Ақпарат:

Университет басшылығы

Rector

Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы

Басқарма Төрағасы – Ректор

Жеке қабылдауы: әр айдың бірінші және үшінші дүйсенбі күндері, сағ. 16.00 – 18.00

Кабинет: Мұнай корпусы, 307-каб.

Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 320-40-01

Email: m.begentayev@satbayev.university

Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, доцент. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының депутаты. 2001 жылдан бастап ол жоғары білім беру жүйесінде бірқатар басшылық қызметтерді атқарды; ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі 15 жыл. Павлодар қалалық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2008), 100-ден аса ғылыми жарияланымдардың авторы. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша үздік бітіріп, инженер-механик кәсіби мамандығын алып шықты.

Yermekbayev

Ермекбаев Самғат Қуатұлы

Басқарма мүшесі – Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор

Жеке қабылдауы: әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күндері, сағ. 16.00 – 18.00

Кабинет: Мұнай корпусы, 301-каб.

Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 320-41-04

Email: s.yermekbayev@satbayev.university

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Ресей Халықтар достығы университетінің (Ресей Федерациясы) және The Pennsylvania State University (АҚШ) түлегі, халықаралық инвестиция және бизнес құқығы мамандығы бойынша заң саласында бакалавр және магистр дәрежесі (LLM) бар. Білім беру саласында мемлекеттік қызметте, корпоративтік секторда басшылық қызметтер атқарып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жаңа мамандықтар мен құзіреттерге арналған «Мамандығым – Болашағым» жобасын басқарды. Penn State-да (АҚШ) Орталық Азия бағдарламалары директоры қызметін атқарды, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы және «Qazaq Independent Directors» Қауымдастығы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2021 жылдан бастап квазимемлекеттік ұйымдардың бірқатар Директорлар кеңестерінің тәуелсіз директоры болды және киберқауіпсіздік саласындағы ғылыми және оқытушылық қызметпен белсенді түрде айналысады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Kuldeev

Көлдеев Ержан Итеменұлы

Басқарма мүшесі — Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор

Жеке қабылдауы: әр айдың бірінші және үшінші жұма күндері, сағ. 16.00 – 18.00

Кабинет: Мұнай корпусы, 301-каб.

Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 320-41-01

Белгілі ғалым, геофизик-тау-кен инженері. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы техникалық ғылымдарының кандидаты. Доцент, ҚазҰЖҒА академигі, ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі. 100-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 80 мақаланың және Web of Science (h-индекс-2) және Scopus (h-индекс-3) мәліметтер базасымен индекстелген ғылыми журналдардағы 12 мақаланың, Қазақстан Республикасының 3 патентінің, 2 монография, 5 оқу құралының және 20 оқу-әдістемелік құралының авторы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин грантының иегері. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР БжҒМ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері, ҚР ЭМ «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, РФ-ның «Білім беру ісіне қосқан еңбегі үшін» ордені, «БҰҰ Халықаралық Экология және өмір қауіпсіздігі ғылымдары академиясының «Ғалым жұлдызы» және «Еңбек сіңірген ғылыми қайраткер» атақтарының, Қазақстан ғалымдары одағының «Жас Ғалым» медалі мен сыйлығының иегері, ҚР БжҒМ жас талантты ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты және басқа да наградалар мен медальдардың иегері. АҚШ-тың Беркли қаласында Калифорния Университетінің Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының басшыларына арналған «Berkeley Institute on Higher Education» курстарын, Астана қаласында жоғары білім беру көшбасшыларына арналған АҚО «Nazarbayev University Graduate School of Education», «Eurasian Higher Education Leaders Forum» курстарын, Словакия технологиялық университетіндегі жоғары білім беруді басқару курсын (Братислава, Словакия) және «TEMPUS» жобасы бойынша оқыған.

Uskenbayeva

Ускенбаева Раиса Кабиевна

Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Жеке қабылдауы: әрбір сейсенбі күні сағ. 16.00 – 18.00

Кабинет: Қазақстан-Корея орталығы, 401-кабинет.

Email: r.k.uskenbayeva@satbayev.university

Профессор, техника ғылымдарының докторы. С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) механика-математика факультетін бітірген. КСРО Байланыс құралдары өнеркәсібі министрлігі жанындағы Алматы Конструкторлық бюросында инженер-математик, ғылыми қызметкерден бастап, кафедра меңгерушісіне дейінгі лауазымдарды атқарды. 1993 жылы «Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың докторантурасын тәмамдады. Докторантура бітіргеннен кейін информатика кафедрасының меңгерушісі болды. Оның бастамасымен 2005 жылы бұл кафедра «Жүйелер мен желілерді бағдарламалық қамтамасыз ету» деп өзгертілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Компьютерлік желілер мен кешендерді, есептеу машиналарын математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады. 2012 жылы наурыз айында оқу ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды, содан кейін Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректоры болып еңбек етті. 2019–2021 жылдары Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры қызметін атқарды.

Shalabayev

Шалабаев Сапар Катаевич

Басқарма мүшесі - Әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие жөніндегі проректор

Жеке қабылдауы: әр айдың 1 және 3 - сейсенбі күндері, сағ. 14.00-16.00.

Кабинеті: Мұнай корпусы, 301-каб.

Қабылдау бөлмесі: 8 (727) 320-41-01

1988 жылы туған. Мемлекеттік қызмет атқарған еңбек тәжірибесі өте мол. Ол бірнеше жыл қатарынан жоғары оқу орындарында басшылық қызметтер атқарды. «Саясаттану», «құқықтану» мамандықтары бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі. Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде, Алматы Менеджмент университетінде «Университет басқару-2020» бағдарламасы бойынша және Мәскеудегі СКОЛКОВО басқару мектебінде «Университетті басқару» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарын оқыған. Үйленген. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.

 
Syzdykov

Сыздықов Асқар Хамзаевич

Қ. Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институтының директоры

Тау-кен инженері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD докторы. ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі, ҚР Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. «Мұнай өндірісі» кафедрасының профессоры. Жарияланған 50-ден астам ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың авторы, оның ішінде ҚР патенттері, КСРО авторлық куәліктері және АҚШ, Канада, Швеция, Жапония мен Германия патенттері бар. 1980 жылдан 1992 жылға дейін ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысып, В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-де (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ) «Технологиялар және ұңғымаларды бұрғылау техникасы» кафедрасының кіші ғылыми қызметкерінен аға оқытушысы мен доцентіне дейінгі лауазымдарды атқарды. Өндіріс орнының тәжірибелі маманы, 1993 жылдан 2017 жылға дейін ҚР-ның геология және мұнай-газ салаларында әртүрлі отандық және шетелдік өндірістік компанияларда жұмыс істеді. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жүйесінде («ҚазТрансГаз», «Амангелді Газ», «ҚазМұнайГаз Қарашығанақ», «Каспиймұнайгаз» компанияларында) атқарушы және басшылық қызметтерді атқарды. «ҚР құрметті жер қойнауын барлаушысы», «ҚР еңбек сіңірген геологы», «ҚР мұнай және газ өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгілерімен, «ҚР мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен, Қ.И. Сәтбаев атындағы алтын медальмен, «Қазақстандағы құбыр желісі тасымалына 70 жыл», «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Kazenergy» бірлестігінің медальдарымен, соның ішінде Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» медалімен марапатталған. Сондай-ақ ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, ҚР Мұнай және газ министрлігінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» Құрмет грамоталарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған. «Мұнай және газ» журналының редакциялық алқасының мүшесі, ҚР Энергетика министрлігінің ҒЗТКЖ жобаларын қарау жөніндегі ғылыми-техникалық кеңестің мүшесі, ҚР «Ұлттық геологиялық қызметі» Директорлар кеңесінің (Кадр мәселесі, сыйлықтар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы) мүшесі, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының «Геология, тау-кен ісі, көмір өндіру және металлургия өнеркәсібі» кіші комитетінің мүшесі, ҚР Минералдық ресурстар академиясы Президиумының мүшесі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Мемлекеттік атаулы сыйлықтың лауреаты.

Rysbekov

Рысбеков Қанай Бахытұлы

Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының директоры

Тау-кен инженер-маркшейдері, техника ғылымдарының кандидаты. РФ Тау-кен академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық тау-кен академиясының академигі, РФ Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылыми академиясының академигі. Әр жылдарда Тау-кен институтының директоры, ҚР БжҒМ жанындағы Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеттің эксперттік кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. Жас талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды. Қанай Рысбеков – 100-ден аса ғылыми еңбектің, 3 оқулықтың, 3 монографияның, 7 оқу құралының авторы. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласы бойынша берілетін әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми еңбектерге эксперттік-аналитикалық бағалау жұмыстарын жүргізу жөніндегі секцияның мүшесі. «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» жанындағы кәсіби стандарттың штаттан тыс эксперті.

Yelemesov

Елемесов Қасым Көптілеуұлы

Энергетика және машина жасау институтының директоры

Ол - технологиялық машиналар және жабдықтар мәселелерімен айналысып жүрген ғалым, педагогикалық қызметте жиырма жылдық тәжірибесі бар оқытушы. «Тау-кен ісінің үздігі» құрметті белгісімен және ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен марапатталған. Ол төрт оқу құралының, үш инновациялық патенттің, Thomson Reuter, Scopus мәліметтер базасына енетін импакт-факторы бар бес басылымның авторы. ҒЗЖ ғылыми тақырыбының жетекшісі және гранттық қаржыландыру бойынша бірқатар инновациялық жобалардың жетекші ғылыми зерттеушісі. «Пайдалану және сервистік инжиниринг» бағдарламасының, сондай-ақ студенттерді кәсіби аккредитациялау тұжырымдамасының авторы. Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының Тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының салалық қауымдастығымен бірлесе отырып іске қосылған. Қасым Елемесов – Өнеркәсіптік консультативтік комитеттің ұйымдастырушысы және төрағасы. «Республикалық тау-кен байыту және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінде кәсіби стандарттар бойынша сарапшы.

Kuspangaliyev

Құспанғалиев Болат Урайханұлы

Сәулет, құрылыс институтының директоры

Архитектура докторы, профессор, Шығыс елдері архитектурасы Халықаралық академиясының академигі (МААСВ), Халықаралық архитектура академиясының академигі (МААМ), ҚР-ның Құрметті сәулетшісі, «Алтын Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты, Халықаралық архитектура академиясы Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі. Бұрындары Алматы Сәулет және құрылыс институтының проректоры болды. Осы лауазымды құрметпен атқарған жылдары сәулетші-профессор Қазақстан жоғары мектебін таңдаулы ұйымдастырушыларының біріне айналды, оның ерен еңбегін ҚР Білім және ғылым министрлігі аса жоғары бағалап, талай рет алғыс хаттармен, грамота және медальдармен марапаттады. Профессордың басшылығымен және тікелей қатысуымен 30-дан астам құрылыс нысандары мен тұрғын үй кешендерінің жобалары жасалып, құрылыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Хайвилл Астана» («Highvill Astana») тұрғын үй кешені, «Алмалы Қала» («Apple Town») тұрғын үй кешені және т. б. Бұл құрылыс нысандары үшін ҚР Сәулетшілер одағының алтын медалімен марапатталды. Болат Құспанғалиев ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық қызметі үшін бірнеше рет үкіметтік, ведомстволық және қоғамдық марапаттарға ие болды: «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен; «Қазақстан архитектурасына және жоғары мектебін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Жыл адамы атанып, «Алтын Адам» Ұлттық сыйлығымен; «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. «Балама энергия көздері негізінде энергиялық тиімді технологияларды өндіру» жөніндегі ғылыми жобалардың жетекшісі.

Amralinova

Амралинова Бақытжан Базарбековна

Жобаларды басқару институтының директоры

Тау-кен инженері, геолог, PhD докторы, заңгер. Тәжірибесі мол ғылыми қызметкер, халықаралық деңгейде мол тәжірибе жинақтаған оқытушы. Natural History Museum (London, UK) және Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «36th Annual Winter Meeting 2-4 January 2013 University of Lester» (Лестер қаласы, Ұлыбритания) халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына және «37th Annual Winter Meeting 2-4 January 2013 University of Oxford» (Оксфорд, Ұлыбритания) конференциясына қатысты. Қазақ және орыс тілдерінде жарияланған 20-дан астам әдістемелік құралдың, 10 шақты дәрістер курсының авторы. Соңғы үш жылда кәсіби біліктілігін жиі арттырып, 10-нан астам сертификатқа ие болды. 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде рейтингтік журналдарда да мақалалар жариялады. Сирек кездесетін металдар саласы бойынша мемлекеттік бюджеттік жобалардың басқарушысы, әрі орындаушысы болды. «Шығыс Қазақстанның алтынды кен орындарының түрлері» атты монография (2015) мен бірнеше оқу құралдарының авторы.

Abdullaev

Абдуллаев Сейдулла Сейдеметұлы

Көліктік инженерия және логистика мектебінің басшысы

Инженер, техника ғылымдарының докторы, профессор, теміржол көлігі саласындағы ұлттық сарапшы. Өзінің 20 жылдан астам мансабын ЖОО-дағы жоғары білім беру жүйесіндегі ассистент позициясынан, ал өндірістік қызметін «Қазақстан теміржолы» компаниясынан бастады, «Қазгипрожелдортранс» бас инженері лауазымында жұмыс атқарды, Satbayev University-не келгенге дейін М.Т. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының басшысы ретінде табысты академиялық мансапқа ие болды. Медальдармен, Құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградалармен марапатталған: оның ішінде «М.Т. Тынышбаевтың 140 жылдығы» мерейтойлық медалімен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», А. Байтұрсынов атындағы қола төсбелгісімен ҚР ЖОО қауымдастығы «Түрксіб 90» төсбелгісімен марапатталған. 200-ден астам жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның, 7 оқу құралының, 90-нан астам оқу-әдістемелік нұсқаулардың халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалардың авторы. Халықаралық ғылыми жобаларға, республикалық іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге белсенді қатысады. ТМД елдерінде, Сингапурда, АҚШ-та біліктілікті арттыру курстарының өтті. Халықаралық ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы, тәжірибелі өндірістік қызметкер, сауатты педагог және ғылыми қызметкер. 2014 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегері.

Rysbayev

Рысбаев Василий Несипказиевич

Әскери іс институтының басшысы

Запастағы генерал-майор, Қазақстан Республикасы жоғары қолбасшылығының өкілі, бұрын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. Қызмет барысында КСРО және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары және Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері қолбасшылығы Бас қару-жарақ басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. «Педагогикалық білім беру» мамандығы бойынша магистр. «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» III дәрежелі орденінің кавалері, І және ІІ дәрежелі «Данқ» ордендерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шетелдік басқа да марапаттардың иегері.

Simonov

Симонов Андрей Геннадьевич

Цифрлы технологиялар және кәсіптік даму институтының директоры

Симонов А.Г. қашықтықтан білім беру, IT дамыту, энергияны тиімді пайдалану және жобалау салаларында біліктілігі жоғары маман болып табылады. «Статистика агенттігі» РМК мемлекеттік қызмет саласындағы ІТ бөлімінің ең жас басшыларының бірі – орталықтандырылған республикалық жергілікті желінің құрылысы мен облыс орталықтарының ІТ-мамандарын даярлауға өз еңбегін сінірген азамат. «EST Group» компаниясында атқарушы директор болған кезде LEED / BREEAM сертификаттау және объектілерде энергияны математикалық модельдеуді Зеленый квартал (BI Group), Изумрудный квартал, БАӘ-нің Астанадағы елшіліктері мен консулдықтарында жүзеге асырды. «ҚБТУ ҒТО»-да құрылыс, жобалау, әкімшілік бөлімі, маркетинг бөліміне жауап берді және клиенттермен қарым-қатынас саласын басқарды. «PE&IT KBTU көпфункционалды кешені» жобасы аясында «Қазақстан теңіз академиясының оқу шеберханасы», «ҚБТУ бұрғылау орталығы», «Фотоэлектрлік станция» мұнайшыларды даярлау орталығы салынды. Қазақстан теңіз академиясының оқу шеберханасы – бұл жазық далада салынған теңіз қозғалтқышы орнатылған, қозғалтқыш бөлмесі бар әлемдегі бірінші дербес ғимарат, Қазақстанда энергия тиімділігі сипаттамалары бар алғашқы өндірістік ғимарат. «ҚБТУ» АҚ-да ол «Іскерлік мектеп» директорының орынбасары, баспа орталығы қызметін атқарды. Сәтбаев университетінде жұмыс істеген кезінде «PolytechOnline - қашықтықтан оқыту платформасы» республикадағы ең үздіктердің біріне айналды, деректерді зияттық талдау құралдарын қолдану арқылы университет қызметінің тиімділігін арттыру үшін Data Center құрылды, студенттерге Data Engineering, Data Analytics бағыттары бойынша тәлімгерлік ұйымдастырылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту