Электротехника және энергетика
баға
-
Мемлекеттік гранттар конкурсына қатысу үшін өтінішті қалай толтыру керек?
1. Өтініш бермей тұрып, Сәтбаев университетінің өзіңізге ұнаған білім беру бағдарламасының біреуін таңдап алыңыз; әрине, ол бағдарлама сіз ҰБТ кезінде тапсырған бейінді пәндерге сәйкес келуі керек.
2. Білім беру бағдарламалары тобынан өзіңіз таңдаған бағдарламаның код номерін жазып алыңыз (кестедегі «Білім беру бағдарламаларының тобы» деген бағанда).
3. Грант алу үшін толтырылған өтінішке осы топтың код номері мен Сәтбаев университетінің код номерін жазыңыз (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті): 029.
ҚР БжҒМ білім беру бағдарламалары тобы |
Кешенді тест элементтері |
|
M099 Энергетика және электротехника |
Электротехниканың теориялық негіздері |
Электр машиналары |
Электроэнергетика, техникалық және технологиялық жүйелерді басқару саласына қажетті мамандарды даярлайды.
Бағдарлама электр станцияларына, энергия бөлетін және оны қадағалап отыратын кәсіпорындарға, әртүрлі кернеулі токты бөлетін электр жүйелерін жасаумен шұғылданатын компанияларға қажетті электрик мамандарды даярлауға бағытталған.
Магистранттар халықаралық және отандық стандарттар бойынша білім алып, энергетика саласының техникалық даму перспективаларын, жұмыс үдерістерін, қолданатын электр құрылғылары мен электр жүйелерінің техникалық сипаттамаларын, сондай-ақ шетелдердің электроэнергетика саласындағы алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін біліп шығады.
Түлектер электроэнергетика, автоматтандыру, техникалық және технологиялық жүйелерді басқару саласына қатысты білім алып, сараптама жасау, бақылау жасау және басқару құралдарының қазіргі заманғы әдістерін қолдануды үйреніп шығады.
Бағдарламаның артықшылығы:
- Жеке-жеке оқыту бағдарламасы;
- Зертханалардың «Schnieder Electric» (Франция) және «Учебная техника» (Ресей) компанияларының қазіргі заманғы құрал-саймандармен жабықталуы, оларда оқу-тәжірибе жұмыстарымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізуге болады;
- Ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі;
- Шетелдік жетекші ғалымдар мен профессорларды дәріс оқу үшін шақырту мүмкіндігі.
Біздің түлектер электроэнергетикалық желілермен және жүйелермен, автоматты түрде басқару құрылғыларымен, шаруашылық нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерімен, әртүрлі электр көліктерінде, өндірістік кәсіпорындарда электр шаруашылығымен, зауыттың жоғары және төменгі вольтты қуаты бар электр жабдықтарымен, электротехникалық құрылғылармен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің электр жүйесімен жұмыс істей алады.
Магистранттар әлемнің жетекші университеттерінде кәсіби, ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтіп, семестр ішінде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде білім ала алады.
Сонымен қатар түлектер электр станциялары мен подстанцияларда және өндірістік кәсіпорындарда қызмет ете алады.