Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

Деңгейі

  Солға қарай айналдырыңыз

Білім беру бағдарламаларының тобы ҰБТ пәндері
В076 Стандарттау, сертификация және метрология (сала бойынша) Математика - Физика
Бағасы
1 004 700 теңге / 1 оқу жылына
Заңды тұлғаларға арналған
баға
1 276 800 теңге / 1 оқу жылына
Телефон
Білім беру бағдарламалары тобы
standartizatsiya-sertifikatsiya-i-metrologiya-po-otraslyam
  • Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?

    1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.

    2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).

    3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.

    Толығырақ

Стандарттау, сертификаттау және метрология саласына қажетті мамандарды даярлау бағдарламасы шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтардың тәжірибесі негізінде әзірленген. Қазақстанда өнім сапасына қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты мұндай мамандар қазір еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болып отыр.

Студенттер өндіріс технологиясының теориялық негіздерімен, аспаптар мен материалдарға техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалануды үйренумен қатар, өлшеу мәселелері мен олардың дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, стандарттау және сертификаттау процестерін, әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы өнім сапасын бағалауды зерттейді және өлшеу саласы бойынша практикалық дағдыларды және өнім сапасын қамтамасыз ету тәжірибесін меңгеріп шығады.

Студенттер практикалық дағдылар мен терең білімді Қазақстан стандарттау және метрология институты (KazStandard) мен Сәтбаев Университетінің ынтымақтастық қарым-қатынасы арқасында Сәтбаев Университеті базасында ашылған KazStandard академиясында («KazStandard Academy») алады. Студенттер заманауи метрологиялық зертханаларға, нормативтік-техникалық құжаттамаларға, анықтамалық базаға тікелей қол жеткізе алады және «ҚазСтандарт» мекемесінде тәжірибе мен тағылымдамадан өтеді.

Оқу барысында студенттер қосымша «Метрологиялық өлшем құралдарын тексеруші» біліктілігін алып шығады және Қазақстанның коммуналдық кәсіпорындарында жұмыс істеу үшін, сондай-ақ су және электр есептегіштері сияқты өлшеу құралдарын тексеруші, ол жабдықтарды сертификаттау құқығына лицензия ала алады.

Бағдарламаның артықшылығы:

  • РММ «ҚазСтандарт» зерттеу базасына және өзекті нормативті-техникалық құжаттарға қол жеткізуге рұқсат алады;
  • Стандарттарды (уақыт, температура, ұзындық, масса, электр қуаты және т.б.) сақтаушылардан тікелей үйрену мүмкіндігі;
  • Технологиялық инновацияларды енгізу, жобаларды басқару, үдерістерді модельдеу дағдыларын қамтитын жүйелі білім беру.

Бағдарлама түлектері стандарттау, метрология мамандары, сапа инженерлері, сарапшы-аудиторлар, өлшем бірлігін қамтамасыз етуді қадағалау жөніндегі инспекторлар болып жұмыс істейді. Бакалавриат дипломы түлектерге стандарттау, сертификаттау және метрология бағытында кез келген салада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Түлектер өнім шығаратын немесе қызмет көрсететін ұйымдар мен кәсіпорындарда: Техникалық реттеу және метрология комитетінде, Қазақстан стандарттау және метрология институтында, Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығында, Ұлттық аккредиттеу орталығында – олардың аймақтық филиалдарында; аккредиттелген орталықтар мен зертханалар, тамақ және өңдеу өнеркәсібі және т.б. жұмыс істей алады.