Ғылым және инновация

Лаборатория Satbayev University

Сәтбаев университеті – Қазақстандағы ең ірі техникалық жоғары оқу орны, ғылыми-инновациялық зерттеулердің инфрақұрылымы жақсы дамыған, әрі жоғары білікті кадрларды даярлайтын ғылыми-білім беруші кешен болып табылады. Қазіргі таңда университетті Орталық Азия өңіріндегі ең ірі ғылыми-зерттеу орталығы ретінде танытуға бар күш-жігер салынып жатыр.

Сәтбаев Университетінің ғылыми-зерттеу қызметі ғылымды қажет ететін технологиялар саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталып, Қазақстан Республикасы экономикасын жетілдіруге басымдық беретін 10 ғылыми бағытқа топтастырылған. Университет өз қызметіне белсенді түрде жеке инвесторларды тартып, «ғылыми жаңалықтардан коммерциялық нәтижелерге дейін» тиімді технологиялық дәліз құра отырып, мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестікті барынша қолданады.

Инновацияларды толық іске асыру үшін қажетті жағдай жасау жолында университет салалық ғылыми-білім беретін бағыттар бойынша ғылымды дамыту жөніндегі дүниежүзілік және отандық трендтерге талдау жасап, мониторинг жүргізеді, сондай-ақ студенттер мен университет қызметкерлерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу үшін ыңғайлы шарттар жасап, тиімді орта қалыптастырады. Университет салалы бағыттар бойынша жүргізілетін зерттеулерге қаржылық қолдау көрсетеді, шетелдік жетекші университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, халықаралық дәрежедегі зерттеулерді жүргізу жобаларын ұйымдастырады, сөйтіп алынған нәтижелерді Web of Science және Scopus базасында индексацияланған шетелдік ғылыми басылымдарда жариялауға көмектеседі.

Университеттің ғылыми зерттеулер саласындағы жетекші университет ретінде қалыптасуы экономиканың нақты секторымен және мемлекеттік ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізуімен тығыз байланысты. Университеттің ғылыми-инновациялық қызметі мемлекеттік ұйымдардың гранттық және мақсатты-бағдарламалық қаржыландыру бойынша тапсырыстарын орындауға, сондай-ақ өндіріспен өзара тығыз әрекеттесуге бағытталған. Университеттің зертханалары мен ғылыми қызметкерлері өндірістің өзекті мәселелерін өндірістің өсуіне, оның ілгерілеуіне және экономикалық тұрақтылығына ықпал ететін ғылыми зерттеулер, экономикалық келісімшарттық тақырыптар шеңберінде шешеді.

 

Сәтбаев Университеті Ғылым департаментінің жұмысы

Өндіріс орындарына арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуден басқа университет ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға қолайлы жағдай туғызатын, қаржыландырылатын ғылыми жобалар санын көбейтетін, өндірістің өзекті мәселелері мен жоғары технологиялар құру жөніндегі мәселелерді шешетін ауқымды жұмыстарды жүргізеді. Осы жұмыстарды Ғылым департаменті үйлестіріп отырады, ол бес бөлімнен тұрады:

Гранттық және мақсатты-бағдарламалық жобалар бөлімі
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ғылыми-техникалық бағдарламалар мен гранттар шеңберінде үйлестіру
8 (727) 320 4258
Контрактті зерттеулер бөлімі
Өнеркәсіп орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау
8 (727) 320 4114
Коммерциализация және инвестициялар тарту бөлімі
Технологиялық кәсіпкерлікке қолдау көрсету және жобаларды коммерциялау
8 (727) 320 4022
Зияткерлік меншікті дамыту және жариялауды белсендіру бөлімі
Университет қызметкерлерінің мақала жариялау қызметін үйлестіру
8 (727) 292 6346
Ғылыми инфрақұрылымды сүйемелдеу бөлімі
Университеттің құрал-жабдықтар паркін дамытуды үйлестіру
8 (727) 320 4308
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту