2 маусым 2023 3725

ACESYRI жазғы мектебі басталды

ACESYRI жазғы мектебі басталды

Satbayev University сіздерді ACESYRI жобасының бөлігі болып табылатын ACESYRI жазғы мектебіне қатысуға шақырады. Іс-шара 2023 жылдың 3 маусымынан 10 маусымына дейін Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да онлайн және офлайн форматта өтеді.

ACESYRI жобасы қазақстандық және еуропалық университеттердің студенттері, зерттеушілері және оқытушылары арасында халықаралық ынтымақтастық үшін инновациялық инфрақұрылым құруға бағытталған. Негізгі мақсат – докторанттардың білімін жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға жақындату.

Жазғы мектеп аясында біз келесі бағдарламаны ұсынамыз:

  • ACESYRI жас зерттеушілер мектебі: докторанттар, магистранттар және студенттердің баяндамалары.
  • ACESYRI шеберлік сыныптары: мұғалімдер мен әзірлеушілерден шеберлік сабақтары.
  • ACESYRI Ғылым мектебі: ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың баяндамалары, сонымен қатар тақырыптық дәрістер.
  • IT&M 2023 Қазақстандық бөлімі: конференцияға қатысушылардың баяндамалары.
  • AI&ML Summer Workshop: жасанды интеллект және машиналық оқыту бойынша онлайн семинарлар.

Қатысушыларға доклад оқуына байланысты, тыңдаушы ретінде және біліктілікті арттыру курстарына қатысқаны үшін сертификаттары беріледі. ACESYRI жобасына қатысушылардың үйлестіру кездесуі 3 маусымда сағат 11.00 316 МК.

Тіркеу

Орыс

Ағылшын

Тэги: ACeSYRI
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту