Телекоммуникация

Деңгейі
Бағасы
2 128 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
D 096
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Қазіргі заманғы телекоммуникациялық жүйелер мен интеллектуалды цифрлық байланыс құралдарының мамандықтары бойынша докторанттар даярлайды. Докторантура бітіруші түлекке PhD докторы дәрежесі беріледі.

Докторанттар телекоммуникация саласында компьютерлік-интеграциялық технологияларды; нейрондық желілік технологияларды; интеллектуалды жүйелерді; телекоммуникациялық жүйелер мен желілерді модельдеу және оңтайландыруды; эксперименттік нәтижелерді зерттеу және жоспарлау; жоғары жиілікті транзисторлық түрлендіргіштерді; интеллектуалдық инфокоммуникациялық желілерді басқаруды меңгереді.

Оқу бағдарламасы телекоммуникацияны «4.0. Индустриалдық өндірістік революция» аясында қамтамасыз ету үшін заманауи элементтер мен жүйелерді зерттеуге бағытталған. Атап айтқанда, телекоммуникацияны қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды білу, цифрлық және спутниктік байланыс жүйелерін құру әдістері кеңінен зерттеледі. Ақылды технологиялық телекоммуникациялық жүйелерді жобалауды автоматтандыру жүйесін дамыту және пайдалану мәселелері кеңінен қарастырылады.

Докторанттар әлемдегі жетекші телекоммуникациялық компаниялардың: «Cisco», «National Instruments», «Rochde Schwarz»-тің бай материалдық-техникалық базасына, оқу-зерттеу зертханалық стендтеріне және құрылғыларына қол жеткізе алады.

Университет Kaztelecom, Kazteleradio, Kcell компанияларымен, Қазақстан Республикасы Аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібі министрлігі, Ресей мен Украинаның жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен белсенді түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Оқу барысында докторанттар осы компаниялардың орталық және аймақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ С. Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтында, Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінде, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде, Берлин техникалық университетінде және ірі кәсіпорындар мен телефон станцияларында тәжірибеден өтеді.

Докторантураның оқу жоспарлары шетелдің жетекші университеттерінде міндетті түрде тағылымдамадан өтуді қамтиды.

Докторантура бітірушілері ғылыми-зерттеу орталықтарында, ұлттық және жеке компанияларда, университеттерде, сондай-ақ телекоммуникацияның әртүрлі салаларында және цифрлық экономиканың жаңа секторларында, ғылыми-зерттеу және жобаларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдарда кәсіби маман ретінде іс жүргізе алады.