Ақпарат:

Дайнеко Евгения Александровна

Дайнеко Евгения Александровна

Директор

PhD докторы, қауымдастырылған профессор. Білім беру саласындағы цифрлық технологиялар, виртуалды және толықтырылған шындық бойынша кәсіби маманы. 19 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар танымал ғалым әрі педагог, Scopus дерекқорында индекстелетін 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы (h-index – 10), соның ішінде монографиялар мен оқу құралдары да бар. Цифрлық білім беру платформалары мен интеллектуалды симуляторларды әзірлеуге байланысты бірқатар ірі ғылыми жобаларға жетекшілік еткен. Ғылыми зертханалар мен зерттеу мектептерін құру жөніндегі бастамашы, жас ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөледі.

Халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді: оның қатысуымен Оңтүстік Корея, Германия, Польша, Чехия, Бельгия және басқа да елдердің университеттерімен қос дипломды білім беру бағдарламалары ашылды. Coursera, Halyk Bank, SAP, UNICEF секілді жетекші компаниялармен және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынасты табысты түрде орнатқан. IT және цифрлық технологиялар саласында жаңа білім беру бағдарламалары мен микробіліктіліктердің авторы және әзірлеушісі. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2018» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Авторлық құқық бойынша 8 куәлік пен 2 бірлескен патенттің авторы.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

Институт экономиканың барлық секторларына компьютерлік ғылымдар, кибернетика және математика, ақпараттық қауіпсіздік бағыттары бойынша қажетті ІТ-мамандары мен робототехника мамандарын даярлайды.

Институт – Сәтбаев университетінің жетекші институттарының бірі, ірі ғылыми-білім беру орталығы болып табылады. Кибернетика және ақпараттық технологиялар – ғылым мен технологиялар дамуының басты бағыттары болып саналады, әрі оларға үнемі мемлекеттік бағдарламалармен қолдау көрсетіліп отырады. Институт түлектері ел экономикасында жетекші орын алатын ірі өндірістік компанияларда білікті маман, басшылық қызметтерді атқарады немесе жеке меншік компанияларды басқарады.

Институт 1962 жылдан бастап құрылды деп санауға болады. Сол жылы «Автоматика және телемеханика» мен «Компьютерлік инженерия» кафедралары базасында Автоматика және есептеу техникасы факультеті ашылған болатын.

Институт өзінің білім беру бағдарламаларын қазіргі заманғы өзекті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен іргелі білім дағдыларына негізделе отырып әзірлейді. Сонымен қатар Кембриджде (Ұлыбритания) мұғалімдерді даярлау деңгейін арттыру үшін көптілді бағдарламаларды әзірлеуде. Оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету деңгейін көтеру үшін институт оқытушылары Португалия мен Францияның техникалық оқу орындарына барады. Сабақта дәстүрлі және заманауи оқыту технологиялары қолданылады.

itech@satbayev.university

Толығырақ

Білім беру бағдарламалары

Байланыстар

Дайнеко Евгения Александровна

Директор

ККЦ 401

y.daineko@satbayev.111

Мырзакулов Максат Кендебайұлы

Директордың орынбасары

ККЦ 303

m.myrzakulov@satbayev.111

Жекамбаева Майгуль Несипалдиевна

Директордың орынбасары

ККЦ 303

m.zhekambayeva@satbayev.111

Чинибаев Ерсаин Гулисламович

Директордың орынбасары

ККЦ 302

y.chinibayev@satbayev.111

Байгисова Кымбат Бактыбаевна

Директордың орынбасары

ККЦ 303

k.baigissova@satbayev.111

Ерлан Таштай

«Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедра меңгерушісі

ГУК 502

y.tashtay@satbayev.111

Сербин Василий Валерьевич

«Киберқауіпсіздік, ақпараттарды өңдеу және сақтау» кафедра меңгерушісі

ГУК 325

v.serbin@satbayev.111

Сарсенбаев Нұрлан Сәдуақасұлы

«Автоматтандыру және басқару» кафедра меңгерушісі

ГУК 701

+7-727-292-7430

n.sarsenbayev@satbayev.111

Өжікенов Қасымбек Әділбекұлы

«Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдары» кафедра меңгерушісі

ИМС 208

+7-727-320-7084

k.ozhikenov@satbayev.111

Утегенова Анар Урантаевна

«Программалық инженерия» кафедра меңгерушісі

ГУК 1021

an.utegenova@satbayev.111

Тулешева Гулнар Алиповна

«Жоғары математика және және модельдеу» кафедра меңгерушісі

ГУК 801

g.tulesheva@satbayev.111

Студенттерге арналған академиялық қолдау мәселелері

itech@satbayev.111

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту