14 сәуір 2023 2610

ACeSYRI жобасының қатысушылары Словакиядағы жұмыс кездесуінде тәжірибе алмасты

ACeSYRI жобасының қатысушылары Словакиядағы жұмыс кездесуінде тәжірибе алмасты

2023 жылдың 4 мен 6 сәуір аралығында Жилин қаласындағы Жилин университетінде (Словакия) Erasmus + бағдарламасының ACeSYRI жобасына қатысушылардың жұмыс кездесуі өтті. Жоба қатысушыларына Менеджмент және информатика факультетінің деканы Эмиль Кршак, сондай-ақ жоба үйлестірушілері Елена Зайцева мен Виталий Левашенко құттықтау сөз сөйледі. Satbayev University өкілдері кездесуге қатысып, шетелдік серіктестермен өз тәжірибелерімен және нәтижелерімен бөлісті.

ACeSYRI жобасы аясындағы жұмыс, жұмыс пакеттеріне бөлінеді, сондықтан ЖОО-лар өз пакеттері бойынша есеп берді. Satbayev University командасы WP4 "ЕО елдерімен серіктестік деңгейін арттыру жоспары" пакеті бойынша есеп ұсынды. Кездесуде университет жұмысының нәтижелерін Satbayev University тарапынан ACeSYRI үйлестірушісі Баянғали Абдығалым ұсынды.

Жобаға белсенді қатысқан университет оқытушысы Адилхан Сымагулов жоба аясында өткізілген және жоспарланған іс-шаралардың тұсаукесерімен сөз сөйледі. Олардың бірі 2023 жылдың маусым айында университетте өтетін ACeSYRI Summer school болады. Мектеп жұмысына Еуропалық және қазақстандық университеттердің барлық серіктестері қатысады.

ЖОО өкілдері ACeSYRI жобасының порталымен жұмыс істеуге оқытуға қатысып, порталды дамыту және университеттердің әріптестігін тереңдету бойынша өз ұсыныстарын енгізді.

ACeSYRI жобасы (Advanced Center for PhD Students and Young Researchers in Informatics) — информатика саласындағы жас ғалымдардың біліктілігін арттыруға және еуропалық және қазақстандық университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Erasmus+ бағдарламасының жобасы. Жоба шеңберінде тәжірибе алмасу, оқыту және ғылыми зерттеулер бойынша іс-шаралар, сондай-ақ жобаға қатысушылар арасында ынтымақтастық пен ақпарат алмасудың тұрақты тетіктерін құру жүргізіледі. Жобаны Жилин университеті үйлестіреді.

Тэги: ACeSYRI
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту