Сәтбаев университетіндегі тең мүмкіндіктер
Инклюзивті білім беру
туралы
Университетте ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды әлеуметтік тұрғыдан біріктіре отырып қолдау көрсетілетін арнайы бағдарлама жұмыс істейді.
Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығы:
Қолжетімді
білім беру
ортасы
Бейімделген
білім беру
бағдарламалары
Қашықтықтан
тегін
оқыту
Инновациялық
жобалар мен
дөңгелек үстелдер
Барлық
мәселелерді шешу
және бейімделу
Қолжетімді білім беру ортасы




IPR BOOKS электрондық-кітапхана жүйесі көру қабілеті нашар жандарға арналған арнайы мобильді қосымшаны әзірлеп, пайдалануға ұсынады. Бұл қосымшаның көмегімен сіздер IPR BOOKS басылымдарымен және басқа да кітаптармен таныса аласыздар.
Қосымшада үлкейтілген интерфейс, үш түсті дизайн схемасы, дыбыстық басқару элементтері және пайдаланушымен дауыстық кері байланыс қарастырылған.
Қосымша Android және iOS операциялық жүйелері бар мобильді құрылғыларға қолжетімді.
Бұл – көру қабілеті нашар және зағип жандар үшін компьютер немесе ноутбукпен жұмыс істеу мүмкіндігін арттырып, цифрлық қолжетімділікті жақсарту мақсатында жасалған алғашқы қазақстандық скринридер. Қосымшада мәтіндерді кәсіби диктордың дауысымен жоғары сапада дыбыстау және үш тілге (қазақ, орыс, ағылшын) аудару мүмкіндігі бар. Қосымшаға қолжетімділік университеттің лицензиясы арқылы беріледі.
Ерекше қажеттіліктері бар студенттерге бейімделіп жасалған жатақхана
Жатақхана көру қабілеті нашар студенттерге арналып жабдықталған және арбадағы студенттердің қажеттіліктеріне қарай бейімделіп жасалған.





Университеттің үш корпусында пандустар мен лифтілер орнатылған.
Ыңғайлы санитарлық орындар мен асханалар қарастырылған.
Сурдоаудармашы қызметтері мен дыбыс күшейткіштер ұсынылады.
Интерфейсті дыбыстауға арналған Soile қосымшасы орнатылған.
Тактильді жолақтар мен мнемо-сұлбалар қолжетімді.
Медициналық көрсеткіштер негізінде қашықтықтан оқуға мүмкіндік бар.
Білім беру бағдарламаларының ең жақсысын таңдап алыңыз
-
Көру қабілеті нашар жандар үшін
-
Есту қабілеті нашар жандар үшін
-
Қарым-қатынасы нашар жандар үшін
Сәтбаев университетіндегі тең мүмкіндіктер мәдениеті





Қашықтықтан оқыту
Дәрістер мен оқу материалдарына онлайн түрде қол жеткізе алады, сондай-ақ жаппай оқыту курстарына қатыса алады;
Семинарлар мен консультацияларға цифрлық платформалар арқылы қатыса алады;
Емтихандарды қашықтық форматында тапсырып, академиялық қолдауға ие бола алады;
Coursera платформасында білім алып, ресми сертификат алып шығу мүмкіндігіне ие болады.
Сәтбаев университетіне оқуға түсіп, Polytechonline.kz платформасы арқылы жоғары сапалы білім алыңыз да, мемлекеттік үлгідегі дипломға ие болыңыз.
Инклюзивті білім беруді қолдау және сүйемелдеу орталығы:
Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22а
Бас оқу корпусы, 204 каб. (2 қабат)
Кіру Байтұрсынов көшесі жағынан.
сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін
Жұмыс кестесі:
дс-жм: 9.00 – 18.00
сб-жб – демалыс



