Материалтану және инженерия
Солға қарай айналдырыңыз
Білім беру бағдарламаларының тобы | КТ элементтері |
M101 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы | Механика - Молекулалық физика |
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
Тұрақты даму, ресурстарды үнемдеу және экологиялық қауіпсіздік қағидаттарын ескере отырып, жоғары технологиялық өндіріс орындары үшін жаңа материалдарды әзірлеу мен енгізу саласына қажетті мамандарды даярлау. Оқу 2 жылға созылады, оқуды аяқтағаннан кейін түлектерге техника ғылымдарының магистрі дәрежесі беріледі.
Бағдарлама студенттердің бойында материалтану саласы бойынша ғылыми ойлауды және түпнұсқалық инженерлік шешімдерді жасау қабілетін дамытуға бағытталған. Әсіресе сандық технологиялар, автоматтандырылған жобалау жүйелерін меңгеруге, сондай-ақ инженерлік есептеулер мен әзірлемелерде жасанды интеллект әдістерін пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.
Магистранттар материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу бойынша тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, берілген технологиялық және функционалдық қасиеттері бар жаңа материалдар әзірлеуді алға қойылған тапсырмаларды шешу үшін қолдануды, өнеркәсіп орындарында өндірістік, технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын орындауды үйренеді.
Магистранттар заманауи жабдықтармен және құрылғылармен, компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған әрі арнайы мамандандырылған зертханаларда тәжірибелік дағдыларды меңгеріп шығады. Оқу процесінде ADEM, SolidWorks, AutuDesk, Kompas 3D, MSC Nastran, Comsol multiphisics және APM WinMachine сияқты соңғы нұсқада автоматтандырылған халықаралық жобалау жүйелері қолданылады.
Институт көптеген шетелдік техникалық университеттермен өзара серіктестік байланыс жасайды және TFH Georg Agricola университетінің (Германия), Pennsylvania State University, University de Loraine, AGH University of Science and Technology, CAUST, University Texas, Braunswille, University of Science and Technology Liaoning (Қытай) университетінің профессорларымен тығыз байланыс жасайды. Магистранттар әлемдегі көптеген техникалық университеттерде шетелдік тағылымдамадан өтеді.
Түлектер техникалық университеттерде инженер-материалтанушы, технолог, зерттеуші, оқытушы болады және өнеркәсіптің әртүрлі салаларында материалтану және инженерия бойынша сарапшылар болып жұмыс істейді.