
- Радиоэлектрондық құрылғыларды жобалау және өндіру.
- Стандартсыз бөлшектер мен бұйымдарды тәжірибе-конструкторлық жолмен әзірлеу және оларды өндіру.
- Оқушылар мен студенттерді электроника мен бұйым құрастыруға үйрету. NI біліктілігін арттыру курстары.

FABLAB өндірістік зертханасы соңғы шыққан жоғары дәлдікті құрал-жабдықтарда теңдесі жоқ тамаша бұйымдарды жасап шығарады, сондай-ақ электрондық тақшалардың ұсақ түрлерін өндірумен айналысады.
Басқа өндірістік компанияларға қарағанда бұл зертханада жобалау бөлімі бар. Сіздерге арнап жобаны біз «нольден» бастаймыз: бұйымның жобасын сызамыз, конструкторлық құжаттары мен сандық моделін жасаймыз.
Зертханада өндірілетін бұйымның сапасына, мықтылығына және оны қысқа мерзім ішінде жасау үшін кепілдік беретін тәжірибелі инженерлер жұмыс істейді. Біз жеке тапсырыс берушілерге арнап жасаған бұйымдардың сапасымен, олардың жоғары тиімділігімен мақтана аламыз.
Біліктілік пен сенімділік
FABLAB зертханасы Сәтбаев университетінің базасында ғылыми-зерттеу институтының бір бөлімшесі ретінде 2016 жылы ашылған болатын. Оның мұндай дәрежесі өз тапсырыс берушілеріне қосымша тиімді ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
Коммерциялық ұйымы
- Кез келген уақытта компаниямен жасалған келісім-шартты бұзу немесе оны жабу.
- Техникалық қолдаудың өте төмендігі (көпшілік жағдайларда аутсорсинг қолданылады немесе алыстан қолдау көрсетіледі).
- Қаржыландырудың тыйылуы немесе басқа да бір себептер бойынша қолдауды тоқтату.
FABLAB өндірістік зертханасы
- Өзінің өндірістік және коммерциялық секторында жүзеге асырылған жобалары бар Қазақстандағы бірден-бір жалғыз зертхана.
- Институттың күтпеген жерден жабылуы немесе келісім-шартты бұзу қауіптілігі жоқ.
- Өнімдердің дамуына және одан әрі қолдау көрсетуге кепілдік бар.
- Қаржыландыру уақытша тоқтаған кезде де бағдарламалық өнімдер мен автоматтандыру үдерістеріне қолдау көрсету мүмкіндігі.
FABLAB қызмет түрлері:

Жобалау
• Электронды үлгілер.
• Металлдан және пластиктен жасалған бұйымдар.
• Басқа аспаптар (датчиктер, бақылау аспаптары, есептеу аспаптары және т.б.)

Өндіру
• Электронды тақша.
• Қатты пластикке ұқсайтын металл мен полимерден жасалған бұйымдар.
• Капролактан, текстолит және әйнекті текстолит пластигінен жасалған бұйымдар.

Оқыту
• Оқушылар мен студенттерге арналған электроника мен бұйым құрастыру курстары.
• National Instruments біліктілігін арттыру курстары.
Электронды тақшаларды жобалау және өндіру

Радиоэлектрондық аппаратура мен автоматтық басқару жүйелерін әзірлеп шығару.

Айына 1920–2000 тақша өндіру.

Жабдыққа тест жүргізу.
Электрондық тақшаларды өндіру циклін толық жабуға қажетті материалдық-техникалық база
Өндіріс ҚР СТ сертификатының талаптарына сәйкес келеді.

Дәнекерлеу пастасын жағуға арналған автомат МС1400, Manncorp.

Электронды қосындыларды үстіңгі жаққа орнату және монтаждау автоматы МС400, Manncorp.

Автоматты оптикалық станция Sherlock – 300 F.

Дәнекерлегеннен кейін жууға арналған ішкі автомат Trident CLO, Manncorp.

Дәнекерлеу пеші CR-5000, Manncorp, 5 конвекциялық аймағы бар.
Біржақты тақша:
Дайындау жылдамдығы – сағатына 8-12 дана.
Бір айда – 1920–2000 дана.
Бір тақшадағы элементтер саны – 150–200.
Тақша көлемі – 415x320 мм.
Екіжақты тақша:
Дайындау жылдамдығы – сағатына 4–6 дана.
Айына – 960–1000 дана.
Бір тақшадағы элементтер саны – 300–400.
Тақша көлемі – 415х320 мм.
өндірістің ең соңғы «Ақауларға сараптама жасау» кезеңі біздің бұйымдардың кемшін тұстары жоқ екеніне кепілдік береді. Атап айтқанда:
– құрамдардың ұмытылып кетуіне ; – орнынан қазғалуына; – құрамдар бұрылыстарына; – қарама-қарсылықтың дұрыс еместігіне; – көтерілген қорытынды мәселелерге; – түйіспелердің, жолдардың тұйықтылығына; – бөгде материалдарға; – дәнекерлеудің сапалы болуына;Электрондық тақшаларды өндіру циклін толық жабуға қажетті материалдық-техникалық база

Өңдеу орталығы DMG MORI MiLLTAR 700
- Қарапайым кескінді бұйымды дайындау жылдамдығы – сағатына 10 дана.
- Күрделі кескінді бұйымды дайындау уақыты – 2 сағаттан көп.
- Дайын бұйымның минимальды/максимальды көлемі – 10х10х10/100х100х100 мм

Пластикті 3D-баспа орталығы
- Толық түсті 3D принтер Stratasys J750.
- Еріту әдісі арқылы модельдеу (FDM/FFF).
- Қабат қалыңдығы 14 мкм-ден жоғары.
- Бұйымның көлеміне байланысты басу – баспа қалыңдығы 40 минутта 10 мм.
- Бір мезгілде бірнеше модельді басу мүмкіндігі.
- Материал тығыздығы – 1,6 г/см³.
- Дайын бұйымның максимальды көлемі – 390х490х200 мм.

3D принтер Creality CR-10
- Қабат қалыңдығы – 1,75 мм-ден жоғары.
- Бір мезгілде бірнеше 3D-баспа жіптерін: ABS, PLA, TPU және т.б. қолдану.
- Бұйымның көлеміне байланысты басу жылдамдығы – 1 см³ 5 минут аралығында.
- Материал тығыздығы – 1,25 г/см³.
- Дайын бұйымның максималды көлемі – 500х500х500 мм.

Лазерлі кесу білдегі
Тақтай, ағаш, акрил, әйнек, металл, тас және керамика бұйымдарын жасау, оларды нақыштау:
- • Жасау дәлдігі – 0,01 мм;
- • Нақыштаудың орташа жылдамдығы – 1000 мм/сек;
- • Минималды материалдық шығындар – кесу қалыңдығы 0,1-ден 25 мм-ге дейін.

Нақыштау-фрезерлеу білдегі ЧПУ CNC3040
- Ағашты, тақтайды, жасанды тасты, акрил әйнегін және түрлі-түсті металды өңдеуге арналған.
- Жиһаз және оның бөлшектерін, зергерлік бұйымдарды, радиотехника, нешетүрлі сувенирлер мен скульптура жасаған кезде қолданылады.
- Кесудің максималды жылдамдығы материалдың түрі мен қолдағы құрал-сайманға байланысты – 2500 мм/мин.
- Жасау дәлдігі – 0,02 мм.
- Дайын бұйымның максималды көлемі – 297х420 мм.
Оқыту

Студенттер мен оқушыларға арналған оқу курстары
- Біз конструкторларды немесе лего-роботтарды жинамаймыз, біз нағыз индикаторлар мен детекторларды жинаймыз.
- Студенттер терең теориялық білім алады, электроника мен физика заңдарының жұмыс жасау қағидаттарын түсінеді.
- Курсты аяқтаған студент радиоэлектрондық бұйымдарды өз бетінше жасай алады, оны жөндеу және қалыпқа келтіру жолдарын үйреніп шығады.

Тәжірибе және NI бойынша біліктілік арттыру
- Ықшамдалған оқу кестесі технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (АСУ ТП) бойынша инженерлік білімді толық қамтуға мүмкіндік береді.
- Курсты аяқтаған студент мониторинг пен басқару саласындағы кез келген жүйеге өз бетінше жобалау жасай алады.
Студенттер мен оқушыларға арналған радиоэлектроника курстарының бағдарламасы
Бастапқы
Курста оқу мерзімі: 1 ай (8 сағат), аптасына 2 рет.
Оқыту бағдарламасы:
- Аспаптар мен құрал-саймандарды үйрену (мультиметр, осциллограф, дәнекерлегіш және т.б.);
- Теория мен практика негізінде элементтік базаны, радиоэлектроника мен физика заңдылықтарын біліп шығу;
- Қарапайым кестелерді, үлгілерді жасауды үйрену;
Нәтиже:
- Құрал-саймандардың қолданылуын үйрену және түсінеді;
- Радиоэлектроникада элементтік базаны қолдануды үйренеді;
- Физика заңдылықтарын біліп шығады.
Шеберлік
Курста оқу мерзімі: 1 ай (12 сағат), аптасына 3 рет.
Оқыту бағдарламасы:
Төменде берілген схемалар негізінде бұйымның олқылықтарын және оны жөндеу жодарын іздестіруге үйрену:
- «Велосипед қоңырауының схемасы»;
- «Белсенді жарық шағылыстырғыш»;
- «Акустикалық ажыратқыш»;
- «Инфрақызыл аудиотаратқыш»;
- «Жауын индикаторының схемасы»;
- «Көптүсті сирена»;
- «Жоғары сезгіштік микрофон»;
- «Мобильді қоңырау детекторы».
Нәтиже:
- Электрондық схемалар мен аспаптарға диагностика жасауды үйрену;
- Диагностика негізінде аспаптың олқылықтарын қалпына келтіру.
Практика
Курста оқу мерзімі: 1 ай (8 сағат), аптасына 2 рет.
Оқыту бағдарламасы:
- Электроника схемотехникасын үйрену;
- Электрондық схемаларды оқу;
- Резистор есебі. «Инфрақызыл тетік»;
- Кернеу стабилизаторының жұмыс жасау қағидаттарын үйрену. «Автоматты зарядты құрылғы»;
- Транзистор есебі. «Транзистор құрылғысын жинау және жұмысын тексеру»;
- Транзистордағы күшейткіштің есебі. «Жасырын сым детекторы»;
- Микросхемадағы күшейткіш есебі. «Дыбыстың монокүшейткіші»;
- Орауыш есебі. «Металл іздегіш»;
- Осциллограф жұмысының қағидаттары. «Компьютерлік осциллографты жинастыру».
Нәтиже:
- Электрондық схемаларды оқуды және есептеуді;
- Элементтік базаны электроника бойынша қолдануды және қажетті құрамдарын өз бетінше жинауды үйрену;
- Схеманы өз бетінше жинауды үйрену.
Шебер
Курста оқу мерзімі: 1 ай (12 сағат), аптасына 3 рет.
Оқыту бағдарламасы:
Типтік бұйымдар мысалы бойынша электрондық аспаптардың негізін оқып-үйрену:
- Тетіктің жұмыс қағидатын үйрену. «Музыкалық қарындаш»;
- Инфрақызыл тетік. «Орын тетігі»;
- Холл тетігі. «Есік сигнализациясы»;
- Фототранзистор. «Дірілдеткіш»;
- Температура тетігі; температура тетігі мен микробақылаушы тетігін қосу. «Микробақылаушыдағы температураны өлшегіш»;
- Микробақылаушыға арналған кіші бағдарламалары таңдау. «Микробақылаушыдағы температура-уақыт құрылғысын жинау»;
- ЖК индикатор. «КІМ ЖЫЛДАМ ойыны»;
- «Жер сілкінуді білдіретін тетікті жинау».
Нәтиже:
- Микробақылаушымен жұмыс жасауды үйрену;
- Тетіктерді практика жүзінде қолдануды үйрену;
- Бағдарлама жасау негіздеріне үйрену;
- Электрондық аспапты өз бетінше жинауды үйрену.
National Instruments (NI) кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы
1
1- негіздері: Бағдарлама жасау тілі LabVIEW
Курста оқу мерзімі: 3 күн (күніне 7 сағаттан 21 академиялық сағат).
Оқыту бағдарламасы:
- LabVIEW тіліне кіріспе жасау;
- Виртуальды аспаптар жасау;
- Кіші бағдарламалар жасау;
- Массивтер. Кластерлер. Циклдар;
- Мәліметтердің графикалық көріністері;
- Шешім қабылдау және құрылымдар;
- Жолдар мен файлдарды енгізу/шығару;
- Мәліметтер көріністері және оларды жинау;
- Өлшемдік аспаптарды басқару;
- Жөнге келтіру.
Нәтиже:
- LabVIEW бағдарламалау тілінің негіздерін үйрену.
- NI элементтік базасын түсіну;
2
2-негіздері: Қосымшаларды өңдеу
Курста оқу мерзімі: 2 күн (күніне 7 сағаттан 14 академиялық сағат).
Оқыту бағдарламасы:
- Өңдеудің негізгі әдістемелері;
- Бірнеше цикл аралығында мәліметтерді тарату;
- Қолда бар виртуалды аспаптарды оңтайландыру;
- Файлдық операцияларды енгізу/шығару мүмкіндіктерін кеңейту;
- Қосымшаларды жасау және өз бетінше пайдалану.
Нәтиже:
- LabVIEW бағдарламалау тілінің негіздерін тереңдете оқу;
- LabVIEW бағдарламасында қосымша жасауды үйрену.
3
Мәліметтер жинау жүйелері
Курста оқу мерзімі: 3 күн (күніне 7 сағаттан 21 академиялық сағат).
Оқыту бағдарламасы:
- Тетіктерге, сигналдарға шолу жасау және оларды келістіру;
- Мәліметтер жинау жүйесін бағдарламамен қамтамасыз ету және олардың жабдықтары;
- Мәліметтер жинау жөнінде бастама көтеру;
- Ұқсас енгізу;
- Сигналдарды келістіру;
- Сигналдарды өңдеу;
- Ұқсас шығару;
- Дискреттік сигналдарды енгізу/шығару;
- Есептеуіштер;
- Синхронизация.
Нәтиже:
- NI тетіктерімен және жабдықтарымен жұмыс істеу қабілетін арттыру;
- Далалықта қолданылатын жабдықтарды конфигурациялауды үйрену.
4
Нақты уақыт жүйесіндегі қосымшаларды өңдеу
Курста оқу мерзімі: 3 күн (күніне 7 сағаттан 21 академиялық сағат).
Оқыту бағдарламасы:
- Нақты уақыт жүйелері;
- Аппаратураны конфигурациялау;
- Нақты уақыт режиміндегі қосымшалар құрылысы: өңдеу;
- Қосымшалар мен мәлімет жинау хронометражы;
- Мәліметтер тарату;
- Қосымшаларды тексеру;
- Қосымшаларды жүктеу.
Нәтиже:
- NI жабдықтарын тереңдете түсіну;
- Нақты уақыт режимінде технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АСУ ТП) конфигурациялау тәжірибесі.
5
Басқару жүйелерін өндіру
Курста оқу мерзімі: 3 күн (7 сағаттан).
Оқыту бағдарламасы:
- CompactRIO жүйесін конфигурациялау;
- Қосымшаның құрылысын тарату;
- ПЛИС бағдарламалау;
- Нақты уақыт режимінде бақылаушыны бағдарламалау;
- ОС Windows компьютерін бағдарламалау;
- Мәліметтермен алмасу және синхронизация;
Нәтиже:
- Бақылаушыларды кәсіби түрде оқып-үйрену;
- Мониторинг және технологиялық үдерістерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін (АСУ ТП) жобалау мен өңдеуді үйрену.
Байланыстар:
Бауыржан Сарсембаев
FabLab өндірістік зертханасының директоры
+7 (727) 320-40-18 +7 (707) 150-16-25