ыстық температураның әсерінен құтқарып, киіміндегі өртті сөндіру керек, сосын өрт болған жерден далаға алып шығу керек.
    • Күйік шалған жерін дымқыл таза шүберекпен орап қою керек. Аздап қана күйген жерді суық сумен 10–15 минут бойы жууға болады.
    • Егер де дененің күйік шалған жері үлкен болса – зардап шеккен адамды таза жапқышқа орап, медицина мекемесіне жеткізу керек.
    • Түтінге қақалған адамдарды дереу сыртқа таза ауаға шығарып, қажет болса, өкпесіне дем беру амалдарын жасау керек.
    • Науқасты ауруханаға жеткізген кезде оның тыныштығын қамтамасыз ету керек.
  • Тыйым салынады
    • Науқасты жалғыз қалдыруға болмайды.
    • Күйік шалған денесіне крем, май, өсімдік майын жағуға, порошок себуге, мақтамен сүртуге тыйым салынады.
    • Күйіктен пайда болған қабыршақтарды жаруға болмайды.
    • Күйік шалған денеден киімді жұлып шешуге болмайды.
    • Аузын күйік шалған адамға су немесе басқа да тамақ беруге болмайды.

Көшкін

weather

Ауа райын қараңыз

screem

Айқайламаңыз

tree_in

Ағаштарға жақынырақ болуға тырысыңыз

panic

Тыныштық сақтаңыз

sos

Жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз

Көшкін – таулардың құзар шыңынан құлайтын немесе сырғанап түсетін қар массасы. Бұл жылдың кез келген уақытында тауда орын алатын күтпеген қауіптердің бірі. Бір текше метр қардың салмағы 60-тан 800 келіге дейін жетеді. Мұндай қар массасы ғимараттарды бұзып, техниканы сындырады. Қар көшкіні астында қалған адамдар тыныс алу жолдарына енген қар шаңынан тұншығып қалады, ал ылғалды қар көшкіндері астында қалған адамды тірідей көміп тастайды.

Сондықтан қараша-сәуір айлары аралығындағы қар көшкіні маусымы кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің ескертулеріне немқұрайлы қарамау, яғни ескерту жарияланған жағдайда тауға шықпау – ең басты қауіпсіздік ережесі болып саналады.

  • Әйтсе де, қыста тауға жиналсаңыз
    • Тауға шығар алдында ауа райы болжамы мен «Дәрмен» қосымшасындағы ескертулерге назар аударыңыз.
    • Тауда жүргенде қатты айғайламаңыз. Адамның қатты шыққан даусынан қар сескеніп, көшкін жүріп кетуі ықтимал.
    • Егер де қатты қалың қар жауып өтсе немесе жауып тұрса, ауа райы кілт өзгеріп, түк көрінбей кетсе, бағыт бойынша жолға шықпаңыз.
    • Қар көшкіні жүруіне кедергі болып тұрған жерлермен (тасты, ағаш-бұтақтары көп жерлер) ғана немесе таудың төбе жағында, көшкін жүрмейтін жермен жүріңіз.
  • Көшкін жүруі ықтимал жерлерге жақындамаңыз
    • Төбесін қар басқан, ағашы мен бұтасы жоқ тегіс, таулы беткейлерінен алыс жүріңіз.
    • Төбесіндегі қарға күн түсетін беткейлерге жақындамаңыз.
    • Төбесінен қар құлаған немесе көшкін жүрген тау беткейлерінен, немесе қары көп төбелерден алыс жүріңіз.
    • Егер де тау беткейінің төбесінде қар көп болса немесе талай жылғы қар қабаты жатса, ондай жерлерде жүру өте қауіпті.

Қар көшкіні оның жолында тұрған дүниелер үшін ғана емес, сонымен қатар оған жақын тұрған адамдар үшін де өте қауіпті, өйткені қар көшкінінің салдарынан күшті соққы толқыны туындайды. Бұл қатты жарылыс кезінде пайда болатын ауа толқыны сияқты, жолындағы ағаштарды сындырып, тастарды өзінің қозғалыс бағытына да, қарама-қарсы бағытқа қарай да лақтырады.

  • Егер де қар көшкіні басталса
    • Қардың сырғу жылдамдығы 200 км/сағ. дейін жетеді. Мұндай жағдайда оның жолынан қашып құтылу үшін әрбір минут өте қымбат. Қашқан кезде көшкінге параллель жүріп, алысқа қарай кету керек.
  • Егер де көшкінге тап болсаңыз, не істеу керек?
    • Тезірек тығылатын қауіпсіз орын іздеу керек (жартас, үлкен тас).
    • Мұз жарғыш құралдың, өткір пышақтың немесе лыжи таяғының көмегімен қардан мықтап ұстанып алу керек.
    • Қар тасқынына аздап болса да төтеп бере алатындай жағдайдаболу керек.
    • Арқадағы артық заттарды, рюкзакты тастау керек.
    • Қардың үстінде болуға бар күшімен тырысу керек.
    • Бетті шарфпен немесе күртенің жағасымен жауып алу керек, мұрын мен ауызға қар кірмейтіндей етіп екі қолымен жауып алу керек.
    • Қар көшкіні ақырындаған кезде кез келген затты қардың үстіне шығарып қою керек, сонда құтқарушылар тезірек көреді.
    • Көшкін тоқтаған кезде еркін дем алу үшін, бет-аузы мен кеуде тұсындағы қарды тазартуға тырысу керек.
    • Дем алудан пайда болатын мұз қабыршақтарын тазалап отыру керек.
    • Жоғары не төмен жақ қай жағында екенін анықтау үшін, ауыздағы түкірікті шығару.
    • Қатты айқайламаңыз, өйткені қардың астында жатқан сізді бәрібір ешкім естімейді. Егер де қарға көміліп қалған болсаңыз, сабыр сақтап, дем алатын ауаны үнемдеуге тырысыңыз.
    • Жоғарыдағы дыбыстарға құлақ түріп, достарыңызға сигнал беруге тырысыңыз.
    • Көмек жоқ болса, қардың астынан ақырындап өзіңіз шығуға тырысыңыз, тек үрейге баспай, сабыр сақтаңыз.
    • Өзіңіздің ерік-жігеріңізге берік болыңыз, ұйықтамаңыз. Достарыңыз сізді іздеп жүргенін ұмытпаңыз (қар көшкіні астынан адамдарды бесінші тәулікте, тіпті он үшінші тәулікке де аман-есен құтқарып алған жағдайлар болған).
  • Егер сіздің көзіңізше бір адам қар астында қалса
    • Сол жерді белгілеп, құтқарушыларды шақыру керек.
    • Көшкін кезінде жоғалып кеткен адамды көшкіннің бағыты бойынша іздеу керек. Оны тауып алған бойда бірден басын қардан шығарып, ауыз-мұрнын тазалап, дем алуға мұрша беру керек.

Тауға ешқашан да жалғыз шықпаңыз, әсіресе көшкін жүру қаупі жоғары болған кезеңдерде. Есіңізде болсын, тау басында тыныш жатқан қарға адам аяғы тиген кезде апат басталатынын ұмытпаңыз.

Сел

bag

Төтенше жағдайға арналған сөмкеңізді жинаңыз

close

Барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз

gas

Газды өшіріңіз

sos

Жедел қызметтерге қоңырау шалыңыз

save

Құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыз

Сел (сел жүру) – қатты жаңбыр немесе қардың тез еруі нәтижесінде тау өзендерінің бассейндерінде кенеттен пайда болатын су, құм және тас қоспасы аралас ағатын, үлкен жойқын күштің ағыны.

Соңғы 160 жылда Алматыда алты рет апатты сел болды. Олардың бірі 1921 жылдың 8-9 шілде күндері болып, 600-ден астам адамның өмірін қиып кетті. Алматыдағы Пушкин, Қонаев және Достық көшелерінің маңында жатқан алып тастар – осы қайғылы оқиғаның салдары.

Тағы бір жойқын сел 1963 жылы 7 шілде күнгі аптап ыстықта Есік өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Жарсай моренна-мұзды көлі жарылып кеткен кезде болды. Сел көл жағасындағы қонақ үй мен мейрамхананы қиратып, тікелей Алматыға қарай бет алды, осы апат салдарынан қаза тапқандардың нақты саны әлі күнге дейін белгісіз.

Мұндай апат қайталанбас үшін, 60-жылдардың екінші жартысында Алматыны селден қорғау бойынша дүниежүзілік тарихта теңдесі жоқ жұмыстар жүргізілді – қазіргі Алматының көрнекті жеріне айналған Медеу тау бөктерінде плотина (бөгет) салынды. Соған қарамастан, қаланың кейбір аудандарында қауіп әлі де сақталуда.

  • Селден қалай сақтану керек
    • Егер адамды сел басып қалса, одан құтылып шығу оңай емес. Сондықтан селден құтылу үшін, оны болдырмаудың алдын алу керек немесе эвакуация арқылы ғана құтылу керек. Төтенше жағдайда эвакуация жасау үшін, ең жақын тұрған қауіпсіз жерлерді білу қажет - бұл таулар мен төбелердің беткейлері.
  • Эвакуация кезінде
    • Өзіңмен бірге алып кете алмайтын аса құнды заттарды үйге тығып, су тимейтіндей етіп жауып қою керек.
    • Электр жүйелерін, газ, су құбырларын сөндіру керек.
    • Тез тұтанатын жанғыш заттарды үйден шығарып, сыртта қазылған орға немесе ұраға (подвал) тастау керек.
    • Есік пен терезені, ауа кіретін тесіктерді бітеп жауып қою керек.
    • Құтқарушылардың кеңесін тыңдау керек.

Сел тоқтағаннан кейін оның қайталанбайтынына, басқа қауіптің болмайтындығына көз жеткізіңіз, содан кейін ғана барып зардап шеккендерге көмек көрсетуге болады.

Жер көшкіні (сырғыма)

map

Жан-жақты алдын ала болжап алыңыз

bag

Төтенше жағдайға арналған сөмкеңізді жинаңыз

close

Барлық есіктер мен терезелерді жабыңыз

gas

Газды өшіріңіз

panic

Тыныштық сақтаңыз

Жер көшкіні (сырғыма) – қауіпті табиғи құбылыс, жердің еңістен төмен қарай жылжуы. Бұл таулы аймақтардағы адамдардың өлімі мен құрылыстардың бұзылуының жиі себептерінің бірі. Сел сияқты адам жер көшкіннен де қорғана алмайды, тек эвакуация арқылы ғана құтыла алады.

  • Жер көшкінінен құтылуға дайындық
    • Жергілікті жерді аралап, жер көшкінінің бағытын анықтап алыңыз және эвакуация жасауға қауіпсіз жерді таңдаңыз.
    • Жер көшкінінің қаупі туған кезде жасалатын іс-әрекетті алдын ала ойластырыңыз.
    • Жер көшкінінің белгілері пайда болған кезде дереу ТЖД-не, жергілікті ауыл әкімшілігі мен тұрғындарға хабарлаңыз.
  • Жер көшкіні болуының белгілері
    • Жердің, жолдың жарылуы мен пайда болған саңылаулары;
    • Жер асты және жер үсті байланыс тораптарының бұзылуы мен қирауы;
    • Ағаштардың, бағандар мен тіректердің вертикаль қалпынан ауытқуы, ауысуы, сымдардың үзілуі немесе біркелкі тартылмауы;
    • Ғимараттар мен құрылыстардың қабырғаларының қисаюы, оларда жарықтардың пайда болуы, есіктер мен терезелердің кептелуі;
    • Ұңғымалардағы, құдықтардағы, кез келген су қоймаларындағы су деңгейінің өзгеруі, тау беткейлерінен судың ағуы.
  • Эвакуация кезінде
    • Өзіңмен бірге алып кете алмайтын аса құнды заттарды үйге тығып, су тимейтіндей етіп жауып қою керек.
    • Электр жүйелерін, газ, су құбырларын сөндіру керек.
    • Тез тұтанатын жанғыш заттарды үйден шығарып, сыртта қазылған орға немесе ұраға (подвал) тастау керек.
    • Есік пен терезені, ауа кіретін тесіктерді бітеп жауып қою керек.
    • Құтқарушылардың кеңесін тыңдау керек.

Жылжымалы көшкін учаскесіне тап болған жағдайда мүмкіндігінше көшкіннің шетіне қарай және жоғары қарай қимылдау керек. Жоғарыдан төмен қарай құлайтын тастардан, құрылыстардың сынықтарынан, жер қорғанынан, төмен қарай жылжыған төбешіктерден сақ болу керек (көшкіннің жылдамдығы қатты болған жағдайда ол тоқтаған кезде соққысы күшті болуы мүмкін).

Апат аймағын асығыс тастап кеткен адамдар көшкін аяқталғаннан кейін басқа қауіп жоқ екеніне көз жеткізіп, содан кейін ғана зардап шеккендерге көмек көрсету үшін осы аймаққа қайтадан оралуы керек.

Жиі қойылатын сұрақтар

  • «Жоғары дайындық режимі» және төтенше жағдай (ТЖ) дегеніміз не?

      Адамдарды апаттан қорғауға арналған бірнеше режим түрлері бар.

    • Жоғары дайындық режимі. Бұндай жағдайда қауіпке төтеп беруге дайын болу керек, мысалы, «дабыл чемоданы» мен эвакуацияға қажетті құжаттарды дайындап қою керек.
    • Төтенше жағдай режимі. Қауіп әлдеқашан төніп келеді. Қауіпті жерден кету керек немесе зардап шеккендерге көмек көрсету қажет. Аса қажет болмаса, үйден шықпаңыз. Арнайы қызмет орындары сізге әрі қарай не істеу керектігін айтады.
    • Төтенше жағдай (ТЖ). Аса қауіпті жағдайда қолданылатын ең төтенше іс-шара. Өндірістің жұмысы мен қоғамдық көлік тоқтайды. Қозғалысқа, коменданттық сағат пен карантинге шектеулер қойылуы мүмкін, тексерулер мен қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.
  • Тұрғын үйлер маңайында, бау-бақша мен саяжайдағы үйлердің ауласында от жағып, қоқысты өрттеуге бола ма?
    • Әрине, болады. Бірақ жалын мен ұшқын ғимараттардың жанғыш элементтеріне, құрғақ өсімдіктерге, сақтаулы тұрған жанғыш заттар мен материалдарға түспеуі үшін, арнайы құрылғыларды пайдалану қажет, сондай-ақ жану процесін үнемі бақылап отыру керек.
    • От жаққан кезде кейін оны сөндіргіш заттарды міндетті түрде даярлап қою керек. Жану процесі аяқталғаннан кейін жану және түлеу материалдарының қалдықтары толығымен сөндірілуі керек.
    • Қатты жел соққан кезде шымтезек топырақтарында, ағаштардың астында от жағуға тыйым салынады.
  • ТЖД қызметкерлерін қандай жағдайда шақыртады?
    • Құтқарушылар – адамдардың өмірі мен дүние-мүлкін құтқару үшін дайындықтан өткен, білім мен техниканы, арнайы дағдыларды меңгерген адамдар. Олар адам өміріне қауіп төнген кезде шақырылады:
    • Егер де сіз суға батып бара жатсаңыз;
    • Өрт кезінде, мысалы, ғимарат қирап, адам үйіндінің астында қалса;
    • Егер де сіз жол апатына ұшырап қалсаңыз, әрі көліктен шыға алмай, қысылып қалсаңыз;
    • Егер де сіздің үйдің есігі жабылып, ашылмай қалса, үйде газ шығуы қаупі туындаса, үйде кішкентай бала немесе ауру адам қалып қойып, оған кез келген уақытта көмек беру қажет болса, құтқарушылар шақырылады.
    • Егер де адам өміріне төніп тұрған қауіп жоқ болса, құтқарушыларды шақырудың керегі жоқ. Болмашы бір түкке тұрмайтын себептермен құтқарушыларды шақыруға болмайды.
  • Менің ұялы телефоным төтенше жағдай кезінде жұмыс істей ме?
    • Ұялы телефон – қалыпты жағдайда байланыс құралы болып табылады. Дегенмен, төтенше жағдай кезінде ұялы телефон жүйелері шамадан тыс жүктелу, зақымдану немесе қуат жоғалту салдарынан жұмысын тоқтатуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде құтқарушылар шұғыл хабарлама тарату үшін пайдаланатын қарапайым радиоқабылдағыш болуы керек.
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту