
"Информатика саласындағы
аспиранттар мен жас зерттеушілердің
біліктілігін арттыру орталығы"
(ACeSYRI)
610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP
Erasmus+ жобасы

Ғылымның болашағы жас зерттеушілерге Еуразиялық Одақ университеттерінің оқытушылары және профессорларымен қарым-қатынас жасауға, халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру, сонымен қатар білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу, білім алушылардың оқу үрдісін жақсарту. Негізгі мақсаттарға қол жеткізу аясында ACeSYRI Satbayev University үйлестіру тобы жас зерттеушілерді ACeSYRI жобасына, жасанды интеллект, машиналық оқыту және терең нейрондық желілер мәселелеріне арналған семинар, мастер-класстар мен конференцияларға қатысуға шақырады. SU үйлестіру тобы жобаны шетелден келген серіктестермен бірге тығыз байланыста жүзеге асырады. Болашақ семинарлар мен конференциялардың кестесі және өткізілген іс-шаралар туралы есептер осы бетте орналастырылады.
Жоба туралы
Бұл жоба шеңберінде докторанттар, жас зерттеушілер мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу орталығы және ACeSYRI порталы құрылады, ол қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, шетелден келген ғылыми әріптестермен ынтымақтасуға, жоба нәтижесі және ақпаратымен алмасуға мүмкіндік береді. Еуропалық одақтың серіктес елдерінің университеттері мен компанияларының студенттері және жас зерттеушілері үшін ACeSYRI порталын пайдалану ақысыз, әрі қолжетімді болады.
ACeSYRI енгізу - бұл Қазақстандағы жоғары білім беру сапасын арттыру. Жас зерттеушілердің ғылыми зерттеулерінің жағдайларын жақсарту, сондай-ақ оларды зерттеудің өзекті мәселелеріне тарту информатика саласындағы жоғары білім деңгейін арттырады деп күтілуде.

Қазақстаннан жобаға қатысушылар
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы (Астана, Қазақстан);
• Назарбаев Университеті (Астана, Қазақстан);
• Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы, Қазақстан);
• Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы, Қазақстан);
• Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал, Қазақстан);
• Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда, Қазақстан);
• М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл, Қазақстан)
• Сүлеймен Демирел атындағы Университет (Қаскелең, Қазақстан)
• «Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар одағы (Алматы, Қазақстан)
ЕО жобасына қатысушылар
• Жилин университеті (Словакия)
• Лодза университеті (Польша, Лодзь)
• Лотарингия университеті (Франция, Нэнси)
Жобаның жұмыс тобы мүшелері

ҚР Білім және ғылым министрлігі Сәтбаев Университеті Ақпараттық және есептеу техникасы институтының Программалық инженерия кафедрасының профессоры, ғылыми жетекші қызметкері; Бірқатар ғылыми жобалардың жетекшісі. Ғылыми қызығушылықтары- Машиналық оқыту, табиғи тілдерді өңдеу, шешімдерді қолдау жүйелері, ғылымометрия және жоғары білімнің әдістемелік мәселелері кіреді. Satbaev University жалпы жобаны үйлестіруді жүзеге асырады.



Тілтанушы-аудармашы, шығыстану саласының магистрі. Қазіргі таңда Сәтбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас маманы болып еңбек етеді. Ағылшын тілі пәні бойынша біліктілігі мен тәжірибесі мол.


Сәтбаев университеті Қаржы департаментінің бөлім бастығы. ACeSYRI (Erasmus) жобасының қаржы сұрақтары жөніндегі координаторы
– Қазақстандағы жас ғалымдардың ғылыми зерттеулері үшін жағдайды жақсарту;
– Қазақстандық және еуропалық университеттердің жас зерттеушілері мен оқытушылар құрамы арасындағы халықаралық ынтымақтастық үшін инновациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
– Докторанттарға Қазақстаннан тыс жерлердегі ғылыми зерттеулеріне байланысты салаларда кеңесшілерді іздеу және оларды халықаралық жобаларға тарту үшін электрондық платформа ұсыну.
– Қазақстан мен ЕО университеттері үшін ұзақ мерзімді ынтымақтастық платформасын құру;
– онлайн-порталды әзірлеу;
– Жас зерттеушілердің ғылыми тәжірибе алмасуы үшін конференциялар, семинарлар, кездесулер өткізу.
– Зерттеу нәтижелерін жариялау арқылы жас зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігінің өсуі ( CERES журналы, т.б.);
– Жоба аясында ұйымдастырылатын семинар мен конференцияларда әртүрлі елдердің зерттеушілері арасында және Қазақстан ішінде тәжірибе алмасу белсенділігі артуда;
– ЕО зерттеушілері мен Қазақстанның жас ғалымдары арасындағы байланыс үшін ACeSYRI порталы әзірленуде.
acesyri.eu
acesyri.fri.uniza.sk
Жоба 3 жылға есептеліп, оны 4 еуропалық және 9 қазақстандық университеттер өткізеді.