СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА
ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
Сәтбаев университеті білім беру, ғылыми зерттеулер, қоғаммен өзара байланыс, әлеуметтік жауапкершілік және өндірістік қызметін кеңейту бағытында жұмыс істей отырып, БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы Күн тәртібіне қолдау көрсетеді. Университеттегі теория мен практиканың үйлесімі креативтілікті, жүйелік және пәнаралық ойлауды дамытып, студенттер мен оқытушылардың құзыреттерін нығайтады және университеттің тұрақты дамуға қосатын үлесін арттырады.
Сәтбаев Университеті Тұрақты даму орталығының кеңсесі туралы толығырақ
Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі жобалық кеңсе — университеттің экологиялық және әлеуметтік жауапты болашағының драйвері
Сәтбаев университетінің ТДМ жөніндегі жобалық кеңсесі тұрақты дамуды білім беру, ғылыми зерттеулер мен тұтас кампусты басқару арқылы ілгерілетіп отыр. Біз университет қауымдастығы мен серіктестерді біріктіре отырып, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай келетін жобаларды жүзеге асырамыз.
Университеттің барлық қызмет бағыттарына: оқыту, ғылыми жобалар, кампус инфрақұрылымы мен оны басқару ісіне тұрақты даму қағидаттарын енгіземіз.
Экологиялық, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялар, саясаттар мен жобаларды әзірлейміз және оларды үйлестіреміз.
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсететін бастамаларды жүзеге асыру үшін студенттерді, оқытушыларды, зерттеушілер мен серіктестерді біріктіреміз.
Сәтбаев университетінің халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынасына және SDG-жобалары үшін грант тартуға ықпал етеміз.
Инклюзивтік білім беру орталығы
Тұрақты даму саласындағы мақсаттарды айқындайтын мәдениет пен ой-өріс қалыптастыру.
Білім беру және зерттеу қызметіндегі жаһандық ынтымақтастық.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру және халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысу.
Қызығушылық танытқан тараптармен серіктестік қарым-қатынас орнату.
Қолжетімді орта қалыптастыру
«Tikkun Olam Makers: Алматы» әлеуметтік макатоны
Өнертапқыштар фестивалі – ерекше талапты қажет ететін адамдар мәселесінің шешімі
Демеушілер: ERG, Тель-Авив университеті, HP
Студенттер мен қызметкерлерге психологиялық және медициналық қолдау көрсету
ЭКО кампус
Байланыс
ТДМ және эксклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы
Гулзия Буршукова
Рейтингтік және ғылымометриялық деректерді талдау орталығының бастығы
Эмиль Андекин



