Телекоммуникация
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M096 Байланыс және коммуникациялық технологиялар |
Электрлік байланыс теориясы |
Радиотехника және телекоммуникация негіздері |
Инженерлік телекоммуникациялық цифрлық байланыс жүйелерін өңдеу, жобалау, әзірлеу, орнату, іске қосу және пайдалану, сондай-ақ инженерлік интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласына қажетті мамандарды даярлау.
Бітірушілер 1,5 жыл оқыған кезде техника және технология магистрі немесе 2 жыл оқыған кезде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.
Телекоммуникацияны қамтамасыз етуге арналған заманауи элементтер мен жүйелерді «4.0. өндірістік революция» бағдарламасы аясында зерттеуге бағытталған. Атап айтқанда, қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды білумен қатар цифрлық және спутниктік байланыс жүйелерін құру әдістері де кеңінен зерттеледі.
Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық жүйелерді ұсынатын интеллектуалды технологиялар мен жүйелерге негізделген телекоммуникациялық компоненттерді автоматтандыру жүйелерін жобалау және пайдалану мәселелері «4.0. өндірістік революция» аясында кеңінен қарастырылады. Атап айтқанда, мобильді цифрлық қосымшалар мен түрлі салалар үшін интеллектуалды жүйелерді құру әлеуеті кеңінен зерттеледі.
Магистранттар әлемдегі жетекші телекоммуникациялық компаниялардың: Cisco, National Instruments, Rochde Schwarz-тің бай материалдық-техникалық базасына, оқу-ғылыми зертханалық стендтеріне және құрылғыларына қол жеткізе алады.
Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде семестр бойы білім алады.
Университет Kaztelecom, Kazteleradio, Kcell компанияларымен, ҚР Аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібі министрлігімен, Ресей және Украинаның жетекші техникалық жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық байланыс жасайды. Магистранттар осы компаниялардың орталық және аймақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен телефон станцияларында, С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу авиациялық институтында, Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика ғылыми-зерттеу университетінде, Берлин техникалық университетінде, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде өндірістік тәжірибеден өтеді.
Магистратура түлектері телекоммуникация жүйелері мен құрылыста, машина жасау, химия, тау-кен өнеркәсібі, мұнай, газ, металлургия, аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібінде цифрлық ақпараттарды қабылдау және беру құралдары бойынша жетекші мамандар ретінде жұмыс істейді.