Инклюзивті қоғамдағы қарым-қатынас этикасы: Satbayev University-де қонақ дәрісі өтті
Satbayev University-де Қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті қоғамдағы қарым-қатынас этикасы» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара инклюзивті білім беру ортасында қарым-қатынас этикасы, тіл мәдениеті және өзара әрекеттесу мәселелеріне арналды.
Құттықтау сөзін Satbayev University Инклюзивті білім беруді сүйемелдеу және қолдау орталығының басшысы Диляра Урманова сөйледі. Ол өз сөзінде Орталықтың қызметі, негізгі бағыттары және университетте инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудағы рөлі туралы айтып, инклюзияның негізі ретінде өзара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.
Қонақ дәрісті дипломды журналист, педагог, жазушы, бұқаралық ақпарат құралдарында мүгедектігі бар адамдар туралы материалдар жазудың этикасы мен қағидалары бойынша ұсынымдар әзірлеуші Мадина Бекболатова жүргізді. Спикер инклюзивті қоғамдағы дұрыс коммуникация қағидаттарын, құрметті тіл қолдану және жауапты өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ іс-шара аясында Satbayev University-де инклюзия бойынша курстар шеңберінде жазылған, Мүгедектер құқықтары жөніндегі Азия қоғамы (JAN) басшысы Ильяс Фатқулинның бейнедәрісінен үзінділер көрсетілді. Бейнематериал тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік беріп, пікірталасты толықтырды.



