Елемесов Қасым Көптілеуұлы
Директор
1992–1997, В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ, кафедры «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар», Инженер-механик;
1997-2000 гг., Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының аспиранты;
2000-2008 гг., Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының доценті;
2008-2009 гг., ЖШС «Қазақ ядролық университеті» менеджер;
2009 -2015 ,, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының доценті;
2015 жылдан бастап «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі;
01.06.2020. - 31.05.2021 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ИМИПИ директоры;
01.06.2021. - 31.08.2021 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ИУП директоры;
09.01.2021. - қазіргі уақытқа дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ЭжМЖ институтының директоры.
Елемесов Қ.Қ. жиырма жылдық педагогикалық өтілі бар технологиялық машиналар мен жабдықтар саласындағы ғалым. 6 жылдан астам «Қазатопром» ҰАК» АҚ, «Қазақстан ядролық университеті» ЖШС менеджері, бас менеджері қызметтерін атқарды. Түркияда, Гебзе қаласындағы Жоғары технологиялар университетінде жұмыс тәжірибесі бар; әр жылдары Жапония, Финляндия, Қытай, Испания (Валенсия қаласындағы Валенсия политехникалық университеті), Германия (Мютце университеті), Голландия, Польша (Силезия политехникалық университеті), Өзбекстан, Әзербайжан, Қазақстан (Назарбаев Университеті) елдерінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамалардан өтті. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 10 оқу құралы, 25-тен астам инновациялық патент пен пайдалы модель бар, олардың үшеуі ЕАПҰ патенті болып табылады. Elsevier, Thomson Reuters, Scopus, WoS базаларына енгізілген жоғары импакт-факторлы 34 жарияланымы бар. Хирш индексі — 18. WoS — 7. Ұжымдық монографиялары бар. Мына салаларда ғылыми зерттеулер жүргізеді: 1) Уран, тау-кен металлургия және машина жасау өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары үшін BIG DATA технологиясын пайдалана отырып болжамды бақылау және жөндеу технологиясы. 2) Шағын габаритті машиналар мен жабдықтардың корпустық құрылымдарында металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары (күл және шлак) негізіндегі композициялық материалдарды әзірлеу және пайдалану бойынша зерттеулер жүргізу. 3) Темір жол шпалдарын құю технологиясында композициялық материалдарды (пластикалық, полимербетон және талшықты темірбетон) қолдануды әзірлеу және зерттеу. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті, талапшыл, принципшіл де тәжірибелі ұстаз, басшы ретінде көрсете білді. Көптеген оқу-әдістемелік жұмыстарды жүргізеді. Бакалавриаттың жаңа білім беру бағдарламалары, соның ішінде Жаңа мамандықтар атласы әзірленді. Кафедраның барлық пәндері бойынша ОМКД және силлабустарға емтихан жүргізді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесінің білім беру бағдарламаларының сараптамасы бойынша штаттан тыс сарапшысы. Ғылыми-педагогикалық жұмыстармен қатар кафедра мен институттың қоғамдық өміріне де белсене қатысады.
Мемлекеттік марапаттар мен көтермелеулер:
«Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың үздік өнертапқышы» конкурсының жеңімпазы,
2026 ж. «Құрметті машина жасаушы» төс белгісі — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, №0179 куәлік, машина жасау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін,
2026 ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2024» республикалық конкурсының жеңімпазы.
Қ.И. Сатпаев атындағы медаль (№0136 куәлік) — ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін,
2024 ж. «Инженерлік даңқ» үлкен алтын медалі — ҚР Ұлттық инженерлік академиясы, 29.10.2024 ж. №168 қаулы, ҚР инженерлік ісін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін. «Кенші даңқы» I, II, III дәрежелі төс белгісі — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. «Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың 85 жылдығы» мерейтойлық медалі, 2019 ж.
Академиялық мүшелік және құрметті атақтар:
ҚР Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының (ТҒҰА) корреспондент-мүшесі. Ақпараттандыру және ғылым халықаралық академиясының (АҒХА) академигі. «Тау-кен ғылымының үздігі» құрметті белгісі — ҚР ТҒҰА. ҚР Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының Құрмет грамотасы.
Алғыс хаттары:
ҚР Ағарту министрлігінің алғыс хаты — Жұмысшы мамандықтары жылы аясында «Жұмысшы мамандықтары қаласы» фестивалін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін; министр Ғани Бейсембаев қол қойған, 2025 ж. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты — Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдумды дайындауға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін, 2024 ж. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің (ҚР ТЖМ) алғыс хаты — МҚТЖ мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін; ТЖД бастығы, полковник Н. Атыгаевтан, 2024 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Республика күніне орай алғыс хаты, қазан 2022 ж. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Республика күніне орай Құрмет грамотасы, қазан 2022 ж. «Тау-кен ғылымының үздігі» құрметті белгісі — ҚР Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясы (ТҒҰА). ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрмет грамотасы, 2020 ж. ҚР БҒМ / Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хаты — жоғары кәсібилігі, принципшілдігі және құзыреттілігі үшін.
Ә. Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институты
Институт энергетика, машина жасау, аддитивті технологиялар, технологиялық машиналар мен жабдықтарды, тау-кен, мұнай-газ және металлургия өндірісі салаларындағы машиналарды пайдалану және жөндеу бағыттары бойынша мамандар даярлайды.
Институт 1977 жылы құрылған, ғылыми-педагогикалық қызметі жағынан жарты ғасырлық тәжірибесі бар және ол Қазақстанда инженер кадрларын даярлаудың ең басты қара шаңырағы болып саналады. Алғашқы деканы – еңбек ардагері, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры М. Қ. Құрманғалиев болды.
Сабақты университеттің жоғары білікті профессорлары, доценттер мен өндіріс орындарының мамандары жүргізеді. Студенттер машина жасаудың заманауи технологиялары туралы білім алады, АЖЖ бағдарламаларында конструктор және технолог ретінде жұмыс істей білу негізінде сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардың барлық түрлерін меңгеріп шығады, энергетика, технологиялық машиналар мен жабдықтар саласында, тау-кен, металлургия және мұнай-газ машиналарын пайдалану және жөндеу саласындағы инновациялық технологияларды игереді, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі мен қабілеттерін жетілдіре алады.
Институт мамандықтары ASIIN агенттігінде (Германия), білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (БСҚА) және «Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі» бойынша халықаралық аккредитациядан өткен.
Институт халықаралық қызметті де белсенді түрде жүргізеді, АҚШ, Еуропа, Ресей, Польша және т.б. шетел институттарымен тығыз байланыс жасайды.
Студенттер Lublin University of Technology, Alem International (Japan), Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінде (Ресей), «МИСиС» Ұлттық технологиялық зерттеу университетінде (Ресей), Berlin Technical University (Германия), South China University of Technology, China University of Science and Technology, Northwestern Polytechnical University (Қытай) шетелдік университеттерде ғылыми тағылымдамадан өте алады.
Институт түлектері «АлматыЭнергоСервис», С.М. Киров атындағы Алматы ауыр машина жасау зауыты, Алматы желдеткіш зауытында және басқа да әртүрлі өндірістік және ғылыми ұйымдарда жұмыс істейді.
Білім беру бағдарламалары
Оқытушылар
Байланыстар
Калмаганбетов Санжар Арманулы
Директордың орынбасары
НК 702
+7-727-292-6321
7358 (вн.)
s.kalmaganbetov@satbayev.111
Абілқайыр Жасталап Наурызғали
Директордың орынбасары
НК 704
7159 (вн.)
z.abilkaiyr@satbayev.111
Басқанбаева Динара Жұмабайқызы
Директордың орынбасары
НК 701
+7-727-320-4046
7046 (вн.)
d.baskanbaeva@satbayev.111
Елемесов Қасым Көптілеуұлы
Институт директоры
НК 701
+7-727-292-6437
7036 (вн.)
k.yelemessov@satbayev.111



