Ақпарат:

Жүзеге асырылған ғылыми жобалар

Сәтбаев Университеті зерттеу университеті ретінде инновациялық ғылыми зерттеулер бойынша қазақстандық техникалық көшбасшы университет атағын лайықты түрде ұстап келеді, әрі Орталық Азия аймағындағы хаб ретінде де өз миссиясын рет-ретімен жүзеге асыруда. Ал оның  берген білімі нақты технологиялар түрінде халықтың күнделікті өміріне белсенді түрде енгізілуде.

Университет «Қарапайым заттар туралы ғылым», ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелер, химиялық технологиялар, наножүйелер мен материалдар өнеркәсібі, энергетика және энергияны үнемдеу, табиғат ресурстарын үнемді пайдалану, мұнай мен пайдалы қазбаларды өндіру секілді перспективалық және әлеуметтік маңызы зор бағыттар бойынша зерттеулер жүргізеді.

Университет командасы ғылыми-техникалық зерттеулерді идеялардан бастап, жүзеге асыруға дейін сүйемелдей отырып дамытады, сөйтіп отандық технологияларды коммерцияландыру үшін серіктестік тетіктерін белсенді түрде құрады, сондай-ақ ғылымды қажет ететін жоғары технологиялық өндірістердің өзекті мәселелерін шешуге арналған іргелі және практикалық идеяларды құра отырып, өнеркәсіппен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда университет заман талабына жауап беріп қана қоймай, өзінің болашағын да жүйелі түрде құруда. Ол форсайт әдістемесін белсенді түрде қолдана отырып, алдағы талай жылдар бойы Қазақстандағы инновациялық қайта құрулардың ортасында болуға ұмтылады.

Университеттегі бағыттар бойынша жобалар

Университеттің ғылыми жобалары туралы білгіңіз келса, бағыттың атауына басыңыз.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту