Satbayev University қызметкерлері ACeSYRI жобасының семинарына қатысты
20-22 маусым аралығында Erasmus+ "Advanced Center for PhD students and Young Researchers in Informatics" бағдарламасының ACeSYRI жобасында жұмыс жасайтын Satbayev University қызметкерлері Словакия, Жилин қаласындағы Жилин университетіндегі ACeSYRI Workshop under the International Conference on Information and Digital Technologies шеберлік сыныбына қатысты.
Конференция, конференция төрағасы профессор Марко Сепин, сондай-ақ жоба үйлестірушілері Елена Зайцева мен Виталий Левашенконың құттықтау сөзімен ашылды.
Конференцияда профессор Айгерим Еримбетова "Компьютерлік лингвистикадағы мәтіннің мағынасын ұсыну және семантикалық талдау модельдері мен әдістері" атты баяндамасымен сөз сөйледі.
Баянғали Абдығалым "Нақты егіншілік мәселелерін шешу кезінде объектілерді тану" атты баяндама жасады.
Конференция соңында жоба серіктестері алдағы қадамдарын, порталды дамытуды, университеттер арасындағы серіктестікті тереңдетуді және жоба туралы ақпаратты таратуды талқылады.