Future 17: QS және Сәтбаев университетінің қолдауымен
Future17: Студенттер үшін мүмкіндіктер, халықаралық ортада жұмыс істеу тәжірибесі
Егер де сіз soft skills дағдыларын дамытқыңыз келсе, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылармен командада жұмыс істеп, табысты мансап құруға қажетті тәжірибе жинағыңыз келсе – Future17 бағдарламасына келіңіз! Бұл – БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қатысты тапсырмалармен жұмыс істеу үшін студенттерді, оқытушылар мен бизнес-серіктестерді біріктіретін жаһандық тұрақты даму бағдарламасы.
Әртүрлі елдерден келген студенттер бағдарлама аясында командаларға бірігіп, нақты компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар ұсынған тапсырмалармен жұмыс істейді. Студенттер сыни ойлау қабілеттерін, инновациялық көзқарас және жаһандық ынтымақтастық дағдыларын дамытып, әлемнің жетекші ұйымдары жоғары бағалайтын тәжірибе жинайды. Әртүрлі университеттердің оқытушылары мен серіктес ұйымдардың өкілдері тәлімгерлер ретінде қатысады.
Future17 қазіргі әлемде мансап құру үшін қажетті ең маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі, халықаралық, пәнаралық және мультимәдениетті командалар құрамында тұрақты даму саласындағы нақты бизнес-тапсырмалармен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Future17 коммуникациялық құзыреттілікті, цифрлық дағдыларды, бірлесіп жұмыс істеу қабілетін және сыни тұрғыдан мәселе шеше білу қабілетін дамытады, сөйтіп тұрақты даму міндеттерін шешуге нақты үлес қосуға мүмкіндік береді.
Бүгінде біздің әлем күрделі жаһандық сын-қатерлерге тап болып отыр: қақтығыстар мен экономикалық тұрақсыздық, әлеуметтік теңсіздік, қате ақпарат алу және климаттың өзгеруі. Бұл университеттерден, студенттер мен қызметкерлерден білім беруде, ғылыми зерттеулер және қоғаммен өзара байланыста жаңа тәсілдерді іздеуді талап етеді. Сәтбаев университетінің Future17 консорциумына қатысуы біздің студенттер мен оқытушылардың құзыреттерін дамытуға ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның және жаһандық қауымдастықтың тұрақты дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Мейрам Бегентаев
Сәтбаев университетінің Ректоры
Бағдарлама ұсынады
- Халықаралық команда: халықаралық пәнаралық командалардағы жұмыс.
- Кәсіби мамандармен ынтымақтастық: әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерден жиналған студенттермен және тәлімгерлермен жұмыс.
- Практикалық тәжірибе үйрететін дағдылар: серіктестер ұсынатын нақты тапсырмаларды студенттер өздері шешеді.
- Онлайн-формат: бірлесіп жұмыс істеуге арналған платформаларды қолдану (MS Teams және басқалары).
Студенттер қандай жобалармен жұмыс жасайды?
- Жаңартылатын энергия
- Тұрақты ауыл шаруашылығы
- Инклюзивті технологиялар
- Әлеуметтік кәсіпкерлік
Студенттер меңгеріп шығатын дағдылар мен тәжірибе
- Креативті және жүйелі ойлау (Design Thinking)
- Мәдениетаралық ынтымақтастық және командалық жұмыс
- Сыни ойлау және деректерді талдау
- Презентацияның кәсіби дағдылар
Қатысушыларға қойылатын талаптар
- Бакалавриат студенттеріне (1-курстан басқа) және магистратура студенттеріне қолжетімді.
- Ағылшын тілі деңгейі – кемінде B2.
- Қажетті құжаттар пакеті: түйіндеме, транскрипт (GPA кемінде 2.67 болу керек), ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификат
Ментордың ролі
Ментор студенттер тобына тұрақты даму мақсаттарын түсінуден бастап, шешімдерді әзірлеу мен негіздеуге дейінгі бүкіл жолдан өтуге көмектеседі. Бұл дәстүрлі оқыту емес, бұл оқу үдерісін қолдау және сүйемелдеу болып табылады. Оған аптасына 2 сағаттан 12 апта бойы онлайн-форматта қатысуға болады.
Бағдарламаға ментор ретінде қатысу үшін
Future17 бағдарламасының сипаттамасы
Кіріспе модуль (Induction, 4 апта)
Future17 онлайн-курстың кіріспе модулінен басталады. Сіз бірлесіп мәселе шешу және мәдениетаралық оқыту қағидаттарымен, сондай-ақ Design Thinking тұжырымдамасымен таныса отырып, оны жеке өтесіз. Бұл сізді командада жұмыс істеуге, серіктестермен және менторлармен өзара әрекеттесуге дайындайды.
Тапсырманы топ болып шешу (Collaboration, 8 апта)
Сізді әлемнің түкпір-түкпіріндегі университеттерден келген қатысушылардан құралған мультидисциплинарлы командаға бөледі. Әр командада екі ментор және бір «тапсырыс беруші» – ТДМ-мен (Тұрақты даму мақсаттарымен) байланысты нақты тапсырма беруші бизнес-серіктес бар. Команда онлайн форматта жұмыс істеп, тапсырманы шешу үшін Design Thinking әдістерін қолданады.
Қорытынды презентация (Final Pitch)
Барлық командалар бизнес-серіктестерге өз шешімдерін ұсынатын қорытынды іс-шарамен бағдарлама аяқталады.
Бағдарлама оқу жылында екі рет өткізіледі (күзде және көктемде). Бұл – жаһандық бағдарлама болғандықтан, оның жұмыс кестесі университеттің сабақ кестесінен өзгеше болады: команда кездесулері мен финалдық презентация сабақтан тыс уақытта өтуі мүмкін, ал студенттерден қажет болған кезде бағдарламаның іс-шараларына қатысуға дайын болу керектігі талап етіледі.
Көктемгі цикл: ақпан – мамыр.
Күзгі цикл: қыркүйек – желтоқсан.
Future17 туралы толығырақ
Future17 бағдарламасын жоғары білім беру саласы бойынша талдау жүргізуге маманданған халықаралық QS (Quacquarelli Symonds) компаниясы мен Ұлыбританияның University of Exeter университеті бірлесіп, 2022 жылы құрды. Ал Сәтбаев университеті бұл бағдарламаға 2024 жылы қосылды.
Серіктес университеттер консорциумы










Future17 бағдарламасына не үшін қатысу керек
Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі оның практикалық бағыты мен халықаралық форматына байланысты жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады. Көптеген қатысушылар Future17 бағдарламасы еңбек нарығында ерекше көзге түсуге көмектесетін құнды дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондықтан да сіз өз түйіндемеңізді күшейтіп, халықаралық ұйымдармен жұмыс істеу бойынша практикалық тәжірибе жинауға, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қатысты шынайы жобалармен жұмыс жасағаныңыз туралы портфолио толтыруға мүмкіндік аласыз.
Байланыс үшін:
Жібек Нұрбаева
Халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің бас менеджері
+7 776 520 0250
zh.nurbayeva@satbayev.university



