CityU HK
филиалы
Сәтбаев университетіндегі Гонконг қалалық университеті
Кәдімгі білім грантын алып, Гонконгтағы беделді университетте оқыңыз !
Гонконгтың қалалық университеті (City University of Hong Kong) – Азиядағы жетекші университеттердің бірі, ол өзінің мықты инженерлік және бизнес бағдарламаларымен танымал.
Кампус Гонконгтың қақ ортасында орналасқан, әрі озық зертханалармен және смарт-сыныптармен жабдықталған. Оның HK Tech 300 атты жеке инновациялық орталығы студенттерге стартаптар ашуға көмектеседі.
Университет қаржыландыру, тәлімгерлік көмек және Google, Microsoft, HSBC, т.б. әлемдік жетекші компанияларда тағылымдамадан өту бағдарламасын ұсына отырып, студенттерге қолдау көрсетеді.
Оқудың артықшылығы
Алматы
Алматы
Гонконг
Гонконг
CITYU
сандармен
Университет 1994 жылы құрылған
28 факультет
20 000+ студент
2 500+ оқытушы бар
Жоғары дәрежелі академиялық еркіндік берілген
Оқу тілі – ағылшын тілі
Гонконг туралы
Қала туралы
Табиғат туралы
Оқу
бағдарламалары
Бакалавриаттың қос дипломдық білім беру бағдарламалары (2+2)
Сәтбаев Университетінде бакалавриатта 2 жыл оқу + 2 жыл CityU-де бакалавриат оқуы, нәтижесінде студент Сәтбаев Университетінің де бакалавр дәрежесін және CityU бакалавр дәрежесін алып шығады.
- ҰБТ нәтижесі 110 баллдан төмен болмауы керек
- TOEFL iBT 79
- IELTS 6.5
- Бағдарламаға қатысуға құқықты болу үшін екінші жыл соңындағы GPA көрсеткішіңіз кемінде 3.30/3.33 болуы тиіс.
Магистратураның қос дипломдық білім беру бағдарламалары (1+1)
Сәтбаев Университетінде магистратурада 1 жыл оқу + 1 жыл CityU-де магистратурада оқуы, нәтижесінде студент Сәтбаев Университетінің де магистр дәрежесін және CityU магистр дәрежесін алып шығады.
- Кешенді тест нәтижесі 75 баллдан төмен болмауы керек
- TOEFL iBT 79
- IELTS 6.5
- CityU-мен cұхбат нәтижесіне байланысты
Оқуға қалай түсу керек
- Сәтбаев университетіндегі City University of Hong Kong кодын – KZHKG-029 көрсету керек;
- IELTS немесе TOEFL сертификатын қоса тапсыру керек.
Әрі қарай грант алу және университетке түсу процесі жалпы ережелер бойынша жүреді.
Байланыс үшін
Қабылдау комиссиясы:
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22,
Бас оқу корпусы (ГУК).
Сәтбаев көшесі жағынан кіру керек.
Жұмыс уақыты:
дс–жм: 9.00 – 18.00сб: 9.00 – 13.00
жб – демалыс
Сәтбаев университетінің Халықаралық ынтымақтастық кеңсесі:



