СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ Халықаралық
ынтымақтастық кеңсесі
Әлемнің 32 еліндегі компаниялармен, орталықтармен, шетелдік жоғары оқу орындарымен
ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде 224 келісімге, келісімшарт пен меморандумға қол қойылған.
Халықаралық ынтымақтастық – Сәтбаев Университеті қызметінің басым бағыттарының бірі. Оған ғылыми-зерттеу жобаларымен қатар, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы да жатады.
Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
Бұл Қазақстандағы немесе шетелдегі басқа университетте оқу, жұмыс істеу немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі. Бұл университеттердің бірлескен білім беру немесе зерттеу бағдарламасы шеңберінде де, немесе академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында да болуы мүмкін.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу арқылы сіз әлемнің ең жақсы университеттерінде оқуға, тәжірибеден өтуге немесе шетелге саяхаттауға мүмкіндік аласыз.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Оқу жылы ішінде, әдетте оқу жылының басында Халықаралық орталық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжаттарды қабылдау туралы бірнеше рет хабарлайды. Құжаттарды уақытында тапсыру үшін, жаңалықтарды қадағалап отыру керек.
Жаңалықтарды қарау
Сіз қашан және қай бағдарламаға құжат тапсыра алатыныңызды нақтылау үшін, Халықаралық ынтымақтастық орталығымен тікелей байланысуыңыз керек.
<Байланыс телефондарын қарауҮміткерлерге қойылатын талаптар
Студенттер
Сәтбаев Университетінің кем дегенде 2-курс студенті болуы керек;
қабылдаушы университет анықтаған орташа балл болуы керек;
қабылдаушы университетте сабақ қай тілде жүргізілетін болса, сол тілді меңгеруі қажет.
Оқытушылар
қабылдаушы университетте сабақ қай тілде жүргізілетін болса, сол тілді меңгеруі қажет.
Біздің университет қандай елдермен және қандай шетелдік университеттермен ынтымақтастық байланыс жасайды?
Ресей
Польша
Украина
Словакия
Венгрия
Қырғызстан
Тәжікстан
Қытай
Тайвань
Оңтүстік Корея
Малайзия
Индонезия
Өзбекстан
Израиль
Әзірбайжан
Түркия
Болгария
Америка Құрама Штаттары
Франция
Ұлыбритания
Португалия
Литва
Латвия
Эстония
Германия
Беларуссия
Италия
Испания
Румыния
АвстралияЖиі қойылатын сұрақтар:
-
Мен қай курста академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса аламын?
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына әдетте 2–3-курстың студенттері қатысады, өйткені 1-курста олар шетелге шығуды қажет етпейтін жалпы білім беретін пәндерді оқиды. Соңғы оқу жылында практикалық жұмыс және диплом жұмысына дайындық қажет, өз кезегінде бұлар ұтқырлық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бермейді.
-
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу үшін ағылшын тілін қай деңгейде білу керек?
Ағылшын тілін білуі жөнінде IELTS, TOEFL сертификаттарын растайтын ең төменгі деңгей – B2, сонымен қатар тілді білетіндігіңізді растайтын құжатты «Ағылшын тілі» кафедрасынан да алуға болады.
-
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу үшін GPA қандай деңгейі қажет?
GPA 3.5-тен жоғары болуы керек. Бағдарламаға қатысу үшін, сіз күндізгі оқу бөлімінің студенті болып, сабақ үлгерімінен «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаларды иеленіп, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша студенттерді іріктеу конкурсына қатысу үшін өтініш беруіңіз керек.
-
Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқу мерзімінің ұзақтығы қанша?
Оқу мерзімінің ұзақтығы кем дегенде 1 оқу семестрін құрайды.
-
Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі оқуды кім қаржыландырады?
• Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын бағдарлама.
• Томск политехникалық университетімен (РФ) және Huazhong University of Science and Technology (ҚХР) ынтымақтастық қарым-қатынас туралы жасалған екіжақты келісімшарт аясындағы бағдарлама.
• Евроодақ арқылы қаржыландырылатын Erasmus+ бағдарламасы.
• Түркияның Жоғары білім жөніндегі кеңесі жартылай қаржыландыратын MEVLANA бағдарламасы.
Құжаттарды жинау гранттардың болуына байланысты жүзеге асырылады. Сайт жаңалықтарын қадағалап отыру керек.
Байланыс телефондары:
Нәлгожина Нұргүл Жомартқызы
+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
n.nalgozhina@satbayev.university
Ергешқызы Гульназ
+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
g.yergeshkyzy@satbayev.university
Көрпебаев Дарын Дулатұлы
+7 727 292 90 19 (ішкі: 73-12)
d.korpebayev@satbayev.university
Сәтбаев көшесі, 22а (МК), 3-қабат, 302/312-кабинеттер.
international_office@satbayev.university
satbayev_global
Жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, сағ. 9:00–18:00, түскі үзіліс: 13:00–14:00 «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша кеңес беру уақыты: дүйсенбі–жұма, 10.00–12.00; 14.00–15.00




Грузия
Индия
Жапония