Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект академиясы
Сәтбаев университетіндегі онлайн-оқыту – бұл Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект академиясы құрған жоғары технологиялық білім беру экожүйесі. Мұндағы заманауи технологиялар әлемнің кез келген нүктесінде отырып сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Академия – Қазақстанда жоғары білімді цифрландырушы көшбасшылардың бірі болып табылады және ол академиялық дәстүрлерді, халықаралық онлайн-платформаларды және жасанды интеллектті біріктіреді.
Оқу үдерісі тәулік бойы жұмыс істейтін Polytech Online меншікті цифрлық білім беру платформасында жүргізіледі және білім алудың толық циклін қамтамасыз етеді. Платформада 110 000-нан астам цифрлық білім беру ресурстары орналастырылған: дәрістер, тесттер, презентациялар, бейнематериалдар, анимациялар және интерактивті контент. Оқу орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізіледі. Курстарды әзірлеуге үздік оқытушылар, әдіскерлер мен осы саланың тәжірибелі мамандары қатысады.
Қазіргі таңда Сәтбаев университеті жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша 590-нан астам онлайн-курстарды ұсынады:
- Инженерия және технологиялар
- IT және цифрлық мамандықтар
- Бизнес, менеджмент және құқық
Polytech Online платформасына өту
2022 жылдан бастап Сәтбаев университеті Coursera халықаралық платформасына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысып келеді. Студенттер негізгі оқу бағдарламасымен қатар заманауи дағдыларды меңгеріп, әлемнің жетекші университеттерінің сертификаттарын ресми түрде алу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект академиясы – бизнес пен өнеркәсіптің KazMinerals, «Қазатомөнеркәсіп», ERG, «Қазцинк», КТЖ, Samruk Business Academy секілді басқа да компаниялар үшін арнайы оқыту бағдарламаларын әзірлейтін сенімді серіктесі. Егер де сіз тәжірибелі маман болсаңыз, әрі біліктілігіңізді арттырғыңыз келсе – сізді нақты кәсіби сұраныстарға негізделген 533 бағдарлама күтеді. Ал егер де өзіңізге қажетті курсты таба алмасаңыз – біз сіздің сұраныстарыңызға сай жеке бағдарлама әзірлей аламыз.
Байланыстар
SSO.Satbayev.univerisity сұрақтары
or-help@satbayev.111
Microsoft Teams (MS Teams) қатысты сұрақтар
dis-help@satbayev.111
PolytechOnline.KZ және Webinar.Satbayev.university жүйелеріне қатысты сұрақтар
ido-help@satbayev.111
Техникалық бөлім
+7-727-320-4051
ido-help@satbayev.111
Оқу бөлімі
+7-727-320-4051
Корпоративті клиенттермен жұмыс істеу бөлімі
+7-727-292-5487
corporate@satbayev.111



