Ақпарат:

Ғарыштық техника және технологиялар

Деңгейі
Бағасы
1 500 000 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 700 000 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы

Кешенді тест элементтері

M107 Ғарыштық инженерия

Физика

Математика

Ғарыш техникасы мен технологиясын әзірлеу, жобалау, дамыту, оның ішінде ғарыш технологияларын пайдалана отырып, қашықтықтан зондтаудың зияткерлік технологиялары, сондай-ақ ғарыш технологияларын пайдалана отырып, экономикалық салаларды цифрландыру саласына қажетті кадрларды даярлау.

Түлектер 1,5 жыл оқу кезінде «Техника және технологиялар магистрі» немесе 2 жыл оқу кезінде «Техникалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алып шығады.

Бағдарлама жобалық менеджменттің заманауи технологияларын, зерттеу әдістерін, өнеркәсіптік революция 4.0 шеңберінде ЖҚЗ-ны қамтамасыз етудің зияткерлік жүйелерін зерделеуге бағытталған. Атап айтқанда, ЖҚЗ-ның шағын көлемді аппараттық-бағдарламалық кешендері телекоммуникацияны қамтамасыз етудің заманауи әдістері мен құралдарын білумен қатар, цифрлық және спутниктік жүйелерді құру әдістерін де кеңінен зерттеуге бағытталған.

ЖҚЗ ғарыш жүйелерін жобалау және пайдалану мәселелері, өнеркәсіптік революция 4.0 шеңберінде ғарыш түсірілімдерін автоматтандырылған дешифрлеу әдістері мен зияткерлік инфокоммуникациялық жүйелерді қамтамасыз ету жүйелері егжей-тегжейлі қарастырылады. Атап айтқанда, қоршаған ортаның аэроғарыштық мониторингінің әлеуетті мүмкіндіктері кеңінен зерттелуде.

Магистранттар бай материалдық-техникалық базаға, СПУТНИКС оқу-тәжірибелік зертханалық стендтерінде, наноспутниктер зертханаларына және Жерді қашықтықтан зондтау орталығында зерттеу және іздену жұмыстарын жүргізе алады.

Магистранттар кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикадан өтеді, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша семестр бойы шетелде оқуға мүмкіндік алады.

Біздің магистранттар үшін негізгі әлеуетті жұмыс берушілер – «НЦКИТ» АҚ, ДТОО ИКТиТ, «ҒТБ ҒАЛАМ» ЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ, «Қазтелеком» АҚ, Ғарыштық байланыс орталығы, «Қазаэронавигация» РМК және ЖҚЗ белсенді енгізетін барлық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жерді қашықтықтан зондтау технологияларымен айналысатын жеке меншік компаниялар, оқу орындары.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту