Е. Түркебаев атындағы Жобаларды басқару институты
Институт жобаларды басқару саласында жоғары сұранысқа ие жобалау менеджменті мамандарын, бизнес-сараптамашыларды, әртүрлі салалардағы күрделі жобаларды басқаруға қабілетті менеджерлер мен басшыларды даярлайды.
Жұмыс тәжірибесі мол оқытушылар мен сертификатталған менеджерлер білім алушыларды практикалық жұмысқа және өндірістің техникалық салаларындағы күрделі жобаларды тиімді басқаруға үйретеді, өндірістің әртүрлі салаларындағы нақты істердің мерзімі мен бюджеті бойынша жұмыс істеуді үйретеді.
Институт 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының көптеген көрнекті ғалымдарын, қоғам қайраткерлерін және дарынды көшбасшыларды оқытып шығарды. Институт өз студенттеріне халықаралық бизнес саласында да, қазақстандық қаржы және өндіріс саласында да көптеген мүмкіндіктер береді.
Институт шетелдік жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасап, білім беру және зерттеу жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасады, шетелдік оқытушыларды дәріс оқуға шақырып, олар үшін әртүрлі курстар мен тағылымдамалар ұйымдастырады. Шетелдік серіктес университеттер қатарында: Силезия технология университеті (Польша), Станислав Сташиц атындағы Тау-кен металлургия академиясы (Польша), Корольдік технология университеті (Швеция), Рэйвенсборн университеті (Ұлыбритания), Кентерберия университеті Крайст-Черч (Ұлыбритания), Брунель университеті (Ұлыбритания), Шаньдун университеті (Қытай), Жоғары менеджмент мектебі (Испания), Факхохшуле университеті (Германия), Қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Отто-Фон-Герике университеті (Германия), Будапешт Метрополитан университеті (Венгрия) және басқалары бар.
Қос дипломдық білім беру шеңберінде институт шетелдік кәсіби тәжірибеге және халықаралық қатынастарға қызығушылық танытқан адамдарға кең мүмкіндіктер береді. Қазіргі таңда институт Станислав Сташица атындағы Тау-кен металлургия академиясымен (Краков, Польша) «Экономикалық талдау» мамандығы бойынша бірлескен магистратура бағдарламасын ұсынады. Басқа да қос дипломдық бағдарламаларды ашу жайында келіссөздер жүргізілуде.
Институттың тұрақты серіктестері қатарында «Қазақстан Республикасының Жобалау менеджерлері одағы», «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Орталық Азия зерттеу және дамыту институты (CAIDS), «Антал» компаниясы, Astana Motors және BI Group компаниялары бар.
Институт арнайы әзірленген оқу бағдарламалары бойынша бірегей дағдылары бар жоғары басқарушы мамандарды даярлайды. Мысалы, «Executive MBA» бағдарламасы басқарушылық тәжірибесі мол басшылар мен топ-менеджерлерге арналған, ал «Тау-кен металлургиялық кешендегі МВА» бағдарламасы бойынша түлектерді тікелей өндірісте жұмыс істеуге даярлайды.
Институтта бейінді мамандық кафедраларынан бөлек «Жалпы білім беру пәндері», «Шетел тілдері», «Қазақ және орыс тілдері», сондай-ақ «Дене шынықтыру» кафедралары бар. Бұның бәрі студенттердің дүниетанымын кеңейтеді және оларға жан-жақты университеттік білім беруді қамтамасыз етеді.
Оқытушылар
Байланыстар
Кулбаева Акерке Тиналовна
Бас менеджер
ГУК 415
+7-727-320-4138
a.kulbayeva@satbayev.111
Нугуманов Шындауыл Елмуратович
Директордың орынбасары
ГУК 415
+7-727-257-7048
s.nugumanov@satbayev.111
Сатыбалдиева Динара Оразовна
Директордың орынбасары
ГУК 415
+7-727-257-7048
d.satybaldiyeva@satbayev.111
Амралинова Бакытжан Базарбековна
Директор
b.amralinova@satbayev.111