Шетелдік студенттерді қабылдау
Сәтбаев университеті шетелдік студенттерді біздің академиялық отбасымызға қосылуға шақырады. Біз Орталық Азиядағы жетекші техникалық университеттердің бірінде сапалы білім алуға тамаша мүмкіндік ұсынамыз.
ШЕТЕЛДІК ТАЛАПКЕРЛЕР ҮШІН
ҚЫМБАТТЫ ТАЛАПКЕР!
Бұл парақшадан сіз шетелдік талапкерлердің Сәтбаев Университетіне түсу тәртібі туралы барлық ақпаратты таба аласыз.
Айта кетейік, шетелдік талапкерлер университетке жыл бойы түсе алады, бірақ олар тек ақылы негізде ғана оқи алады. Сондықтан жеңілдіктер мен басқа да бағдарламаларды «Жеңілдіктер» бөлімінен қарай аласыздар.
ҚҰЖАТТАР МЕН ТАЛАПТАР
Satbayev University-ге шетелдік талапкерлерді қабылдау үдерісі онлайн форматта жүзеге асырылады. Қабылдау кезінде сіз бірінші кезеңге қажетті құжаттардың тек цифрлық көшірмелерін ұсынасыз.
Қалған құжаттардың түпнұсқаларын шетелдік студенттер сұхбаттасудан сәтті өтіп, оқуға қабылданғаннан кейін, виза алып және Қазақстанға келген соң университетке тапсырады. Құжаттарды аудару, нострификациялау және медициналық анықтамаларды алу рәсімдерінің барлығы Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асырылады.
Барлық кезеңдерде қажет болатын құжаттарды алдын ала дайындап, өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз.
-
Оқуға түсу үшін қандай құжаттар керек және қандай білімі болуы керек
- Оқуға қабылдау туралы өтініш (www.kb.satbayev.university сайтында толтырылады)
- Нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар паспорт (Қазақстан нотариусы арқылы куәландырылған). Маңызды: паспорттың жарамдылық мерзімі оқу жылы басталған күннен бастап кемінде 12 айдан ерте аяқталмауы тиіс.
- Білім туралы құжат және оған қосымша (транскрипт)
- Білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы (Қазақстан нотариусы арқылы куәландырылған).
- Докторантура бағдарламаларына немесе ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламаларға түсу кезінде ағылшын тілін меңгергендігін растайтын сертификат:
- IELTS Academic — at least 5.0
- TOEFL IBT — at least 35
- TOEFL ITP — at least 417
- TOEIC — at least 550
- Duolingo English Test — at least 80
- Төлем қабілеттілігін растайтын банк анықтамасы (банктік шотта кемінде 5000 АҚШ доллары көлемінде қаражаттың болуы талап етіледі).
- Дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесін нострификациялау рәсіміне тапсыру туралы ХҚКО-дан (Халыққа қызмет көрсету орталығынан) берілген анықтама.
- №063 егу картасы, №075 медициналық анықтама және флюорография нәтижесі.
- Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ/ЖИТС) зертханалық тексеруден өткені туралы медициналық анықтама.
- Кемінде 1 жыл мерзімге жарамды медициналық сақтандыру полисі.
- Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт (Қазақстанға келгеннен кейін Қабылдау комиссиясында).
- Фотосүрет 3×4 (3 дана).
- Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ немесе кадр бөлімі мөрімен расталған жұмыс орнынан анықтама.
- Соңғы үш жыл ішінде жарияланған ғылыми еңбектердің (жарияланымдардың) тізімі.
- Докторлық диссертация бойынша зерттеу жоспары.
- Мотивациялық эссе немесе ұсыным хат.
Бакалавриат, магистратура немесе докторантура бағдарламасына түсу үшін тиісті білім деңгейі қажет. Растау үшін талапкер бастапқы кезеңде келесі құжаттарды ұсынады:
Қазақстан Республикасына келгеннен кейін талапкерлер жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларымен бірге келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Сонымен қатар, докторантура бағдарламаларына түсетін талапкерлер қосымша келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Барлық құжаттар сканерленіп, электрондық форматта дайын болуы тиіс. Құжаттардың аудармасы мен нотариалды куәландырылуы Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі.
-
Сәтбаев Университетіне тіркелу жөніндегі қадамдық толық рәсім
Satbayev University-ге қабылдау қашықтық фоматта өтеді. Алғашқы кезеңде талапкер қашықтан іріктеуден өтіп, онлайн сұхбаттасуға қатысады. Қабылдау комиссияның оң шешім қабылдаған жағдайда ғана талапкер Қазақстанға келіп, құжаттардың толық пакетін ұсынады.
№ Іс-әрекет Мерзім 1 Білім беру бағдарламасын таңдау 2 Қажетті құжаттарды жинап, сканерленген көшірмелерін дайындау. 3 www.kb.satbayev.university сайтында алдын ала онлайн өтінім беріңіз. Бұл кезеңде сіз паспорттың және қосымшасымен бірге білім туралы құжаттың электрондық көшірмелерін ұсынасыз. Докторантура бағдарламаларына түсушілер қосымша тілдік дайындық сертификатын, ғылыми жарияланымдар тізімін және мотивациялық эссені тапсырады. 4 Алғашқы құжаттарды жібергеннен кейін сізге таңдалған білім беру бағдарламасының кафедрасы, Қабылдау комиссиясы және университеттің Халықаралық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен онлайн сұхбаттасу тағайындалады. Құжаттарды тапсығаннан кейін 1 апта ішінде 5 Онлайн сұхбаттасу қорытындысы бойынша Қабылдау комиссиясы талапкердің құжаттары мен дайындық деңгейін қарайды. Қабылданған шешімге сәйкес талапкер университетке оқуға қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы ресми жауап алады. Сұхбаттасу күні 6 Қабылдау комиссиясының оң шешімі негізінде талапкердің электрондық поштасына оқуға қабылдау туралы шақыру хаты және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жобасы жіберіледі. Онлайн сұхбаттасудан өткеннен кейін 1 апта ішінде 7 Талапкер білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа сәйкес оқу құнының 40%-ын төлеуі қажет. Шартты алғаннан кейін және оқу басталғанға дейін 8 Оқу ақысының белгіленген бөлігін төлегеннен кейін университет көші-қон қызметі органдарында студенттің уақытша болуына рұқсатты (визалық қолдау) рәсімдейді. Рұқсат дайын болғаннан кейін университет талапкерге оқуға қабылдау туралы бұйрықпен бірге тиісті құжаттарды жібереді. Оқуға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін 3 апта ішінде.
Ескерту: Қажет болған жағдайда көші-қон қызметі мерзімді ұзартуға құқылы.9 Талапкер университеттен алынған визалық қолдау хатының және оқуға қабылдау туралы бұйрықтың негізінде өзінің еліндегі Қазақстан Республикасының консулдығында С9 студенттік визаны рәсімдейді.
ТМД елдерінің азаматтары үшін Қазақстанға келгеннен кейін уақытша тіркеу рәсімделеді.Консулдыққа жазылу кестесіне сәйкес 10 Студент Қазақстанға оқу орнына барлық құжаттарының түпнұсқаларымен келеді. Мекенжай: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 22. Оқу басталғанға дейін кемінде 1 апта бұрын 11 Келгеннен кейін шетелдік студенттермен жұмыс бөліміне хабарлау қажет. Бұл паспортты көші-қон полициясында тіркеу үшін қажет. Шекарадан өткеннен кейін 2 күн ішінде 12 Қабылдау комиссиясына құжаттардың толық пакетін, нотариалды аудармаларын және көшірмелерін тапсыру, сондай-ақ шартқа қол қою қажет. 13 Оқу басталуы -
Талапкер өз елінде қандай құжаттарды дайындауы тиіс
- Жеке куәлігі (ID, ішкі және шетелдік паспорты);
- Білімі туралы құжаты және оның қосымшасы;
- Басқа елде тұрақтауға ықтиярхат немесе жұмыс істеуге рұқсат алу/ егер сіз азаматтығыңыз жоқ елдің резиденті болмасаңыз да, мерзімінен бұрын бару.
Білім туралы құжатқа және білім туралы құжатқа қосымшаға апостиль қою керек немесе оны заңдастыру қажет. Қазақстанға келгеннен кейін сіз осы құжаттардың нотариалды куәландырылған аудармаларын және/немесе көшірмелерін алуыңыз керек.
Егер де құжаттарыңыз орыс немесе қазақ тілінде болса, онда олардың көшірмелері ғана қажет. Ал егер басқа тілде болса, онда орыс немесе қазақ тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қажет.
-
Қосымша қандай ақпарат қажет
Сіздің қай елде тұратыныңызға байланысты сіз C9 категориялы студенттік визаға өтініш беруіңіз керек, ол оқу үшін қажет. Студенттер өздері тұратын елдегі Қазақстан консулдығы/елшілігі арқылы виза алуға өтініш беруі керек. Виза құжаттарын өңдеуге кететін уақыт ұзақтығы бірқатар факторларға, соның ішінде сіз тұратын елге де байланысты болады. Қазақстанға университетке оқуға түсу үшін келерде, визаны ресімдеу тәртібі, қажетті құжаттар мен оны тапсыру мерзімі туралы толығырақ ақпарат алу үшін Қазақстан консулдығымен кеңесіңіз.
-
Қазақстанға келу үшін виза қажет па?
Қазақстанға қысқа мерзімге келу үшін, әдетте виза қажет емес, өйткені Қазақстанның көптеген елдермен визасыз режим туралы келісімі бар. Сіз Қазақстанда 14, 30 немесе 90 күн визасыз бола аласыз, оның ұзақтығы қай елден келгеніңізге байланысты. Осы уақыт аралығында сіз құжаттарды куәландырып, университетке тапсырып, әңгіме-сұхбаттан өтіп те үлгересіз.
Қазақстан Республикасының шетелдік азаматтарға арналған визалық режимі
Кейіннен сізге оқу үшін студенттік виза алу керек болады.
Алайда көші-қон заңнамасын сақтау мақсатында әрбір студент Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап 2 күн ішінде Университеттегі шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлеріне өзінің келуі туралы хабарлауға міндетті. -
Емтихан тапсыру немесе ҰБТ сертификатын алу керек пе?
Жоқ, шетелдік азаматтар оқуға түсу үшін емтихан немесе ҰБТ тапсырмайды, тек сұхбат нәтижесі негізінде ғана оқуға қабылданады.
-
Білім туралы құжаттардың мойындалғаны және нострификациясы туралы куәлікті қалай алуға болады
- Жеке куәлік;
- Білім туралы құжаттарды мойындау туралы өтініш (сол жерде толтырылады);
- Білім туралы құжаттың заңдастырылып, апостиль қойылған және нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі мен аудармасының қосымшасы (егер де құжат толығымен шет тілінде жазылған болса), сонымен бірге мөрдің де аудармасы болуы керек.
Білімін мойындау туралы анықтаманы ХҚКО-нан («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы) алу қажет. Ол үшін келесі құжаттар ұсынылады:
-
Денсаулығы туралы № 075-у үлгідегі анықтама мен флюорография суретін қалай алуға болады
№ 075-у үлгісіндегі анықтаманы алу үшін, университет аумағында орналасқан студенттік емханаға немесе Сәтбаев Университетінің корпоративтік емханасына бару керек. Ол жерде анықтамамен қатар флюорографиядан да өтіп, оның суретін де алуға болады.
Өзімен бірге жеке куәлік болуы керек.
Алматы қаласы студенттік емханасының мекенжайы:
Алматы қаласы, Бұхар жырау бульвары, 14 (Марков көшесінің қиылысы).
Call-центр +7 (778) 003-71-41, тіркеу бөлімі 8 (727) 312-39-51.
-
ВИЧ-ке (СПИД) тест тапсырғаны туралы анықтаманы қалай алуға болады
Алматы қаласындағы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықта ВИЧ-ке тексерілу қажет. Сіз қан тапсыру арқылы сертификат аласыз.
СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мекенжайы:
Алматы қаласы, Бәсенов көшесі, 2, корпус 4 (Жароков көшесінің қиылысы).
Телефондары: 8 (727) 246-53-36, 8 (727) 246-53-52.
-
Шақыру-хатты қалай алуға болады
- Паспорттың бірінші бетінің көшірмесі мен аудармасы қазақ және орыс тілдерінде нотариалды түрде куәландырылған болуы керек;
- Егер де сіз өзіңіз азаматы болып табылатын елден басқа елде тұрақты тұрсаңыз, тұрғылықты тұруға ықтиярхаттың немесе жұмыс істеуге рұқсат қағаздың/ұзақ мерзімді сапардың аудармасы қазақ және орыс тілдерінде нотариалды түрде куәландырылған болуы керек;
- Satbayev University-не қабылданғаны туралы хат.
Мұндай хатты Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі алады. Бұл 14 күнге дейін созылуы мүмкін, сондықтан студенттер тиісті төлемді уақытында төлеп, барлық қажетті құжаттарды мүмкіндігінше тезірек тапсыруы керек:
Өзіңіз туралы барлық жеке мәліметтер дұрыс екеніне және төлқұжатыңыздағы мәліметтерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Егер құжаттардың кез келгенінде бірдеңе дұрыс көрсетілмесе, қабылдау комиссиясына дереу хабарласыңыз.
-
Визаға өтінімді қалай беруге болады
- Шақыру-хат;
- Виза анкетасы;
- Satbayev University-не қабылданғаны туралы хат;
- Паспорттың (оригинал + екі көшірмесі) әрекет ету мерзімі виза алғаннан кейін алты айдан аспау керек және виза қою үшін оның кем дегенде екі бос парақшасы болуы тиіс;
- Қазақстанға бронь жасалған билеттің көшірмесі;
- Бір фотосурет (3,5 см х 4,5 см);
- Қосымша құжаттар: банк көшірмелері, медициналық сақтандыру, Алматыда тұратынын растау (қонақ үй броньдау, жатақхана және т.б.);
- Виза төлемдерін төлеу (әр елге байланысты).
Визаға өтініш беру үшін, сіз өз еліңіздегі Қазақстан Республикасының елшілігінің/консулдығының ресми сайттарында көрсетілген нұсқауларды орындауыңыз керек.
Ол үшін келесі құжаттар қажет:
Қазақстанға келгенде осы құжаттардың барлығы өзімен бірге болуы керек, өйткені шекарадан өткен кезде оның бәрін көрсету керек болады.
Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген шетелдік студенттерге визаның орнына бір оқу жылы мерзіміне тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу беріледі. Уақытша тіркеуге өтініш беру үшін шетелдік студенттермен жұмыс жөніндегі бөлімге паспорттың түпнұсқасын көрсету керек.
-
Оқуды қашан бастауға болады
Шетелдік студент студенттік визаны алып, Алматыға келгеннен кейін, Қазақстан Республикасының Көші-қон полициясына тіркеліп болған соң, оқуын бастай алады. Сіз Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде көші-қон қызметіне келгеніңіз туралы хабарлауыңыз қажет.
ОҚУ БАҒЫТЫН ТАҢДАУ
Satbayev University-дегі оқу процесі арнайы білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Сіз соның бірін таңдай аласыз.
Бакалавриат бағдарламалары
-
Кибернетика және ақпараттық технологиялар институты
14 білім беру бағдарламасы -
InVision U
1 білім беру бағдарламасы -
Сәулет және құрылыс институты
9 білім беру бағдарламасы -
Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты
14 білім беру бағдарламасы -
Энергетика және машина жасау институты
11 білім беру бағдарламасы -
Көлік инженериясы және логистика мектебі
5 білім беру бағдарламасы -
Геология және мұнай-газ ісі институты
16 білім беру бағдарламасы -
Жобаларды басқару Институты
4 білім беру бағдарламасы
Магистратура бағдарламалары
-
Көлік инженериясы және логистика
4 білім беру бағдарламасы -
Геология және мұнай-газ ісі
14 білім беру бағдарламасы -
Тау-кен инженериясы және металлургиялық өнеркәсіп
17 білім беру бағдарламасы -
Энергетика және машина жасау
7 білім беру бағдарламасы -
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар
12 білім беру бағдарламасы -
Сәулет және құрылыс
8 білім беру бағдарламасы -
Жобалау менеджменті және іскерлік әкімшілендіру
4 білім беру бағдарламасы
Докторантура бағдарламалары
-
Көлік инженериясы және логистика
5 білім беру бағдарламасы -
Геология және мұнай-газ ісі
12 білім беру бағдарламасы -
Тау-кен инженериясы және металлургиялық өнеркәсіп
15 білім беру бағдарламасы -
Энергетика және машина жасау
6 білім беру бағдарламасы -
Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар
11 білім беру бағдарламасы -
Сәулет және құрылыс
7 білім беру бағдарламасы -
Жобалау менеджменті және іскерлік әкімшілендіру
3 білім беру бағдарламасы
ТӨЛЕМ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР
Satbayev University-де оқу құны бір жылдық оқуға есептеліпген (бакалавриат бағдарламасы үшін 36 кредит). Оқу құны — 4000 АҚШ долларынан басталады.
Оқу құнын қабылдау комиссиясынан қосымша тексеріп алу керек, өйткені баға білім беру бағдарламасына байланысты өзгеруі мүмкін.
-
Болонь процесі орталығының шәкіртақылық бағдарламасы және ҚР ҒжЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетелдік студенттерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ студенттерге де білім грантын береді.
Бағдарлама студенттерді тегін оқумен және студенттің оқу үлгеріміне қарай ай сайынғы шәкіртақымен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама бойынша құжаттарды онлайн қабылдау 1 сәуірден 31 мамырға дейін жүзеге асырылады.
Шетелдік студенттер департаменті туралы
Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түскен барлық шетелдік студенттерде оқу визалары бар. Студенттердің көпшілігі кампус жанында орналасқан университет жатақханасымен қамтамасыз етілген.
Шетелдік студенттер департаменті оларға төлқұжатын тіркеуге, виза алуға және оқу орнына орналасуға көмектеседі. Сондықтан да кез келген мәселе бойынша департаментке хабарласыңыз, олар сізге міндетті түрде көмектеседі!
Басқа да сұрақтар
Шетелдік студенттер үшін Welcome Guide жүктеп алу
-
Қазақстанда оқуға визаны қалай алуға болады?
Студент өз төлқұжатының сканерленген көшірмесі мен шақырту хат формасын толтырып, Шетелдік студенттер бөліміне (a.kuatova@satbayev.university) жіберуі керек. Шақырту хат нөмірін жергілікті көші-қон полициясынан алу үшін шамамен 5 жұмыс күні кетеді. Қазақстанның Көші-қон полициясы бекіткен осы шақырту хат негізінде студент өзінің тұрғылықты жерінде Қазақстанда оқу визасына өтініш береді. Оқу визасы бір академиялық оқу жылына беріледі. Бірнеше мәртелік виза алу құны – 30 АЕК (айлық есептік көрсеткіш).
-
Төлқұжатты (паспортты) қайда және қалай тіркеу керек?
Шетелдік студенттер паспорттарын Алматы қаласының Көші-қон полициясында тіркеуі керек. Ол бір жылға тіркеледі және оқу мерзімі бойы жыл сайын ұзартылып отырады. Паспортты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсыну қажет:
• Төлқұжаттың түпнұсқасы
• Қазақстанға виза алған бетінің көшірмесі
• Университет тіркеушісінің растама хаты (оқу жылын және факультетті көрсету керек)
• Сақтандыру полисі. -
Шетелдік студенттерді тіркеу не үшін қажет?
Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтардың болуы туралы ережелер бойынша шетелдік студенттер Қазақстан шекарасын кесіп өткеннен кейін 3 күн ішінде төлқұжаттарын тіркеуге міндетті. Егер студенттер бұл талаптарды орындамаса, Көші-қон полициясы оларға айыппұл салып, елден шығарып жіберуге де құқылы.
-
Сақтандыру полисін қайдан алуға болады?
Сақтандыру полисін Қазақстандағы кез келген сақтандыру компаниясында (NOMAD, Interteach және т.б.) рәсімдеуге болады.
-
ИИН (жеке сәйкестендіру нөмірін) қалай және қайдан алуға болады?
ИИН-ді кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) алуға болады. Ол үшін өзіңіздің жеке төлқұжаттың нотариус арқылы куәландырылған көшірмесі қазақ немесе орыс тіліне аударылған нұсқада болуы керек.
-
СПИД тестті қай жерде тапсыруға болады?
СПИД тестті Басенов көшесі, 2 мекенжайы бойынша тапсырып, анықтама қағазын алуға болады. Өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болуы керек. Анықтаманың жарамдылық мерзімі — 3 ай.
SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕГІ СТУДЕНТТІК ӨМІР
Сәтбаев Университетіндегі студенттік өмір шетелдік студенттер үшін жаңа таныстарға, мәдени тәжірибелерге және өмір бойғы естеліктерге толы, қызығы мен шыжығы мол қуанышты жылдар болып қалары сөзсіз! Келіңіздер, университетіміздің студенттер қауымдастығына қосылыңыздар!












SATBAYEV UNIVERSITY – ТАМАША ТАҢДАУ


Satbayev University – Қазақстандағы ең бірінші техникалық ЖОО ғана емес, сонымен қатар ол – халықаралық көпұлтты қауымдастық.
Мұнда Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Украина, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Әзірбайжан, Ирак, Грузия, Пәкістан, Египет, Сирия және т.б. елдерден келген жүздеген шетелдік студенттер білім алуда.
Қазақстан және Алматы қаласы туралы
Қазақстан — Орталық Азияда орналасқан көпмәдениетті ел, ол кең алқапты аймақтарымен, әртүрлі ландшафттарымен және мәдени тұрғыда бай тарихымен танымал.
Алматы — Қазақстанның ең үлкен қаласы, оның мәдени, қаржы және экономикалық орталығы.
Көптеген студенттер оқу үшін дәл осы қаланы таңдайды, әрі олардың саны жыл сайын артып келеді. Қазірдің өзінде университетте 1500-ден астам шетелдік студенттер білім алуда, олар Қытай, Бангладеш, Молдова, Египет, Монғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Ауғанстан, Түркия және т.б. елдерден келген. Студенттер университеттің білім беру, мәдени, спорт және еріктілер қатарының әртүрлі іс-шараларына белсене қатысады, ал оқуды аяқтағаннан кейін өз елдерінде инновациялық үдерістердің көшбасшысы бола алады.
Satbayev University-нің артықшылығы:
- Әлемдік QS World University рейтингінде 405-орын алады
- Мұнай және газ инженериясы саласындағы үздік білім беру бағдарламаларының
пәндік рейтингінде тамаша академиялық беделінің арқасында 50–101-орын - Бейімделудің ең үздік бағдарламалары
- Шетелдік студенттер үшін жатақхана қарастырылған
- Оқуды жыл бойы бастауға болады
- Тәжірибесі мол, студенттік өмір өте қызықты
- Іле Алатауының етегінде орналасқан динамикалық қозғалыстағы өте қызықты қала
- Климаты жұмсақ және жанға жайлы
Университет бойынша 3D-саяхат жасау
АНЫҚТАМА ҮШІН БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ
Құжаттарды рәсімдеу үшін:
Айгүл Куатова
ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22,
Бас оқу корпусы (ГУК), 2 қабат, 212 каб.
Кіру Байтұрсынов көшесі жағынан.
(WhatsApp хабарламасы)
сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін
Жұмыс кестесі:
дс-жм: 9.00 – 18.00
сб: 9.00 – 13.00
жс – демалыс күні.



